Вторник, 20.11.2018, 02:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Еске алу
Бір жыл яки одан да артық уақыт өткен соң қайтыс болған адамға арнап «сауын айтып», ас беріледі. Астың көлемі қайтыс болған адамның әл-ауқат күйі мен жұрт ішіндегі беделіне қарай болады. Асқа шақырылған жұрт жиналып, ас басталғанда тұлданған ат ас берген үйдің алдына әкелінеді. Ас берілген адамның әйелі мен балалары жоқтау айтып, атқа қоштасады. Бұл ат асқа сойылады, осы атқа қосылып, басқа да мал сойылады. Азалы ту жығылып, сабы сындырылады. Асқа жиналған жұрт күтіледі. Ас аяқтаған күні әйелінің жамылған қарасы мен ақ бүркейі алынады. Қаралы үйдің жүгіне жайылған сеп (қайтыс болған адамның киім-кешегі) жиналады, сонымен ас аяқталады.
Ұлы дүбірлі үлкен астарда асты аяқтайтын күні ат бәйгесі және палуан күресі өткізіледі. Бәйге шапқан ат келіп, жүлдесін алған соң, ас тарқайды. Ас тарқаған соң асқа сойылған тұлданған аттың басы, төрт тұяғы және терісі иесінің моласына апарылып қойылады. Міне, бұл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Еске алу | Просмотров: 1229 | Добавил: kemel | Дата: 13.12.2009

Шақшақ Қошқарұлы Жәнібекке Керейт Соқыр абыздың берген батасы
Пейілің жарық болсын,
Сонда жаныңнан кетпес туысың.
Билікті тура бер, жақыныңа бұрма,
Сонда кетпес ағайының.
Пайда түссе, бөліп бер,
Сонда кетпес жолдастарың.

Жәнібектің әкесі Қошқар осы тұста абызға шапан жауыпты. Сонда батасын жалғастырғаны:
Сонан соң алған жарың жақсы болсын,
Жаманат пен өсектен аман болсын.
Сүйген жардан перзент туып,
Ұл мен қыз, алты-жеті балаң болсын.
Балаңның бәрі бірдей момын болмай,
Біреуі мал ұстайтын адам болсын.
Қысты күні соғымды семіз сойып,
Сары қымыз сапырулы сабаң болсын.
Төрт бақыт, жеті байлық жолдас деген,
Барлығы осының саған болсын,-
деп кідіргенде Қошқар абыздың алдына ішік қойып, ат мінгізіпті.

Жинап ұсынушы Шүкірұлы.
Категория: Еске алу | Просмотров: 723 | Добавил: Чайник | Дата: 13.11.2009

Сайранханның еске алуын оқып, өз әкемнің о дүниеге аттанар сәтін ойыма алып, ұзақ қамыққаным есіме оралды. Ауылда жұмыс болмай, осы Өскеменге келіп, іздеген жұмысымды жаңа тауып арпалысып жүргенімде, енді орналасам ба дегенде  үйден суық хабар жетті. Науқастанып жүрген әкемнің халі нашарлап кетіпті. Келсем, ағаш үйіміздің іші сұп-суық, әкем әрең жатыр, кірпігі әрең қимылдап жатыр. Бауырларымнан үйдің іші неге суық, неге от жақпағансыңдар десем, әкем рұқсат етпепті: мен қалада жүргенде отын бітіп қалса, үйдегілер қиналады деген ғой.
О дүниеге аттанар сәттің өзінде кейінгілердің қамын ойлап жатқан әкелеріңіз туралы, менің әкем жайында не айтар едіңіздер, сіздер?

Шәкіртбай, Глубокое кенті.


Категория: Еске алу | Просмотров: 638 | Добавил: kemel | Дата: 13.09.2009

Көпшілікке пайдалы бола ма деп анам Фарзана айтып кеткен бір өсиетін назарға ұсынбақпын.
Көп балалы отбасы, әкем аурушаң шақта анам қатты науқасқа ұшырап, қайтыс болатынын білді ме, бір ақылын айтып кетті: «Дағдарыс, дағдарыс деп уайымдай берудің қажеті жоқ. Үйдің жанынан ертеңгі-кеш қолдарың боста үлкен асхана салып алыңдар. Еңбек ақыларың аздау болса, қосымша табыс көзі»,-деді. Ұзақ созып не керек, қазір сол асхана сол ақ жүрек анамның кең пейілі арқасында керегімізге жарап отыр. Ауылдағылар арзан бағасына қызығып, осында той-домалағын, туған күндерін өткізіп, қонақтарын қабылдап жатады. Ризалықпен бергендерін аламыз. Ата-анамыз сұрамшақтатпай  өсірді ғой. Жүрегім сыздап анамды аңсағанда көзіме жас іркіледі.

Сайранхан, Зайсан ауданының тумасымын, үйдегі балалардың ең үлкені-мен.
Категория: Еске алу | Просмотров: 2790 | Добавил: kemel | Дата: 03.09.2009

Неке қию, мәйітті жерлеу, құран-қатым рәсімдері азаматтарымыздың көпшілігіне таныс. Бұлай дейтініміз, тереңдеп білмейтіні көбіне-көп туған-туыстары қайтыс болып, оларды жерлеп барып, қайғылары біртіндеп тарқай бастаған уақыттар да ғана түсінетіндер баршылық екенін жасырмай-ақ қояйық. Сондықтан қысқаша қайырар болсақ, еске алу жәйіттері баршаға мәлім дер едік. Адамның бойында бір жылы сезім болса, ол-өткенді еске алу... Бұл жайында да «Мұхамади» мешіттінің табалдырығын аттап, сұрақтарыңызға жауаптар алсаңыздар, ұғымдарыңыз молая түсетініне сенімдімін.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Категория: Еске алу | Просмотров: 939 | Добавил: kemel | Дата: 13.08.2009

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz