Воскресенье, 20.04.2014, 16:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Муфтият.Kz
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Этикет
« 1 2 3 4 5 »
Кез келген ауа райында тереземді ашып ұйықтайтын болдым. Бөлмеме таза ауа райы кіріп тұрса, ұйқым қанып, бойым сергіп қалады. Таңертең ашқарынға 1 шай қасық кептірілген жусанды 50 г қайнап тұрған суға салып, ішіп аламын. Жусан ащы болғанымен, пайдалы өсімдік дейді ата-бабамыз. Осы жусанды үзбей ішіп жүрудің арқасында тәбетім жақсарып, ішек және асқазан жұмысы қалпына келді.
Шай ішкен кезде құмшекердің орнына шайға бал қосып ішемін. Күніне міндетті түрде кемінде бір алма немесе бір сәбіз жеуді үйреншікті мәзіріме айналдырдым.
Кәрілікпен байланысты әлсіздікке қарсы күресте менің ең басты құралым- ол таңертеңгілік денешынықтыру жаттығуы. Жаттығуымды жасап алғаннан кейін, келесі күнге дейін денем ширақ болып жүреді.
Күн сайын түске дейін, түс кезінде және түстен кейін жарты сағат мұздан ерітілген су ішемін. Оны дайынд... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 62 | Добавил: модератор | Дата: 03.04.2013

(«Емші», №18, 2011ж)
Көмек сұрап «Емші» үнқағазына хат жолдадым. Маған ұсынылған көптеген рецепттерді қарап шығып, «Маранон» деп аталатын капсулаларға тоқталдым. Бұл капсулаларды 6 ай бойына қабылдап шықтым. Бір ай қабылдағаннан кейін 10 күндік үзіліс жасап отырдым. Нәтижесінде әбден қалжыратқан кәріліктің әлсіздігінен құтылдым.
Бойыма күш-қуаттың қайта жиналуына себепші болған және бір нәрсе-ол күнделікті суық сумен жуыну. Суық суды төбемнен құйып жіберуді мен әдетке айналдырғам. Қазір бұл әдетімді тастаймын деген ой мүлдем жоқ. Суық су құйып жуыну-ешнәрсемен салыстыруға келмейтін ерекше бір пайдалы сауықтырғыш процедура. Сонымен қатар таза ауада серуендеу де менің сүйікті істерімнің біріне айналды. Түске дейін бір сағат, түстен кейін бір сағат таза ауа жұтып, жаяу қыдырып келемін. Жаяу жүру арқылы мен өзімнің әлсіреп, семіп қалған мүшелерімді жұмыс істеткіземін.

Категория: Этикет | Просмотров: 58 | Добавил: модератор | Дата: 02.04.2013

-Әрбір істің себебі бар, ал кедейленудің себебі-ысырапкершілік, дүниемен ғана шектелмейді.
-Өз өмірін дүние үшін өлімге қиятындар сияқты сараң да болма. Мал, дүние қанша құнды болса да, жаныңнан артық емес. Сонымен еңбек етіп жинаған малыңды орнымен жұмса.
-Дүниеңді сараңдардың қолына тапсырма. Шарапқор, маскүнемдер мен құмарпаздарға сенбегін. Жұрттың бәрін ұры деп ойламасаң, мал, дүниең ұрыдан аман болады.
-Дүние жинауда қателікке жол берме. Әрбір адам өз ісінде қателікке жол қойса, ол бақыттан құр алақан қалып, ойлаған мақсатына жете алмайды. Дүниенің рақаты-еңбек ете білуде. Бүгінгі рақатың-кешегі еңбегіңнің жемісі.
-Әрбір табыс қолыңа түссе, оны бес бөліп, екі бөлігін үй қаражатына жұмса. Бір бөлігін қартайып, мүгедек болатын уақытыңа ықтияттап сақтап қойғын. Бұл іске ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 82 | Добавил: модератор | Дата: 22.03.2013

(«Керек кеңестер»,№09, 2011ж)
Ғасырлар өтсе де құндылығын жоғалтпаған Қайқауыс патшаның қанатты сөздері кім-кімді де ойға қалдырары сөзсіз. Оның мал, дүние жинау туралы мына кеңестері де ой түюге көмектесері анық.
-Өзіңді дүние-мал жинаудан жырақ ұстама. Әр уақытта да адал мал жинау үшін әрекет істе. Мал, дүние деп өз басыңды қауіп-қатерге салмағын. Мал тапсаң, оны жақсы сақтай біл. Әрбір арзымайтын іс үшін қаржыны шаша берме, өйткені жинаудан оны сақтау қиын. Егер керек кезде зәру іске жұмсасаң, оның орнын тез толтырып қой.
-Егер дүниең көп болса, оны қадірлеп, есеппен бір қалыпта іске жарат. Қадіріне жетіп, есеппен жұмсалған аз дүние көп дүниеден жақсы. Егер дүниең аз болса, оны ұқыптылықпен сақтауды қажет деп біл.
-Дүние, мал жинауда оралымсыздық жасама, өй... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 163 | Добавил: модератор | Дата: 21.03.2013

Батылдыққа тәрбиелеу
Кішкентай балалар жиі төбелесіп қалады. Егер ол өзін өзі қорғау мақсатында болса, аса жекірмеген абзал. Егер бұзықтық болса, ескерту жасау, төбелестің түбі неге соқтыратын мысалдар айтып, түсіндірген маңызды.
Қамқорлық
Анасы баланың әкесі туралы ылғи жақсы сөздер айтып тұруы тиіс. Ер азамат үшін өте жағымды бейнені өз әкесінен көріп өсу, қамқорлық жасауға ұмтылдырады.
Қайырымдылық пен  мәрттік
Ұл бала мәжбүрлеуге көндікпейді. Оның жағымды қылықтарын, жасаған жақсылығын міндетті түрде айтып, қолдау танытып тұру керек.
Ашық-жарқындық
Баланың ойын ашық білдіріп, сезімтал әңгімелер айтып, кейбір дүниелер... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 79 | Добавил: модератор | Дата: 10.03.2013

Біз көбіне қыз баланың тәрбиесі жөнінде жиі айтамыз да, ұл баланың тәрбиесіне аса мән бермейміз. Бәлкім, сондықтан болар, бүгінгі таңда ұландарымыздың көбі қыз мінезді, жасық болып бара жатқандай көрінеді. Тәрбиеленген ұлыңыз болашақта күшті де батыл, епті де епсекті азамат болсын десеңіз десеңіз, қазірден бастап солай ержетуіне жағдай жасаңыз.
-Отбасыңызда өсіп келе жатқан азаматтың тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөліңіз.
-Оны неге үйрету керек, нені білуі керек екенін жоспарлаңыз.
-Оған «бала» ретінде қарауға болмайды.
-Ұл мен қыздың арасындағы психикалық, қылықтық айырмашылықтар балалық шақтан басталады. Сондықтан ұлға қыздың тәрбиесімен бірдей тәрбие беруге болмайды. Қаталдау қараудың да зияны жоқ.
-Әкенің көңілінен шығатын іс... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 206 | Добавил: модератор | Дата: 09.03.2013

Отбасында бақытты болуды армандамайтын адам жоқ. Алайда бақытты болу үшін де біраз еңбектенуге, кейбір мінез-құлықтарды өзгертуге тура келеді. Неке және отбасы зерттеуші психологтар ерті-зайыптыларға мынадай кеңес береді:
-Психологтардың айтуы бойынша, бақытты болудың ең алғашқы шарты-ерлі-зайыптылардың бір-біріне тәнті бола қарауы екен. Екінші жартыңызды құрметтесеңіз және оның әрбір қылығына тәнті екеніңізді білдірсеңіз, қартайғанша ұрыс-жанжал сіздерден аулақ жүретіні сөзсіз.
-Ашудан жарылардай болып тұрсаңыз да өмірлік серігіңізге күлімсіреп қарауды үйреніңіз. Оған жылы сөйлеп, бір сәт бауырыңызға басып, құшақтаңыз. Жұмыстан шаршап келсеңіз де, осылай жасауға тырысыңыз. Сонда сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз күннен-күнге арта түспек.
-Кейде анда-санда сөзбен қағысып тұру еркекке де, әйелге де артық... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 152 | Добавил: модератор | Дата: 27.02.2013

Әдеп әліппесі бойынша «уақ-түйекке» іренжи берген дұрыс емес көрінеді. Ол үшін, мәселен, түкке уақытым жетпейді деп қиналғанша сол уақытыңыздың қайда кететінін білген де жөн секілді. Назар салыңыз.
Адамның бүкіл өмірінің үштен бірі ұйқымен өтеді, орта есеппен жетпіс бес жасайтын кісі үш жылдан артық уақыттың кілең тамақтануға кетіреді деген секілді мәліметтерді есептеп шығаруға әуестер бар. Олардың есебінше, адам зейнетке шыққанға дейін қырық жыл жұмыс істейтін болса, мұндағы «таза жұмыс істейтін» уақыты 8 жыл болып шығады екен.
Болгарияның «Дума» газеті жариялаған бір мақалада ілгерідегідей есепшілердің одан әрі бажайлау барысында ашқан «жаңалықтары» туралы жазылған. Мысалы, адам 75 жыл өмірінің тура төрт тәулігін бәтіңкесінің бауын байлап, шешуге кетіретін көрінеді. Тіс тазалау секілді қарекетке үш-төрт ай, жуынуға бір жылдай уақыт жұмсалады. Европалық... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 127 | Добавил: модератор | Дата: 18.02.2013

1. Ұзақ өмір жасау үшін көңілді жүріңіз.
2. Аяқ киіміңіз жайлы болсын, ол тар болса тамырға зақым келеді.
3. Үнемі үйіңізде тамақтаныңыз. Көшедегі тез дайындалатын тағам асқазаныңызды бұзады.
4. Көк шайды көбірек ішіңіз.
5. Музыка аспабының бірінде ойнауды үйреніңіз.
6. Әр аптада бір күнді шет тілін үйрену мен өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгеретін кітап оқуға арнаңыз.
7. Күніне 10 минутты дара тұлғаңызды танытатын іске бағыттаңыз.
8. Түнгі аспанға көз тіге жүріңіз.
9. Жақсы ата-ана болып көріңіз.
10. Некеге немқұрайлы қарамаңыз.
11... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 100 | Добавил: модератор | Дата: 08.02.2013

Негізі музыканың адамның денсаулығы үшін керек кезі көп. Оның сиқырлы күшін білген жан музыка тыңдау арқылы дәрісіз-ақ аурудан айыға алады.  «Әсіресе Бетховеннің жанға жайлы тиетін «№7 Сонатасын» тыңдаудың пайдасы зор» дейді психологтар. Музыка алдымен адамның жүрек соғысын реттейді екен. Сол арқылы тарқатып, көңілді жайландырады. Сонда дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оңды әсер ететіні анықталған.
Жалпы, музыканың адам үшін пайдасы орасан зор. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді. Сонымен бірге сәбидің есту және есте сақтау қабілеті жақсы дамиды екен. Мұндай балалар мейірімді, адам болатыны да дәлелденген.
Дегенмен музыканы, жоғарыда айтқанымыздай, тым көп тыңдамаған жөн. Психотерапевт-дәрігер Айгүл Мақсұтқызы музыканы үздіксіз тыңдау, оның даусын қатты шығаруд... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 139 | Добавил: модератор | Дата: 29.01.2013

Күніне 3-5 км жүремін. 2 ретинфаркт алғандықтан қатаң тәртіпті ұстаймын. Шамам жететін жұмысты анықтап алған соң, ақырындап еңбектенуге кірісемін. 30-40 минут еңбектенген соң, 20 минут демаламын. Күнделікті денеме салмақ түсірмей, белгілі тәртіппен еңбектену-әдетім. Жұмыс ақырын жүрген сайын көңіл күйің де көтеріңкі, шаршамайсың. Саяжайдың ауасы қандай таза?! Қаладағыдай шаң-тозаң жоқ. Егер еңбекті, демалысты, тамақтануды дұрыс ұйымдастыра білсең, бұл саяжайдағы демалыс болып есептеледі. Барлығы дұрыс болу үшін «Тоқта» деген өсиет сөзді ұстану керек.
Т-7-8 сағаттық ұйқы дұрыс болу керек. Біреулер көп ұйықтағанды ұнатады. Ал мен 6 сағат ұйықтап, күндіз 2-ден 4-ке дейін ұйықтаймын.
О-шамаң жететін іспен демала отырып шұғылдан. 40 минут-жұмыс, 20 минут-демалыс.
Қ-демалыс серуен немесе ойын түрінд... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 98 | Добавил: модератор | Дата: 17.01.2013

Көпшілік адамдар саяжайды толассыз еңбек ететін мекен деп санайды. Осыдан-ақ олардың саяжайға демалуға емес, тек жұмыс істеуге баратынын білуге болады. Мен керісінше саяжайда жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыра білсе, демалыс орны (санаторий) деп білемін. Мен-бірталай жасым ұлғайған адаммын. Қатардағы офицермін. Мен саяжайдағы жұмысымды қатаң тәртіпте ұстаймын. Ұзақ жыл әскери адам болғандықтан, белгілі күн тәртібін ұстауға көндіккен  адаммын. Сағат таңғы 5.00-де тұрамын, 22.30-да жатамын. Күн тәртібім белгілі бөлінген сағат реттілігімен өтеді.
Таңертең тұрысымен жаттығу жасап, жуынып, бақша суарамын. Сонан кейін жарты сағат таза ауадан серуендеймін. Сағат 8.00-де суық су құйынып, асқын су тотығын ішемін. 8.30-да таңғы асымды ішемін. Асқын  су тотығын тамақ алдында жарты сағат күніне 3 уақыт ішемін. 10 күннен кейін үзіліс жасап, 10 тамшыдан 3 уақыт ішу керек. Бұл менің ұстанған жүйем. Асқ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 106 | Добавил: модератор | Дата: 14.01.2013

Кімде кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны құдай ұрды.
***
Қайғы келсе қарсы тұр құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде.
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.
***
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе жарқын-ау,
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар ау.

***
Қайғы-дертің мейлі мың,
Сау... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 86 | Добавил: модератор | Дата: 04.01.2013

Аквариумдегі балықтар да жүйкені тыныштандырады. Қан қысымы жоғары, жүйкесі жұқарған, қаназдық, эпилепсия, жоғары тыныс және қолқа жолдары ауыратындарға, демікпесі барларға міндетті түрде аквариумдегі балықтардың тіршілігін жарты сағаттай бақылаған пайдалы. Аквариумды ауырып жатқан адамның жанына қойсаңыз, сырқаттың көңілі тынышталады әрі оның ішіндегі су буға айналып, ауаны ылғандандырады. Бұл, әсіресе, көп пәтерлі тұрғын үйдегілер үшін аса қажет. Аквариумның тағы бір пайдасы-оны балалар бөлмесіне қойсаңыз, түнгі шамды жағып әуре болмайсыз. Өйткені ол қараңғыда сәуле беріп тұрады. Балалар алтын балыққа армандарын айтып, ішкі сырларымен бөліседі. Тағы ескертетін жайт, жапондықтар аквариумда қанша балық болса, ол әр кез сонша болып тұруы керек деп есептейді. Егер біреуі өліп қалса, оны дереу алып тастап, басқа балықпен ауыстыру керек.
Категория: Этикет | Просмотров: 107 | Добавил: модератор | Дата: 25.12.2012

Керек іс бозбалаға-талаптылық.

Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды-
Әдеті надан адамның.

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,
Өзіңді-өзің күзет, кел шырағым!

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық-надандық-білім... ғылымның жоқтығы... білімсіздік-хайуандық... еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны; талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны, адам баласы дұшпан болса, адамнан бөлінеді. Бұл жыртқыш хайуан есебіне қосылады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 121 | Добавил: модератор | Дата: 14.12.2012

Форма входа
На русском языке
Новости Агенства
Категории раздела
Өмір өрнектері [180]
Әзілдер [129]
Қайырымдылық [55]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [1]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [96]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [110]
Этикет [74]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [138]
Тәлім өлең [103]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [75]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [58]
Білгіміз келеді [72]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
YKnewskz
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Менің қызметім жайында © 2014Создать бесплатный сайт с uCoz