Четверг, 08.12.2016, 13:03
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Май » 28 » Асқазан-темір шелек емес
Асқазан-темір шелек емес
19:02

Негізгі әңгімемізге көшпес бұрын біз өзіміз жарияламаған кейбір сұрақтардың жауабын айта кетейік. Ол көбінесе: «сіздер пайдалы кеңестерді қайдан аласыздар?» деген сауалға тіреледі. Мұның ешқандай құпиясы жоқ. Бір кісінің бірер ғана мамандық бойынша іс атқаруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлік кеңестерге, медицина тақырыбына арналған әдебиеттерге, газет-журналдарға әдебиеттерге, газет-журналдарға зер салып отырамыз. Мақсат-пайдалы кеңестерден құр алақан қалмауға сайып келеді. Мұның өзі-салауатты өмір салтын сақтап, денсаулығымыздың ойдағыдай болуына мол ықпал ететіні аян.
Мәселен, ыстықта шөлдеп шыдай алмасақ, сұйық нәрсенің бәрін іше беретініміз бар. Ал мамандар-асқазаныңыз темір шелек немесе созыла беретін қап емес десіп, шөл қандырудың неше сияқты тәсілдерін айтады. Сіздер де зер салыңыздар.
-Шөл қандыру үшін газсыз су ішу керек. Ол ағзадағы жоғалған сұйықтықтың орнын толтырады және құрамында ешқандай калория болмайды. Газдалмаған суды сатып алғанда оның калориясына мән беру керек (Ол этикетінде көрсетіледі). Ең жақсысы-жоғары категориялы су. Оның құрамында адамға аса қажетті микроэлементтердің бәрі бар және санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормативтерге сай болады. Бастаудан, артезиан скважинасынан, бұлақтан алынған суда бұлақтың аты мен скважина номері жазылады.
-Шөл қандыру үшін суды асықпай, аздап жұтып ішу керек. Қағып салу, сіміре көп ішу арқылы тер бөлуді күшейтуіңіз мүмкін. Одан кейін тез шөлдейтін боласыз.
-Салқын сусын ішпеңіз. Ол, біріншіден, тұмауға ұшыратса,  екіншіден, мұздай сусындар ағзаға жай сіңеді.
-Күніне 2,5-3 литрден артық су ішпеңіз. Ағзада судың көп болуы жүрек соғысын жиілетіп, қан қысымын  көтереді. Сондай-ақ ентікпе мен ісіктерге жол беруі мүмкін.
-Шөлдегенде жаңа піскен немесе кептірілген жемістерден морс немесе компот ішуге болады. Бірақ оның қанты өте аз болуы керек. Сонда олар жоғалған су мен минералды заттардың орнын толтырады. Ал тәтті компоттар одан әрмен шөлдетуі мүмкін.
-Табиғи жолмен ашытылған квас шөлді жақсы қандырады, асты жақсы сіңіреді және құрамында пайдалы амин қышқылдар бар. Оның ашытқысының құрамында дән, қант пен су ғана болады. Ал егер құрамында консерванттар, ароматизаторлар, бояғыштар, сүт, лимон және сірке қышқылдары бар болса, пайдасы шамалы. Ол адамды дисбактериозға ұшыратуы немесе асқазан-ішек жолдарының қышқылын көбейтіп жіберуі мүмкін.
-Емдік минералды суды тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек. Олай болмағанда минералды су бүйректе тастың түзелуіне және буындарға кері әсерін тигізуі мүмкін.
-Көк шай ағзаны суытады, шөлді қандырады және ағзадан термен бірге шыққан микроэлементердің орнын толтырады. Сондай-ақ көк шай күннің ыстығында қиындықпен  жұмыс істейтін тамырларды нығайтады. Бірақ оны судан үш есе  аз ішу керек.
-Кейбір адамдар шөлдегенде жеміс шырынын ішкенді жөн санайды. Алайда оның құрамында жеміс  қышқылдары көп болғандықтан  шөлді  қандырмайды, керісінше, оны үдетеді.
-Күн ыстықта газды су ішуге болмайды. Оның құрамындағы көмірқышқыл газ асқазан қышқылын көтеріп жібереді. Көміртек шөлді күшейтіп, артық салмақ жинауға да үлес қосады.
-Күн ыстықта шарап, сыра ішуге болмайды. Ол ағзаны құрғатып жібереді. Кофе де шөлді қандырмайды, ол ағзадағы сұйықтықтың тез шығуына әсер етеді.

 

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 362 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz