Четверг, 20.09.2018, 12:06
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
« 1 2 3 4 5 ... 56 57 »

Кепкен алманы қантсыз қайнатып, үнемі сусын орнына ішіп жүрсе, қан тамырларының қабырғасына қатқан қақты ерітіп, қан жүрісін қалыпқа келтіреді. Сондай ақ көздің болатын нығайтып, тістің босағанын бекітеді.
 Қызылөңештің, асқазанның ішектің ішкі шырышты қабатын жетілдіреді. Адам бойын сергітіп, қуат береді. Бауырдың, қуықтың, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
 Кепкен алманың жарты килограмм сарымайға араластырып, бармақтың басындай етіп, мұздатқышқа қойып сақтайды. Күніне жатарда соның бір домалағын жеп жүрген ер адамның бел қуаты молайып, ұрықтың қозғалымдылығын арттырады. Бұл жатыры қабынудың салдарынан нәресте
көтермей жүрген жас әйелдергеде пайдалы.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 268 | Добавил: модератор | Дата: 26.11.2015

Ия, алма пайдалы деп айта береміз, алайда витаминдерге өте бай жемістің көпшілік елеп-ескере бермейтін «құпиялары» баршылық екен. Оның дәрумендерге өте бай жеміс. Оның құрамында каротин, В, РР, Е топтарының витаминдері, биотин және тағы басқа пайдалы заттар бар. Алманың біздің ағзамызды көптеген қорғайтыны дәлелденген. Оның құрамындағы көп мөлшердегі калий ағзамыздағы артық сұйық пен зиянды шлактарды шығаруға көмектеседі. Қышқыл алмалар мен олардың шырындарын қан аздылық кезінде, қандағы гемоглобинді  көбейту мақсатында қолданады. Алманың тәтті сорттары колит кезінде көмектеседі.
Алманың шырыны-семіздікпен аурудың алдын  алуда ең тиімді құрал болып табылады. Алманың біздің қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтатын қасиеті біздің мезгілден бұрын қартаюымыздан қорғайды. Күнделікті үш- төрт алма жесеңіз-бұл сіздің белсенді ғұмырыңызды ұзартудың тексерілген әдісі.

 

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 293 | Добавил: модератор | Дата: 18.11.2015

Сұрақ: -Осы той-жиындарда кейбір кісілер ақыл-кеңестерін айтып жатады... Осыдан біраз бұрын бір тойға барған едік. Арамызда бір дін өкілі бар екен. Ол кісі тойға келген қонақтардың бәріне уағыз айтып, тойда би билеуге, ән шырқауға, арақ ішуге болмайтынын қайта-қайта ескертіп отырды. Оны жақтырмаған қонақтардың бірі оған жекіп: «Молдеке, молда болсаң өзіңе, уағызыңды мешітке барып айт, бұл той, тойға адам көңіл көтеруге келеді»,- деді. Шындығында уағыз қайда айтылуы керек? Сонда тойда уағыз  айтуға болмай ма?
Қ. Әбдімасат.
Алматы қаласы

Жауап: Бұл уағызды айтушы адамға және оны тыңдаушыларға да байланысты. Егер уағыз айтып отырған кісі айналысындағы адамдарды ұйытып, оларды айтқан сөздерді иландыра алатын болса, әрине, ол уағыздың қайда айтылып жатқанына ешкім мән бермеген болар еді. Ал той-томалақта кейбір азаматтар ішіп алған болады, ондай ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 284 | Добавил: модератор | Дата: 14.11.2015

«Бұл өте оңай тәсіл. Әрі дәмді, әрі тәтті және қалтаны да қақпайды.  1 кг ақжелкенді (петрушка) тамырымен және иістіжелкеннің (сельдерей) бір үлкен тамырын аласыз. Бәрін майдалап ұсақтап (әйелім осының бәрін ет тартқыштан өткізіп берді), араластырасыз. 1 кг бал мен 1 л су қосасыз (мен минералды суды алатынмын). Әлсіз отқа қойып, қозғап отырып қайнағанша ұстайсыз. Осы ыдыстың өзінде 3 күн тұндырасыз. Содан соң тағы да 1л су қосып, әлсіз отта қайнағанша ұстайсыз. Қоспа қайнаған кезде, оттан алып, сұзесіз. Сироп тәрізді зат пайда болады. Күніне 3-4 рет тамақ ішер алдында 1 ас қасықтан ішесіз. Бір айдан соң менің бүйрегімде құм болған жоқ. Бұл рецептті бір газеттен оқып алып едім.»
Б. Сұлтанбеков

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 235 | Добавил: модератор | Дата: 14.11.2015

Адамдардың күтімі де үлкен шаруа ғой. Өзіңе күтім жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған дұрыс салт. Әсіресе, білмекке құмарлығыңыз сөнбесін.
Бұрын бір газеттен бір рецепт оқып едім. Полиартритке қарсы ем ретінде жариялапты. Мен де соны істеп көрейін  дедім. Бұл кезде менің қолымның екі буыны ауыратын. Ал, осы жақпаны пайдалана отырып бастағаннан бері қолымның буындарының ауырғаны басылды. Бұл жақпаны дайындау жолы мынадай:
Бірдей мөлшерде  (10 мл ден ) медициналық өт,  глицерин, бал, йод және мүсәтір спиртін аламын. Жарты литрлік банкіге сылып, әбден шайқап, араластырамын. Тоңазытқышта сақтаймын. Қолданар алдында жылы жерге қойып, жылытып аламын. Түнде жатар кезде осы жақпадан буында жасаймын (компресс). Осындай ысытпадан кейін буындарымның ауырғаныны сап тиылды».
Г. Акбаева,
Шымкент

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 335 | Добавил: модератор | Дата: 10.11.2015

Не жаман?

Біріншіде не жаман?
Білімсіз болған ұл жаман.
Екіншіде не жаман?
Ананың тілін алмаған,
Қасарысқан қыз жаман.
Үшіншіде не жаман?
Үш жерінен буғызып,
Көрге салған сол жаман.
Төртіншіде не жаман?
Төресін ғаділ бермеген,
Парақор болған би жаман.
Алтыншыда не жаман?
Алғашқы алған әйелің,
Көп ішінде кеңкілдеп,
Тіл алмаған сол жаман.
Жетіншіде не жаман?
Жеткіншекте оқ тиіп,
Жетпей қалсаң, сол жаман.
Сегізіншіде не жаман?
Серке санды ат мініп,
Сергелдең болған сол жаман.
Тоғызыншыда не жаман?
Торғайдай болған бір басың
Топқа түскен сол жаман.
Оныншыда не жаман?
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Бір перзенттің жоғынан,
Мұңлық болған сол жаман.

 

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 298 | Добавил: модератор | Дата: 08.11.2015

 (Мамандар кеңесі)

Қай ата-ана болмасын баласының тәртіпті, алғыр, зейінді болғанын қалайды. Олай болса баланы осылай тәрбиелеу керек. Бұл ретте психологтар мынадай кеңестер береді.

-Баланың  жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

-Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.

-Егер ол шығармашылық іс-әрекетпен айналысып отырған болса, шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз.

-Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету керек.

-Балаңыздың кемістік ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 257 | Добавил: модератор | Дата: 02.11.2015

Жақсылық
Дәрігер өзіне әбден таныс болып қалған науқаспен кезекті кездесуінде:
-Осы біз ылғи кемістік туралы айта бермей, жақсылығымызды да айтқанымыз жөн емес пе, ия?- дейді: Анау елжіреп:
-Ол дұрыс қой. Бірақ, сондай нәрсе болса ғой? -демесі бар ма. Сонда дәрігер одан:
-Сізде ішегіңіздің құрты бар ма?- деп сұрайды.
-Жоқ, ойбай! Жоқ!
-Міне, тамаша! Жақсылық деген осы...

Күш керек екен...
Бір жас жігіт дәрігеріне:
-Сіз соңғы берген таблеткаларыңыз менің күшіме күш қосылсын деген ойыңыз ғой, ия?
-Ия, не боп қалды?
-Сол дәрі-дәрмек салынған бөтелкенің (шишаның) аузын аша алмай әлекке түсіп жүрмін...

Категория: Әзілдер | Просмотров: 249 | Добавил: модератор | Дата: 24.10.2015

«А Рафуа» журналында жария болған мақалада израильдік «Мейір» ауруханасының офтальмология бөлімінің дәрігерлері ботокстың көз жанарына зиян екендігін мәлімдеген.
Ботокс сылқымдар мен сұлулыққа іңкәр арулар арасында аса танымал болғандықтан, оны пайдалану көрсеткіші күнбе-күн өсіп келеді. Бірақ соңғы кездері осындағы оталардан кейін көру қабілетінің төмендеп кеткендегіне шағымданушылар саны артып барады. Ботокстың негізгі құрамы улы заттан тұрады. Ол жылдардан бері медицина тәжірибесіне дендеп енген. Көбінесе көздегі қилылықты, ақилықты емдеуге қолданылып жүрген. Көз қарашығына салынатын инъекция арқылы мұндай дертті де жазуға болады екен. Бұл емді 1989 жылы ДДС ұйымы қабылдапты. Ал ботоксты қолдану косметикалық тұрғыда қауіпсіз саналғанмен, жуырда израильдік ғалымдар оның да зиянды тұстары барын анықтап отыр.

Категория: Этикет | Просмотров: 253 | Добавил: модератор | Дата: 16.10.2015

-Суықтан қорғану үшін бірнеше қабат киім киіңіз. Қабат-қабат киімнің арасында қалатын ауа денедегі жылуды сақтап қалуға көмектеседі.
-Аязды күні тоңып қалмас үшін киініп қана қоймай, дұрыс тамақтану да керек. Біздің халқымыз қыста ыстық сорпа мен ет жеп, көже ішіп үйренген. Мамандардың айтуынша, бұл өте дұрыс екен. Күн суықта диета ұстаған орынсыз. Өйткені бізге белгілі диеталардың дені ауа райы жұмсақ елдерге лайықталған. Ал аязды күндері және қара суықта адам ағзасындағы энергияның көбі денені жылытуға жұмсалады, сондықтан күнделікті ас мәзірінде май мен протеиннің мол болғаны жөн. Мұндай тағамдар жылу беріп қана қоймай, асқазан ішек, жүрек-қан тамыры жүйелерінің жұмысына қажетті майлы қышқылдармен қамтамасыз етеді. Ауа райы күрт суытқан күндері сүт өнімдерін азайтқан дұрыс.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 255 | Добавил: модератор | Дата: 09.10.2015

Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,
Жиі келер жер болды мола қасы.
Барлық жолдың бақиға апаратын
Атақтысы бүгінде-жол апаты!

Теріс іске кей пенде текке еліктер,
Терден оған орын жоқ-тексеріп көр.
Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашар
Тасып аққан тас жолда көп көліктер.

Келешектен осы шақ сый күткенді,
Ентелейді  күйкі істерді.
Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,
Бір досымның аяғы гипстелді.

Кімге аяусыз тырнағын өлім салса,
Сол сезеді тұрарын өмір қанша.
Темір тұлпар жүйткіген
Қас-қағымда
Ұқсап тынар табытқа-темір қаңқа.

Серт берсең де мың жерден шошымасқа,
Се ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 335 | Добавил: модератор | Дата: 06.10.2015

Танымаған жерде бой сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.

Тіріде сыйласпаған,
Өлгенде жыласпайды.

Отыз күн оразаның,
Бір айты бар
Әр қылған жақсылықтың,
Бір қайты бар.

Жаман үйдің қонағы билейді.

Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.

Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Далаға түнегенше,
Молаға түне.

Жолаушы ақысы жүрсе бітеді.

Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.

Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.

Көп ақмақтың аға ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 389 | Добавил: модератор | Дата: 04.10.2015

Сұрақ: Әлия Әбікенованың әндерін тыңдағанды өте жақсы көремін. Құлаққа қте жағымды естіледі. Кейінгі естіген «Өмірге сауал» атты өлеңнің сөзін берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет.
Бауыржан,
Өскемен қаласы.

Жауап:
Өмірге сауал атты өлеңнің сөзі мен әні Б. Есентаевтікі

Өмірге сауал

Табам деп әділдікті,
Соғылды тасқа маңдай.
Арылтар ауыр жүкті,
Сенделдім дос таба алмай.

Қайырмасы:
Ебін тапқандарға,
Жылмың қаққандарға,
Арын сатқандарға
Сен өмір оңай ма едің?..
Судай аққандарға,
Дәуге жаққандарға,
Неге өмір қолайлы едің?..

«Т ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 440 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2015

Тағы да артта қалып тастанды қыр,
Тағы да қайталанып аққан дүбір,
Сайланып сонау жылы сары күзде
Ауылдан Алматыға аттанды ұл...

Ұл еді тағдырына көктен  қарар,
Ол жақтан білінбей тұр көптен хабар.
Бір міні тым сенгіштін...
(кім біліпті?).
Сенімді аяқ асты еткен де бар.

Орман ой талабына от тілетер,
Демегей –маңдай терін төкті бекер,
Тапты да іздегенін нән қаладан,
Көздеген мақсатына жетті ме екен?

Әйтеуір, ел үміті ескермеді,
Әзірге жаманаты естілмеді.
«Керемет тарту етем де-
дейтін еді-
Ойымнан шықпай қойған ес білгелі».

Жазмыштың жайлы тиген заңы кімге,
Самал жел, сарыуайым сарының не?
Айта сал амандығын-
Тосып жүр кейуана әлі күнге.

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 282 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2015

Іркіт-бұл өте пайдалы айрықша өнім. Өзінің қарапайымдылығына қарамай, ол адам ағзасына пайдалы көптеген қасиеттерге ие. Іркіт бағалы ақуызға бай, соған орай орай қарынды тез тойдырады.
Сондай-ақ сүтті іркіт майлардан мүлдем ада, соның арқасында түрлі диеталарға негіз ретінде және арықтау үшін де қолданыла алады. Іркіт калий, кальций, магний, фосфор және де көптеген дәрумендерге бай.
Іркіт ағзадан қожды (шлак), артық сұйықтықтарды шығаруға ықпал етеді және зиянды бөлінулерді денсаулыққа нұқсансыз жаңқалайды.

Сүтті іркіт:
-Бүйректің жұмысын жақсартып, бауырдың үрдісін қалыпты түрде жұмыс істеуіне ықпал етеді;
-Ішектің жақсы қызмет көрсетуіне жағдай жасайды, әсіресе диеталарда пайдалы.
Лаура Жиенбаева,
Орал қаласы

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 437 | Добавил: модератор | Дата: 26.08.2015

Сұрақ: Шашым түсуі мазалап жүр. Қандай бірнеше халық емін ұсынар едіңіздер.
Нұрғайша,
Өскемен қаласы

Жауап:Шаштың өсуіне ықпал жасап, түсірмейтін халық емі бар. 1. Лимонды сығып, сөлін 1 ас қасық етіп жинайды, оған пиязды сығып, сөліне бір жұмыртқаның сарысын қосып араластырады. Аптасына бір рет осы қоспаны шаш түбіне жағып целофанмен 2 сағат бойы байлап, танып тастайды. Сыртынан қалың орамал байлап қояды. Соңынан шашты жуып, шайып тастайды. 2. Кәріқыз шөбінің (лопух большой) тұнбасын алып, шашты шайып жүрсе, шаш өсуі жақсарып, түсуін төмендетеді.
3. Шаш түсуіне қарсы таптырмас ем-кәдімгі қалақай шөбі (крапива). Бір стақан қайнаған суға бір шай қасық үйіп құрғақ қалақай шөбін салып, 20 минут ұстайды. Соңынан сүзіп алып, шашты шаю қажет.

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 343 | Добавил: модератор | Дата: 17.08.2015

Тамақ ауруын сауықтыруға көмектесетін тиімді әдіс туралы айтсам деймін.
Қоспаны дайындау әрі қолдану әдісі:
а)емен қабығының алты бөлігі, жұпаргүл шөбінің төрт бөлігі;
б)шалфей жапырағының бір бөлігі, құлқайыр гүлінің бір бөлігінен дайындалған қоспаны тамақ алдында 20 минут бұрын күніне 3 мезгіл ішу керек. 

Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 494 | Добавил: модератор | Дата: 17.08.2015


Сұрақ:-Арықтаймыз деп жүріп асқазанын бұзып  алып жатқандарды байқадым. Өзімнің де «қарным шыға» бастады. Сондықтан осы жайында мамандар пікірін білсім деп едім.
Зейнолла,
Өскемен қаласы.
Жауап:

Мамандар пікірі («Емші», №46 2015ж) былайша өріледі:
Арықтағысы келетіндер көбіне көмірсуы аз тамақтарды жейді.Диетологтар бұл денсаулыққа өте зиянды екенін ескертіп отыр. Көмірсуы аз тамақтардан жасұнық жетпей қалады. Сондықтан жасұныққа бай тағамдарды ас мәзірінен сызып тастаса, мысалы картоп сияқты,онда ғазада жетіспеушілік айқын сезіле бастайды. Ал, ол денсаулыққа әсерін тигізеді.
Әдеттегі жасұнық қажеттілігінің 12 % адам картоптан алады. Басқа тағамдардан әлдеқайда көп. Қара нан, дақылдар, картоппен салыстыруға келмес. Картоп жасөспірімдерге өте керек. Бір тәулікке қажет жасұнықтың 15 % балалар осы картоптан алады.
Жасұнық жүрек-қан тамыр аурулары ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 293 | Добавил: модератор | Дата: 02.08.2015

Пайдалы кеңес
Егер Сіздің ішіңіз өтіп жүрсе, тамыр-таныстарыңыз молынан топталған жиналыстарда жөтеле көрмеңіз, өйтсеңіз, төңірегіңіздегілер жан-жаққа қаша жөнелуі әбден мүмкін.

Табан ауданы
География пәнінің мұғалімі дәрігерге келеді. Дәрігер:
-Қай жеріңіз ауырады?-деп сұрайды.
-Аяғым.
-Оның қай жері?
-Өкшемнің солтүстік шығысына қарай.

Кейде кешіккенде дұрыс екен
Жедел мәшинелердің кейде кешігіп келгендері де дұрыс көрінеді. Мұндайда науқас диагнозын (ауруын) дәрігерлер анықтап тұрып жазып бере алатын секілді.

Пара
Пара алу дегеніңіз адамның ішкі дүниесін төмендетіп-ақ жібереді, ия, егер де ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Әзілдер | Просмотров: 325 | Добавил: модератор | Дата: 25.07.2015

Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды,
Өз байынан басқаны ұнатпайды.
Үйіне мейман түссе хош келдің деп,
Еш адамнан рұқсат сұратпайды.

Жаман әйел байымен ұрысады,
Мейман келсе қабағы тырысады,
Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп,
Мейман байғұс басқа үйге жылысады.

Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер,
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.

Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйел беттей қоймас,
Жауыз қатын қабаған ит сияқты
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 299 | Добавил: модератор | Дата: 20.07.2015

Ел ішінде адам бол,
Ит ішінде арлан бол.

Құс қосағымен ұя салады.

Мүсәпірдің баласы,
Мықты болып өседі.

Байғұс тигенін жейді,
Бай сүйгенін жейді.

Жөтелгені-қарттың күлгені.

Жаман сөз қанша болса,
Жақсы сөз сонша.

Ұзаған сайын ауылдан
Ауылды жаның  сағынған.

Шақырмаған қонаққа
Шала піскен тамақ бар.

Жақсы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 214 | Добавил: модератор | Дата: 13.07.2015

«Ел аузынан» дегенде көбіне өте ертеректе өткен оқиғалар сөз болады ғой. Менің айтайын деп отырғаным-өзіміздің шалғынды ауылының тұрғындарын көрші-көлеңдер ұмытпай жүрген бір жәйіт. Ол әке қамқорлығы турасында: таяуда Сейітқамза есімді қария қайтыс болды. Балалы-шағалы, жаман өмір сүрген жоқ. Соның әкесінің оған деген сүйіспеншілігін ел ұмытпай жүр. Әкесі Айтан ауруға ілігіп, алдында кемпірі қайтыс болып, өзі «алыс жолға жүріп кетсе, әлгі баласы Сейітқамза жалғыз қалып, не күн көреді» деген ой көпті ойландырмай қоймады.
Айтан ақсақал да бұдан тысқары қалмаған шығар, өзі қатты науқас деп жүргенімізде «Ойбой! Сейітқамза үйленетін болыпты» деген хабар жетті. Әрең отырған Айтекең «айруымнан жазылдым, енді баламды үйлендіріп, келін үйдің шырайын келтірсін» деп отырмын депті.
Көппен бірге мен де бардым. Жазыла қоймаған екен. Ол кезде жаспын. Бетіне  қайта-қайта қарай ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 431 | Добавил: модератор | Дата: 09.07.2015

Өмірде әртүрлі жағдайлар жатады ғой. Кейде көзге көрініп тұрған нәрсенің пайдасын елеп-ескеріп жатпайтынымыз рас.
Мәселен, сарымсақ (чеснок) туралы осылай деуге көп негіз бар.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді. Одан басқа, жыныстық белсенділікті арттырады, етеккірді жақсартады.
Ерекше жағдай
Сарымсақ адам дансаулығына жан-жақты пайдалы болғанымен ВИЧ-ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен. Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацефт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.
Сарымсақтың құрамы.
Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Ол жайлы жоғары да аз да болса  жаздық. Енді құрамына тоқталайық.
Сарымсақтың құрамында В және С тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер бар. Басым ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 387 | Добавил: модератор | Дата: 06.07.2015

Ағза әбден әлсіреп, сусызданғанда адам есінен тануы, санасы тұмандануы байқалады, теріні басып, шымшығанда оның алғашқы күйге келуі көпке дейін байқалмайды.
Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, онда науқастың бүйрегі зақымданады. Түсі қуарып, тынысы жиілейді, суық тер шығады, терісі жабысқақтанып, ұйқысы келе береді. Науқастың тамыр соғысы жиілейді, тамыр тез, бірақ әлсіз соғады, адам бірте-бірте есін жоғалтады. Ағзаның тым көп сусыздануы науқастың өміріне қауіп төндіреді. Әсіресе ол жұқпалы аурулар кезінде, аса әлжуаз сырқаттар мен балалар ауырғанда қауіпті.
Ағза сусызданған кезде сұйықты көбірек ішу керек, құрамында түрлі тұздары бар препараттарды (электролиттер), ағзадағы сұйық мөлшерін қалпына келтіретін ерітінділерді ішкен пайдалы. Оларды кез келген дәріханадан табуға болады.
Егер емшек жасындағы, он жасқа дейінгі балаларда сусыздану аңғарылса, сондай-ақ науқас жиі құсса, оны тез арада дәрігерге ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 282 | Добавил: модератор | Дата: 28.06.2015

Ғалымдар сырдың адам ағзасына берер пайдасы оның тәуліктің қай мезгілінде желінгеніне байланысты деген жаңалық ашты. Таңғы сағат 9-10-дарда сыр үшін алтынға бара-бар-дәл осы кезде өнім ағзаға толықтай сіңіріледі. Сағат 10 мен 12-нің аралығында сырдың құндылығы азайып, «күміспен» теңеседі, ал 12-ден бастап 16-ға дейін тіпті «қолаға» айналады. Сондықтан таңертең жұмысқа аттанар алдында бір тілім сыр жеп кетуді ұмытпаңыз. Балқытылған сырды таңдаған дұрыс емес. Айтпақшы, сырдың құрамындағы кальцийдің мөлшері сүттегіден көбірек.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 315 | Добавил: модератор | Дата: 22.06.2015

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz