Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Декабрь » 11 » Еңбек кітапшасын жоғалтып алып едім, онда жазылған мәліметтерді қалпына келтіруге бола ма? Және бұл кітапшаның болуы міндетті ме?
Еңбек кітапшасын жоғалтып алып едім, онда жазылған мәліметтерді қалпына келтіруге бола ма? Және бұл кітапшаның болуы міндетті ме?
15:07
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің мынадай сұрағым бар, еңбек кітапшасын жоғалтып алып едім, онда жазылған мәліметтерді қалпына келтіруге бола ма? Және бұл кітапшаның болуы міндетті ме? Ермек

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес, еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар осы Кодекстің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс.
Заңмен қызметкердің не жұмыс берушінің еңбек кітапшасын жүргізуге міндетті көзделмеген, алайда, егер де сіз жұмыс берушіге еңбек кітапшасын беріп,оның толтырылуын талап етсеңіз, ол еңбек кіташасын алып, онда сәйкес жазулар толтыруға міндетті.
Әрине, заңмен жұмыс берушінің еңбек кітапшасын жүргізуге міндетті болмағанымен, бұл құжаттың зейнетақы төлемдерін белгілеген кезде қажетті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 14 бабына сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34 бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болып, мына құжаттардың кез келгені:
- еңбек кітапшасы;
- тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
- еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
- қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді-көшірмелер немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;
- жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Сөйте келе, қажетті құжаттарды жинау арқылы еңбек кітапшасындағы жазуларды қалпына келтіруге болады. Осы мақсатта, сізге жұмыс берушіге жазбаларды қалпына келтіру жөнінде арызбен жүгінуге, ал егер ұйым жойылған болса мұрағатқа жүгіне аласыз.

Юрист Адина А.
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 495 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz