Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июнь » 22 » Қан қысымы жоғарылағанда не істеу керек?
Қан қысымы жоғарылағанда не істеу керек?
12:44

Сұрақ:
Анамның қан қысымы жиі көтерілетін болып жүр. Дәрігерге қаралып, берген дәрілерін уақытылы ішіп жүр. Қан қысымы қайта көтерілмес үшін не істеуге болады? Қалай күтінген жөн?
М. Өмірзақ.

Атырау қаласы.
 Жауап:
Науқастың таза ауада көбірек серуендегені, тәулігіне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтауы керек. Отбасында, жұмыста жанжал шығатын жағдайлардан қашық жүргені жөн. Физикалық жаттығулардың да пайдасы көп. Көбіне жаяу жүруге, велосипед тебуге, мүмкіндік болсажүзуге тырысу керек. Ауыр жұмыс істемесін. ¬Өйткені қара күшті қажет ететін жұмыстар артериялық қан қысымын көтеріп, жүрек гипертрафиясына соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ адам өз дене салмағын да үнемі бақылап отыруы қажет. Сондай-ақ адам өз дене салмағын де үнемі бақылап отыруы қажет. Дене толысса, ағзада холестерин деңгейі көбейеді де, ол қан тамырлары қабатында жиналып, оның созымдылығын азайтады, әлсіретеді, тамыр жолы тарылып, қысым өздігінен көтеріледі. Толық адамдардың капилляр тамырлары көбейіп, аурудың жүрегіне күш түсіреді. Сондықтан гипертоник аурулар ұннан жасалған тағамдарды аз мөлшерде пайдаланып, қант пен тәтті тағамдарды, құрамында мал майы көп, сары май, қаймақ, майлы ірімшік, балмұздақ секілді тағамдардан өзін шектеп үйрену тиіс. Ас тұзын да аз мөлшерде пайдалану керек, тұздалған балық, қияр, қызанақ, т.б. көкөністер де ағзаға тікелей зиян екенін естен шығармау қажет. Тәбеті тартқан жағдайда қырыққабатты суға әбден жуып жеуге болады. Тұз ағзаға көп сіңсе, сұйықтың бөлінуін тежейді, ал бұл денені ісіндіріп, қан тамырларын тарылтады, оның салдарынан артериялық қысым көтеріліп, жүрек қызметі ауырлайды. Науқасқа спиртті ішімдік, сыраны мүлде ішуге тыйым салу керек, өйткені спиртті ішімдіктің аз ғана мөлшерінің өзі бірден қысымды көтеретінін айта кеткен жөн. Ал темекі қан тамырларын тарылтады және оның қабырғаларына холестериннің жиналуының бірден-бір себепкері болады. Дәрігер белгіленген дәрілерді уақтылы, қысым түскеннің өзінде де тұрақты түрде ішу керек. Сонда ғана аурудың қауіпті ауыр түрінен сақтана аласыз. 

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 1001 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz