Среда, 23.04.2014, 12:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Муфтият.Kz
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Пайдалы кеңестер
« 1 2 3 4 »
Сода тісті ағартады деген аңыз өте кең тараған. Шын мәнісінде сода қатты ұнтақты зат болып табылады. Ал онымен тісті жуғанда ол тістің эмалін құртып, тіске үлкен зақым келтіреді. Тісті арнайы тіс пастасымен жуған жөн, ал егер ағартқыңыз келсе дәрігерге барған абзал.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 122 | Добавил: модератор | Дата: 13.03.2013

Қара қарақаттың (черная смородина) тұмау үшін де шарапаты көп. Дайындау үшін: бір стақан қайнаған суға (жылы) бір қасық қарақат, бір қасық қант салып, күніне төрт реттен ішу керек. Қыста қарақаттың бұтасынан жасалған тұнба пайдалырақ. Ол үшін ұсақтап тураған қарақат бұтасын төрт стақан суда бес минут бұрқылдатып, онан соң баяу жанған отта төрт сағат шымырлатып қайнатады. Түнге қарай аздап қант қосқан тұнбадан екі стақанын қабылдайды. Емді тұмаудан айыққанша екі-үш рет қайталау шарт.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 99 | Добавил: модератор | Дата: 01.03.2013

Бір ас қасық сәбіз ұрығын су қосылған таза спиртке салып қойыңыз. Оны бір жеті бойы жылы жерде сақтаңыз. Күн суықта жиі мазалайтын бронхит кезінде осы қоймалжыңды күніне үш рет аш қарынға жеу керек.
***
Қойдың қарын сыртындағы жұқа шарып майын күйдіріп, таңертеңгілік және кешке 20-30 грамм мөлшерінде ішсе өкпе сырқатына ем.
***
Көкжөтел мазаласа тіл астына ұнтақталған қара бұрышты қасықтың ұшымен салып қойыңыз.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 92 | Добавил: модератор | Дата: 10.02.2013

Асқазанында жара бар адамдар күнде таңертең бір қасық сары май мен бал және екі шикі жұмыртқа жұтып тұрғаны өте пайдалы. Бұл тәсіл асқазан жарасының тез жазылуына көмектеседі.
Несеп шығару жолдары суықтап, ауыратын болса, бақбақ гүлінің жапырақтарына 1 стақан қайнаған су құйып, 5-10 минут тұндырып қойыңыз. Сәл салқындағанда ұрттап-ұрттап ішкен пайдалы.

Өті ауыратын адам бүлдіргеннің жемісін жеу керек.

Мұрыннан қан аққанда, қан түкіргенде, қан құсқанда, сорғалап аққан қанды тыю үшін, агромания (түймешік кәрі қыз) дәрі шөбін қайнатып, он-он бес грамнан ішеді.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 99 | Добавил: модератор | Дата: 01.02.2013

Бауырда, балық майында, жұмыртқаның сары уызында көп кездесетін А дәрумені тәнде жетіспейтін болса, адамның көру қабілетіне әсерін тигізеді.
***
Күннен, ақ қардан көз қарықпау үшін киетін көзілдіріктер пайдалы болғанымен оларды үнемі киіп жүрудің қажеті шамалы. Себебі одан көздің көруі нашарлайды.
***
Қаракөлеңкеде, көлікте келе жатып кітап немесе газет-журнал оқу. Сондай-ақ үйде кітапты жатып алып оқу зиян. Оқылатын мәтін мен көз ара қашықтығының 30-35 сантиметрден артық не кем болуы көз қабығының тіндеріне, көз қарашығына күш түсіреді.
***
Е және С дәрумендері мен бета-каротин ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 147 | Добавил: модератор | Дата: 18.01.2013

-Қыстыгүні жуылған кірді үйде кептіретініміз рас. Ол да өз кезегінде үйдің қабырғаларының көгеруіне, зәктенуге соқтырады. Негізі, бөлме температурасының бір қалыпты болғаны дұрыс.
-Үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қабырға сылағына негізінен цемент пен әкті көбірек қолданған дұрыс. Мұндай құрам булануға, суға өте төзімді келеді, қабырғаның көгеруіне жол бермейді.
-Егер бөлме қабырғалары зәктеніп, көгеріп кеткен болса, оны тез арада тазалап тастау керек. Ол үшін қабырғаның бүлінген тұсын толықтай қырып, содан кейін кір жуатын ұнтақ қосылған сумен жуған дұрыс.
-Сондай-ақ көгерген жерді ас содасы мен сірке суының көмегімен тазартуға да болады. Ол үшін зәктенген жерге сода сеуіп, үстіне сірке суын бүркейді. Бұл қоспа көпіршіп, түтіндеген кезде зәктенген жерді темір щеткамен ысқылап, содан кейін тазалап жу... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 163 | Добавил: модератор | Дата: 08.01.2013

Қыста кейбір үйлердің қабырғалары көгеріп кететіні бар. Ондайда үйден зәктің иісі шығып, ол адамға жайсыз әсер етеді. Үй қабырғалары көгеріп кетпес үшін төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.
-Ең алдымен бөлмеде ылғалдың көбейіп кетпейуіне жағдай жасаңыз. Ол үшін есік-терезелерді ашып, бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз.
-Содан кейін жиһаздарды дұрыс орналастыра білу керек. Егер жиһаз қабырғаға тым жақын орналасқан болса, оның артындағы ауа айналымы нашарлайды. Содан кейін ол жер буланып, су тамшыларына айналады. Ал мұндай жердің тез зәктенетіні белгілі.
-Бөлмеде гүл өсірген жақсы. Бірақ оларды тым көбейтіп жібермеңіз. Өйткені бөлме гүлдері де «тыныс алады», яғни ылғал бөледі. Үйде әсіресе қураған гүлдің тұруына жол бермеңіз. Ондай гүлдер өзінен зиянды микробтар бөледі. Ал ол өз кезегінде бөлменің зәктенуіне себеп... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 128 | Добавил: модератор | Дата: 06.01.2013

Баспа (ангина) қысып ауыра бастағанда лимон шырынының бір бөлігіне екі бөлік қайнаған жылы су құйып, сағат сайын тамақты шайып отыру қажет. Сон соң қабығынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру керек. Оны 15-20 минуттан соң жей салыңыз. Осы емдік шараларды жиі-жиі жасап отырсаңыз, бадамша безі (миндалина) асқынбай, тез жазылады.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 85 | Добавил: модератор | Дата: 26.12.2012

Кейбір шаш бояуларының құрамында балаларға қатерлі заттар бар. Сондықтан бояуларды ашық күйінде балалардың қолы жететін жерге сақтауға болмайды.

Оқымыстылар темекі құрамында өкпені обырға шалдықтыратын компоненттің барын анықтады. Ол темекі күлінде болады екен.


Қалта телефонын кардиостимулятор тігілген адамдарға ұстауға болмайды. Себебі телефон оның жұмысын жылдамдатып, баяулатып немесе мүлде тоқтатып қоюы мүмкін.


Темекі түтіні адамды зағиптыққа соқтыруы мүмкін. Мұндай қорытындыға егде адамдардың зағиптығын тексерумен  айналысатын оқымыстылар келіп отыр.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 84 | Добавил: модератор | Дата: 16.12.2012

Иел  университетінің қан тамыры ауруларының маманы, хирург Сампайо «Көк шай адам клеткасындағы залалды заттарды жояды» деген тұжырымға келген.

Британияның бірқатар зерттеулері көк шай ішетін жастар мен жасөспірімдердің тіс ауруы азайғанын анықтаған.  

АҚШ-тың биологиялық университетінің ғалымы Джефрей Блумберг «көк шай жүрек-қан тамыры жүйелері мен қатерлі ісік талшықтарына жақсы әсері бар» депті.

Көк шайды  салқын күндері жиірек ішу ағзаға тұз, артық май жиналудан сақтайды екен.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 132 | Добавил: модератор | Дата: 05.12.2012

Көк шай қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады.
***
Көк шайдың артрит, яғни буынның шор болып қатып қалуы сияқты ауруларға қарсы емдік әсері бар.

**
АҚШ-тағы арнайы зерттеу көк шайдың көздің көру қабілетін сақтап, Альцгеймер, Паркинсон дерттеріне қарсы әсерлі ем болатынын растаған.
***
Кейбір зерттеулер көк шайдың сүйектің сыну қаупін азайтып, остеопатияның алдын алатынын көрсетті.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 128 | Добавил: модератор | Дата: 23.11.2012

-Балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді.
-Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп.
-Балықты қолдану арқылы бауыр ауруларының алдын алуға болады.
-Балық белогында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да мол.
-Балықпен балаларды азықтандырудың да маңызы зор.
-Балық пен сүтті араластырып тағам дайындауға да болады.
-Балық пен сүт белоктары қосылған кезде адам ағзасына қажетті ең құнарлы заттар түзеледі.
-Балық пен көптеген теңіз жәндіктері семіздікке бейім адамдар үшін пайдалы.
-Олардың калориясы аз, бірақ құрамындағы белок деңгейі сиыр еті мен сүзбесіндегімен бірдей, ал жұмыртқадағыдан... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 1359 | Добавил: модератор | Дата: 13.11.2012

Тері жасушаларын бұзатын бос радикалдарға соққы беретін, ажар-көріктің айбынды қорғаны С дәруменіне ең бай дақыл-осы жаңғақ. Мұның дәнін аптасына ең кемі 3 рет жеп тұрсаңыз, теріңізден нәр де, әр де кетпейді, құрғау, құрысу-тырысу дегенді білмейді, өңіңіз жазы-қысы нәрестенің бетіндей үлбірейді де тұрады.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 280 | Добавил: модератор | Дата: 19.10.2012

Пияз ауру тудыратын микробтарды жақсы жояды. Ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтетін фитонцидтер пиязға ең алдымен емдік күш береді.
Пияз фитонцидтерін баспа, тұмау, маңқа ауруларымен ауырғанда иіскейді. Ол сондай-ақ зиянды микроорганизмдердің көбеюіне кедергі болады. Езілген пияздың шырынын жараны жазатын дәру, сонымен қатар терінің қышып, қабынуына қарсы ем ретінде пайдаланады.
Асқар Омарбек
Торғай қаласы
(«Керек кеңестер №17 2012ж»)

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 267 | Добавил: модератор | Дата: 01.10.2012

Бұл үшін көзге үнемі көңіл бөліп жүрген пайдалы көрінеді.
Көздің ағы қызарып кетсе, әлденеден уланудан бауырдың зақымданғанын білдіреді.
Көздің ағы көгілдір тартса, ағзада кальцийдің жетпейтінін білдіреді. Мұндайда тырнақ сынып, шаш түсе бастайды.
Көздің ағы сарғыш тартса, өт жұмысының кінәратын білдіреді.
Егер көз ағында қызыл жолақтар байқалса, онда ол қан қысымының жоғарылығының белгісі.
Көз қарашығының үстіңгі ағы қызарса, онда асқазанда қабыну белгісі болу мүмкін.
Кейде көздің жиектерінде ақшыл көбік жиналып қалады. Ол ағзадағы зат алмасудың бұзылғанынан хабар беретін белгі.
Көз асты томпайып ісініп, қоңырқай тартса, онда бүйрегіңізді тексеруден ө... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 281 | Добавил: модератор | Дата: 24.08.2012

Форма входа
На русском языке
Новости Агенства
Категории раздела
Өмір өрнектері [180]
Әзілдер [129]
Қайырымдылық [55]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [1]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [96]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [110]
Этикет [74]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [138]
Тәлім өлең [103]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [75]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [58]
Білгіміз келеді [72]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
YKnewskz
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Менің қызметім жайында © 2014Создать бесплатный сайт с uCoz