Понедельник, 27.03.2017, 23:19
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Март » 24 » 20 жаста білуіміз керек қағидалар
20 жаста білуіміз керек қағидалар
08:42
Америкалық жазушы Жульен Смит жастарға арнап ақыл-кеңес қалдырған. 20 жасыңда сәтті адам болуға алғашқы қадамыңды жасай алуың үшін сен мынадай 20 дүниені білуің керек.
1. Әлем сені ақымақ еткісі келеді. Мәселен, банктік жүйені білмейтін адам кредитті өте көп мөлшердегі үстемесімен алып, соңынан сан соғады. Білімсіз адамнан ақша табу оңай. Бақытты, бай және тәуелсіз болғың келсе, мүмкіндігінше білімді болуға тырыс.
2. Білім беру институттарына біржақты сене берме. Олар оқу жоспарын дайындап, оның қате жасалғаны анықталғанша, көп уақыт өтеді де шығады. Біреудің соңынан жүріп оқығанша, көш бастау арқылы білім алу жөн.
3. Мүмкіндігінше көп оқы. Еске сақтау қабілетіңді жақсартып алып, тез оқуға тырыс. Мен білемін, сен бір аптада кем дегенде бір кітапты оқып бітіре аласың.
4. Әркезде де барлық адаммен байланыста бол. Байланыс жасаудың шебері бол. Адамдардан жақсы қасиет табуды әдетке айналдыр. Оны сол жақсы қасиетімен таны.
5. Мәдениетті боламын деп уақытты сарқыма. Мәдениеттілік-әр мәселені тек эмоциямен шешетін жол. Қарапайым әрі нақты әрекет ет.
6. Егер әлдекіммен байланыста сені әлдене жаман қырымен таңғалдырып, мазалайтын болса, араны үз. Бұл уақытыңды бос өткізу.
7. Үлкендермен көбірек аралас. Шешім қабылдауды үлкеннен үйрену дұрыс. Қатарласыңнан үйренудің еш нәтижесіз екенін біл.
8. Өзіңнен мықты адамды ізде. Онымен көп уақытыңды бірге өткіз. Ол мықтымен деңгейлес болуға, тіпті озуға да талпын.
9. Мәселені кешіктірмей бітір. Егер мәселе шешімін таппай, ұзаққа созылса қорқыныш үдей береді. Маған сен...
10. Шығынды барынша азайт. Басты арманың мен мақсатыңа мүмкіндік бер.
11.Қуанышыңды тәжірибемен алмастыр. Үйіңе жаңа жиһаз сатып алғанша, Парижге барып келгенің жақсы.
12. Жағдайың нашар болса, ең бірінші материалдық жағын шешу керек. Сенде 5 жылға арналған жеке жоспар болу керек. Бұған біртіндеп келуге тырыс.
13. Жобалауды үйрен. Бұл елестету қабілетің мен логикаңды дамытады.
14. Жастайыңнан салмақ арттырма. Мүмкіндікті жіберіп алмау керек.
15. Тамақ жасауды үйрен. Бұл өміріңді оңай етеді. Тамақ жасауды жұмыс деп емес, көңілге жағымды іс деп ұғу керек. Әрине, бұл арқылы ақшаңды оңға-солға шашпайсың.
16. Ұйқының қадірі қашпасын. Ұйқы мен тұрақты тамақ семіздіктен құтқарады. «Мен мынаны жасай салайын» немесе «О жақта ұйықтап үлгеремін» десең айтайын-«Ұйқың тыныш болмаса сен ештемеге де жарамайсың!».
17. Блокнотың болсын. Миыңа сенбе. «Мынаны істеуім керек пе еді...» деген оймен емес, қағазда жазылған нақты тапсырманы жаса.
18. Алдыңа үлкен мақсат қоя біл де, оны орындауға мүмкіндік ізде. Болар нәрсе болар, бірақ болар нәрсенің болатынын алдын ала білсең, өзіңе жақсы.
19. Әйтеуір бір саланың шебері бол. Айналсоқтап жүре бермей, бір іске 5 жылыңды арна. Одан кейін мамандықты ауыстырғың келсе-ерік өзіңде. Бірақ ауысқан салаңа сенімді бол.
20. Адамды түзеймін деп әуре болма. Оданша «бүлінбеген» адамдарды іздеп тап.
Дайындаған Ардақ Құлтай.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 477 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [206]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [90]
Поиск
Календарь
«  Март 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz