Четверг, 20.09.2018, 12:27
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
« 1 2 3 4 ... 56 57 »

(«Ауырмаңыз», №01. 2014ж )
Осыдан үш жыл бұрын әлемдегі ең бір белең алған ауру - жүрек-қан тамырлары дерті болатын. Бүгінде оның орнын қатерлі ісік пен семіздік алмастырған. Семіздіктен арылудың сан түрлі жолдары қарастырылып жатқанмен, салмағы артушылар қатары азаятын емес.  Ал дәріханаларда аздыратын дәрінің түр-түрі бар.
Дегенмен мұндай препаттардың бәрі бірдей пайдалы емес. Мысалы, өткен жылдың соңында Ұлыбританияда семіздіктен арыламын деп ұзақ уақыт бойы динитрофенол дәрісін ішкен төрт адам көз жұмған. Бағасы қымбат бұл дәрі тәбетті тежеп, ішті өткізеді, сонымен қатар майды ыдыратып, артық килокалорийді «жағады» делінген. Бірақ оны ішкен адамда әлсіздік пен бас айналу,  жүрек айну сынды жағымсыз жайлар кездеседі екен. Сөйтсек динитрофенол адамның өмірлік қуатының тез сарқылуына себепкер болып шықты. Осыған көз жеткен соң Ұлыбритания үкіметі аталған дәріні айналымнан мүлдем ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 404 | Добавил: модератор | Дата: 05.05.2016

Қол мен саусақтардағы қан айналымын жақсарту жаттығуы:
Қолдарыңызды алға созыңыз, көкіректі алға созып ұстаңыз, саусақтарыңызды бос ұстаған күйде сілкіңіз. Осылайша  15 рет жасаңыз. Сосын қолыңызды қатты  жұдырықтап, босатып жібересіз. Қолды жазған кезде саусақтарды кеңірек жайыңыз.
Жел диірмені.
А. Қолдарыңызды алға, жоғары, артқа айналдырасыз. Бірте-бірте жылдамдата түсесіз. Бірінші күндері 10 рет, одан соң бірте бірте 50-ге жеткізіңіз.
Б. Қолдарыңызды керісінше айналдырасыз..
Құрылысшы. Қолдарыңызды иық деңгейінде екі жаққа созыңыз. Оң қолыңызбен сол иықты ұрып, сол иығыңызбен оң иықты ұрасыз. Әр ұрған кезде көкірегіңізді алға қарай шығарып, бастапқы қалыпқа келесіз. Жылдам жасау қажет. Алғашқы күндері жаттығуды 10 рет жасап, кейін 50 ге дейін өсіресіз.

 

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 916 | Добавил: модератор | Дата: 12.04.2016

Қонысбай Әбіл,
 Қазақстанның халық ақыны

Ауылым, сені қимаушы ем,
Анамдай жақын көрініп.
Алыстан қолды бұлғаушы ең,
Түтінің көкке өріліп.

Болсаң да қанша төзімді,
Бар еді қандай жазығың.
Сағынған кезде өзіңді,
Ат байлар алтын қазығым.

Ұшақпен бірге аспандап,
Пойыздарменен қоса ақтым.
Көшерде көзден жас парлап,
Өшіргем отын ошақтың.

Сыйлайық атақонысты,
Бүл күнде жағдай өзгерді.
Ауыл алдында борышты
Өтейтін енді кез келді.

-Қызмет етем халқыма,
Риза болғай,-деп,-ата-анам.
Алдыңа келді партия,
«Ауыл& ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 245 | Добавил: модератор | Дата: 23.03.2016

Әйелді бастан...
Өмірден түйгені мол ақжаулықты анадан ауыл жастары:
-Апа, сіздің өміріңізге тамсана қараймыз! Осыншама жылдар бойы шалыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасы құра алдыңыз! Осының құпиясы неде екен?-деп сұрады.
-Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Аталарыңа жас кезімде тұрмысқа шыққанмын. О кездері автокөлік деген атымен жоқ, қызды құтты орнына атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Аталарың екеумізді екі атқа мінгізіп, ел болып шығарып салды. Аталарың жол бастап келеді, мен артына түсіп жүре бердім. Бір кезде атым сүрінді. Күйеуім артына бұрылып, атыма қарап: «Бір» деді. Тағы біраз жүргенен кейін атым тағы сүрінді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап: «Екі»  деді. Бейшара жануардың қайта сүрінгенін қарашы, күйеуім «Үш» деді де, мылтығын оқтап, атымды атып тастады. Оның бұл ісіне зығырданып қайнап, ба ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 360 | Добавил: модератор | Дата: 12.03.2016

Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу керек. Тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, ал тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады.
Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеген дұрыс.
Піскен етті пышақпен турамау керек.
Шақырмастан бұрын дастарханға отыруға болмайды.
«Тамақтан алыңыз!» деген сөзді үштен көп айтуға  болмайды. Ол қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
Тамақта қорқынышты және жиіркенішті нәрселер, өлім, жаһаннам туралы айтпау керек.
Стақан, кесенің сынық жерінен және сабы жағымен су ішуге болмайды. Сондай ақ суды іші көрінбейтін шәйнек, құмыра, құман секілді ыдыстарынан ішпеу керек.
Тоймастан бұрын дастарханнан тұру, қарын ашпастан және дастарханнан тыс жерлерде тамақ жеу дұрыс емес. Су немесе шай ішкенде бір бөлігін немесе тамақ жеген кезде түбінде қалдыру мұсылманның үлкен қателігі.
Тамақты алдымен үлкендер бастауы керек.
Тамақт ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 320 | Добавил: модератор | Дата: 10.03.2016

Жеменей

Жеменейдің бардым тағы басына,
Тізе бүктім толқын сүйген тасына.
Ақындардың өлеңіндей сылдырап,
Ерке ағыс екпіндейді асыға.
Жағалауда әсерленіп көп тұрдым,
Маңдайымды самалына өптірдім,
Тал-теректер баяғыдай шулайды,
Қайда кеткен, думан қуған дос-құрбым?

Жеменейдің шарлап сая аңғарын,
Балалықтың қызығына қанғамын.
Бозбала боп үміт боп отын тұтатып,
Жігіт болып жалын атып, маздадым.

Ән айтқанмын жартастарды жаңғартып,
Жыр толғағам шабытыма жал бітіп.
Жүрегіндей толғанатын толқындар,
Сезімімдей мөлдірейтін таңғы шық.
Қиялымды қозғайтұғын ағысың,
О, Жеменей, жастығымның бағысың.
Жыл құсының ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 387 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2016

Сұрақ:  Осы күнделікті ішетін суымызға хлорды неге қосады. Күнделікті күйбіңмен жүріп, ойланып қараса, нақтырақ білмейтін сияқтымын...
Әшім. Өскемен қаласы.

Жауап: Мамандар да, былайғы жұрт та ішетін суға немкетті қарауға болмайтынын ескертеді. Ауызсудың сапасына мән беріп отырған дұрыс Негізінен ортақ су көзін пайдаланғанда ішетін суға хлор, фтор қосылып, бактериалдық сәуле түсіріледі. Суда хлорлы әктің, сұйық хлор мен кремнефторлы натрий қосындысының мөлшерден асып кетпеуі және мөлшерге жетпей қалмауы тиіс. Бұл екі жағдай да адам денсаулығына қауіпті. Аталған қоспалар жетіспесе, тұрғындар арасына судан пайда болатын түрлі асқазан-ішек ауруының қоздырғыштары таралуы мүмкін. Ал фторлы препарат мөлшерден тыс көп болса, адам уланып қалуы мүмкін. Сондықтан халықты таза сумен қамтамасыз етудің с ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 290 | Добавил: модератор | Дата: 05.03.2016

Күйдіретін қалақай (жгучая крапива) тұнбасы: күйдіретін жас қалақайды дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынасында жақсылап араластырады. Қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын болған тұнбаға бинтті батырып алып, күйген жерге қояды.
Қалақайдың гүлдерінен жасалған тұнба: 30 г қалақайдың гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Соңынан сүзгіштен өткізіп алу керек. Дайын болған тұнбаны терінің сыртынан компресс түрінде қолданады.

Шіки картоптан жасалған компресс: тазартылған шикі картопты ұсақ көзді үккіштен өткізіп алу керек. Оны таза матаға орап, науқастың күйген жеріне қояды. Компресс жыли бастағанда, оны ыстығымен ауыстырып отыру керек.
Шикі жұмыртқа: терінің немесе ауырған аймақтарына шикі жұмыртқа жағу тиімді әсер етеді. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сарыуызы да пайдаланылады. ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 331 | Добавил: модератор | Дата: 17.02.2016

әні мен сөзі Болат Сыбановтікі
Уа, ағайын, мен де өлермін кезінде,
Соншалықты аза тұтып егілме.
Өзім кетсем әнім қалар соңымда.
Қадірімді содан білер тегінде.
Жауыма да қас болмап ем өмірде,
Әншілікпен атым шықты еліме.
Адам көзі топыраққа тоюшы еді,
Болды арманым бұл тірліктен менің де.
Демім бітіп, қайран денем қуарар,
Соңғы сапар мені де үйден шығарар.
Дос күрсініп мені де  жауым тынып ішінен,
Өлігіме көртышқандар қуанар.
Ақыретімді орамаңдаршы араққа.
Бәсекелік керек емес өлікке,
Маскүнемдер  шомылсын-ақ шарапқа.
Той думанның қызығына болдым мас,
Бірақ арақ, темекіге жаным қас.
Өлікке арнап арақ беріп біреулер,
Мода үшін әдетке енген кәрі, жас.
Ата-бабаң туып па еді арақтан,
Не қылған күш сені араққа қаратқан.
«Ақылгөйім, оқымыстым сабазым»,
Азып кетпе, адамшылық ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 212 | Добавил: модератор | Дата: 16.02.2016

Пияз бауыр мен өт жолдарына ем. Үстіне шекер сеуіп, буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің қуаты артады.
Аскөк ұрығы сүт мөлшерін көбейтеді. Бала емізіп жүрген әйелдің сүті азайса, аскөктің ұрығын қайнаған суға салса, суыңқыраған соң шекер салып ішсе, сүт көбейеді.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 164 | Добавил: модератор | Дата: 09.02.2016

Кәдуілгі қиярымыздың көп сырлары күнделікті өмірімізде мән бермейтін тәріздіміз.
Мамандар пікіріне зер салыңыз.
Ерте кездерден бастап халық емшілері табиғи зәр айдайтын дәрмек ретінде өз науқастарына қияр шырынын берген. Сарыауру мен бауырдың өзге дерттеріне ескі қияр дәнінің қайнатпасын емге де колданған.
Өкпенің құрт кеселінде өзін жақсы сезінуде және жөтелден арылуда қиярды көбірек жеуге кеңес берілген.
Қияр калориясы төмен диеталық азық. Онда сілтілі су көп болғандықтан, асқазандағы жоғарғы қышқылды сөлді бейтараптандырады, ақуыз бен майдың сіңімділігін жақсартады. Бұл әсіресе, артық салмақты жандар үшін маңызды. Екінші жағынан алғанда, минералды тұз бен калий, натрий жүрек бұлшық етіне, қан жолдарына, бүйрекке шипалы. Осы орайда, қан қысымы жоғары және буын ревматизмі дертімен ауыратын науқастар ас мәзіріне көкөністі көбірек қосқаны абзал.

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 343 | Добавил: модератор | Дата: 08.02.2016

(Жапондықтардың пайдалы кеңестері)
Ұялы телефонды сол құлағыңмен тыңда.
Кофені тәулігіне бір рет қана ішеді.
Дәріні суық сумен ішпейді.
Кешкі сағат 17-00 кейін тамақ ішпеңіз.
Майлы тамақты азайтыңыз.
Таңертең суды көбірек ішіңіз, ал кешке азырақ.
Тоққа қосылған телефонның жанында отырмаңыз.  
Ұйқының  қанатын уақыты кешкі сағат 22-00-ден 06-00 аралығында.
Егер дәрі ішсеңіз, бірден көлденең жатып қалмаңыз.
Тоққа қосылған телефонның заряды бір ғана бөлікке жетсе, оны қолданбаңыз. Себебі бұл кезде, ол радиацияны 1000 есе артық бөледі.

 

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 264 | Добавил: модератор | Дата: 02.02.2016

Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы

Қайран Баян, қайран Жібек, Еңлігім,
Зар заманда ала алмаған теңдігін.
Дәлелдеп-ақ кеттіңдер ғой, арулар,
Дүниенің бірі қалыс, кемдігін!

Қозы-Қөрпеш, Ер Кебек пен Төлеген,
Жүректерің тап-таза еді не деген?!
Дар алдында тайсалдырмай демеген.
Махаббаттың күші екен ғой жебеген.

Кері айналып доңғалағы заманның,
Дегендері болып жатыр адамның.
Бай да оралды, керуенді көшімен,
Таз кепешін киіп басқа наданның!

Керуенде байлығы бар әлемнің,
Тө ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 255 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

Егер сіз бір жанға телефон соғуға уәде берсеңіз, онда орындаңыз.
Жұмыстан немесе кездесуден кешіксеңіз, сізді күтіп отырған адамға міндетті түрде бір хабарын айтыңыз.
Армандай біліңіз және сол арманның аясында тіршілік етсеңіз, арманыңыз міндетті түрде орындалатын болады.
Өзге бір жанның арманына ешқашан күлуші болмаңыз.
Сізге сатқындық жасаған адамдарға қайта жолаушы болмаңыз. Олар өмір бойы сол қалыптарынан айнымайды.
Уақытыңыздың көп бөлігін ата-ана, бауырларыңызға арнаңыз. Адамдар бұл өмірдің жолаушылары. Бүгін бар адамдар ертең мәңгілікке ғайып болуы мүмкін. Сондықтанда, қасыңызда барда қадірлей біліңіз.
Жылы жүзді, жылы мінезді болыңыз. Бұл қасиеттердің сізге пайдасы болмаса, еш зияны жоқ.
Уақытыңыздың көп бөлігін теледидардың алдында өткізбеңіз. Өмір секундап өтіп барады.
Туылған күніңізде «Бүгін менің туылған күнім» деп айтушы болмаңыз. Бұл әдепсіздік.
... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Этикет | Просмотров: 514 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы
Періште емес, пендемін,
Мәңгі емеспін, демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!

Періште емес, пендемін,
Көкте емеспін, жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргенмін!

Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіппін.
Шаужайына жармаспай,
Үзеңгісі биіктің!

Арман өлмей, көктедің,
Сезімімді шектедім.
Шотын тауып біреудің,
Көтермедім кетпенін!

 Періште емес, пендемін,
Астана емес, елдемін.
Бил ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 374 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

(«Ауырмаңыз» №21 (121) Қазан, 2014ж)
Бүгін сауда нүктелерінде шайдың неше атасы бар. Ал олардың ішінде қайсысы ағзаға қандай пайда әкеледі?
Жаңа демделген қара шайда техиндер көп, олар жүрек-қан тамырлары жүйесіне пайдалы, жүрек жұмысын жақсартады. Катехиндер (адамның жастығын ұзақ уақытқа сақтайды.
Ал ащы етіп демделген қара шай іш бұзылғанда жайсыздықтан арылта алады. Қара шай иммунитетті жақсартады, қартаюды тежейді, өйткені онда антиоксиданттар көп. Ал «ТF-2» деп аталатын антиоксиданттың ракқа қарсы әсері күшті. Сондай ақ қара шай құрамындағы танин адамды сергітіп, көңілін көтереді, күш-қуатын арттырады.
Көк шайда адам  аса ағзасына қажет амин қышқылдары, В1, В2, РР, С, Е, дәрумендері, каротин, калий, фосфор, темір, йод мол. Бір стақан көк шайдың өзі ағзадан түрлі улы заттар мен қалдықтарды қуады. Ол артериялық қан қысымын төмендетеді, холестеринді азайтады, ми жасушал ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 333 | Добавил: модератор | Дата: 28.01.2016

Сұйық тамшы түріндегі кейбір дәрілер мұрыннан су аққанда тамызуға арналған. Ол мұрынның шырышты қабатын тітіркендіруден қорғап, еркін де терең тыныс алуға көмектеседі. Сонымен бірге мұрыннан су ағуын тоқтатады. Ол сонымен қатар аллергиялық түшкіруді азайтады. Дәрігер нұсқауынсыз-ақ босатыла береді деп оны да оңды-солды қолдана беруге болмайды. Нұсқаулығына қарай күніне бірнеше рет қана тамызу керек. Одан асырған жағдайда мұрын қуысының шырышты қабатына зиян тигізуі де мүмкін.
Мұндай дәрілерді аяғы ауыр аналар мен 12 жасқа дейінгі балалардың мүмкіндігінше қолданбағаны жөн. Оның орнына ас содасына бұлау, мұрынға орамал басып жүру, маска тағу сынды қарапайым тәсілдерді қолданғаны дұрыс.
А.Мұхаммед.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 319 | Добавил: модератор | Дата: 21.01.2016

Ж. Баласағұни. «Құтты білік»
Сараңдық-өзіңді құртатын құмарлық.
Сараңдық күш алсаң, қуаныш азаяды.
Ақылсыз кісі-қос уыс қоқыс
Ақымақ ақыр заман
болса да мәз болып жүреді.
Ақылсыз басты қылығы танытады.
Жақындатпа өсекшіні жырынды-
Көріп біліп елге жаяр сырынды.
Сөзі жалған кісінің жүзі төмен
Қызғаныш қайда болса,
ұрыс сол жерде.
Арсыз-адамның қоры.
Жарамсақтың жолы жіңішке
Бәлеқор жаныңда болса,
Пәледен бас алмассың.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 301 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2016

Авторы ақын, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхмет
Әнім қалса төгіліп елде менің,
Дәнім қалса себіліп жерде менің,
«Жүзеге асты арманың қалай?»-десе
Атамекен, асырған сен дер едім!

Жүргізетін өмірдің дөңгелегін,
Ата салты, дәстүрім-ең керегім.
«Тіршілікке нәр берген кім?»-дегенде,
Атамекен, қуатым сен дер едім!

Аға сөзін құптаймын, жөн көремін,
Талай істі қапысыз меңгеремін.
«Мұның бәрін үйрендің кімнен?»- десе,
Атамекен, үйреткен, сен дер едім!

Өріс кеңіп, толса егер төлге жерім,
Аққу жүзсе жұптасып көлге керім,
Сұлулықты ғажайып тұрған сақтап,
Атамекен, қорғаным сен дер едім!

Сары алтындай жарқырап белдегі егін,
Шалқып жатса ырысым жерде менің, ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 275 | Добавил: модератор | Дата: 19.12.2015

Бұл материалда иммунитетті арттыратын тәсілдер туралы сөз қозғамақпыз.

Сәбіздің дәнінен  100 г алып, ұсақтау керек. Оны  500 г балға араластырады. Күніне   2-3 рет бір ас қасықтан қабылдау керек. Тамақтың алдында жарты сағат бұрын және тамақтан соң бір сағаттан кейін жылы сумен ішкен дұрыс. Анистің дәнін уатып, оған дәл солай ұсақталған мейізді 1:1 есебінде қосу керек. Күніне  3-4 реттен бір шай қасықтан қабылдау керек. Жылы сумен ішкен дұрыс.

Бір стақан құрманы екі стақан сүтке бұқтырып қояды. Үстіне бір шай қасық даршын (корица) салып, жақсылап араластырады. Бір тәулікке салқын ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 326 | Добавил: модератор | Дата: 16.12.2015

-Жұмыс орнындағы радиация деңгейін төмендету үшін компьютердің жанына кактус қою керек.
-Бөлменің иісі жағымды болуы үшін сөніп тұрған электролампаға иіссу немесе одеколонның бірнеше тамшысын тамызыңыз. Лампаны жаққан кезде хош иіс көңіліңізді көтереді.
-Екі бетон плитаның арасындағы саңылауды бітеу үшін сөгілген жерге ақ сыр жағып, соған дәкені жапсырады. Кейін дәкені қабырға не төбемен бірдей етіп сырлап тастайсыз.
-Линолеумнің ашығын бітеп, тегістеу үшін оның қалдығынан ұзынша таспа тіліп алып, таспаны 100 ваттық паяльникпен ерітеді де, ашықты бітеп, тегістеп тастайды.
-Сервант, диван шкаф сияқты ауыр жиһаздарды қозғау күшке түседі. Еденді де сызып, жыртып бүлдіреді. Мұның ең тиімді амалы жиһаздың аяғына банкілерді жабатын полиэтилен қақпағын қою. Сонда жиһаз еденді бүлдірмей, қалай жылжытам десең де лыпып тұрады.
-Кафельдің бірді-екісі түссе, оны орнына мына тәсілмен жапсырған дұрыс: кафельд ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 460 | Добавил: модератор | Дата: 10.12.2015

Сәндібек Жұбаниязов

Түрің бар-ау сағындырмақ,
Қылығыңда ақыл басым.
Тұрсың міне, қолың бұлғап,
Армандарың шақырғасын.

Саған ұқсап алыс кетіп,
Соқпақтарда сор кешіп ек.
Талабыңды табысты етіп,
Мен көргенді көрмеші тек.

Тазаға ынтық жанарлардан,
Төгіп өткен жаңбыр едім.
Құлай сеніп, сан алданған,
Қайран, менің пәк жүрегім!


Сезіледі жырымда мұң,
Қалған белгі сол күндерден,
Кештеу ұғып соның бәрін,
Жылдамырақ өлгім келген...

Әсерлер ғой бұл да өткінші,
Бар, ақ ботам, жолдан қалдың.
Мен жы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 401 | Добавил: модератор | Дата: 05.12.2015

Күнделікті өмірде елеп ескерілмей жататын әр нәрсенің қасиеттері көп екенін ұмытып кететініміз бар. Мәселен, Көкшетау қаласынан қолына қалам алып Айзат Игемберді көпшілік таңданатын осындай жәйіттерге тоқталады. Мұның дұрыс-бұрысын мамандар айта жатар, әйтеуір қызықты деректер, қысқаша тоқталсақ еріксіз назар қоясыз: асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
-Алтын өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
-Күміс шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
-Мыс іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
-Алмаз ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
-Жақұт опасыздық пен қорқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін европалық әйелдер жақұт ұшқынымен магни ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 306 | Добавил: модератор | Дата: 03.12.2015

Жарты килограмм балға, жарты килограмм алға ұнтағын араластырып, күніне бір шай қасықтан үш мезгіл ішіп жүрсе, бауыр ауруын, қуық пен бүйректің қабуын таптырмайтын ем.
Алма көп сақталған сайын оның емдік қасиеті азая береді. Мысалы, «антоновка» алмасында үш ай сақталған соң құрамында С дәрумені өзінің бастапқы мөлшерінен үш есе азаяды екен.
Алма неғұрлым тез қорытылса, соғұрлым оның құрамындағы пайдалы заттар ағзаға толық сіңеді екен.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 374 | Добавил: модератор | Дата: 03.12.2015

Жақсылық
Бір жас жігіттің венеролог қабылдауында болған жағдай... Дәрігер оның аса маңызды мүшесін барлық жағынан қарап, әрі төңкереді, бері төңкереді. Оның үстіне қайта-қайта:
-Жақсы, жақсы, жақсы.. -деп зығырданын қайнатады. Өйткені ол науқасы бар екенін сезінгендей еді. Сондықтан жігітімізді ашу кернеп:
-Дәрігер! Немене «жақсы, жақсы» деп қалдыңыз, айтпайсыз ба?-дейді.
-Сізге жабысқан кеселдің бірі де менде жоқ! Осы жақсы болып тұр,-деп жауап қайтарады ол.

Ескі таныстар
Ойда жоқта кездесіп қалған ескі таныстар хал-жағдайларын сұрастырып, шұрқыра ескі таныстар хал-жағдайларын сұрастырып, шұрқырасты да қалды. Біреуі тақымдап:
-Жағдайыңды айтсаңшы кәдуілгіде, жалпылай сөйлеп не керек? -деді екіншісіне. Әріптесі айтқанына көнді:
 -Бәрі ойдағыдай, -деп бір қойды, ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Әзілдер | Просмотров: 370 | Добавил: модератор | Дата: 29.11.2015

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz