Вторник, 20.11.2018, 03:41
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Этикет
1 2 3 4 5 6 »

Егер сіз бір жанға телефон соғуға уәде берсеңіз, онда орындаңыз.
Жұмыстан немесе кездесуден кешіксеңіз, сізді күтіп отырған адамға міндетті түрде бір хабарын айтыңыз.
Армандай біліңіз және сол арманның аясында тіршілік етсеңіз, арманыңыз міндетті түрде орындалатын болады.
Өзге бір жанның арманына ешқашан күлуші болмаңыз.
Сізге сатқындық жасаған адамдарға қайта жолаушы болмаңыз. Олар өмір бойы сол қалыптарынан айнымайды.
Уақытыңыздың көп бөлігін ата-ана, бауырларыңызға арнаңыз. Адамдар бұл өмірдің жолаушылары. Бүгін бар адамдар ертең мәңгілікке ғайып болуы мүмкін. Сондықтанда, қасыңызда барда қадірлей біліңіз.
Жылы жүзді, жылы мінезді болыңыз. Бұл қасиеттердің сізге пайдасы болмаса, еш зияны жоқ.
Уақытыңыздың көп бөлігін теледидардың алдында өткізбеңіз. Өмір секундап өтіп барады.
Туылған күніңізде «Бүгін менің туылған күнім» деп айтушы болмаңыз. Бұл әдепсіздік.
... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Этикет | Просмотров: 538 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

«А Рафуа» журналында жария болған мақалада израильдік «Мейір» ауруханасының офтальмология бөлімінің дәрігерлері ботокстың көз жанарына зиян екендігін мәлімдеген.
Ботокс сылқымдар мен сұлулыққа іңкәр арулар арасында аса танымал болғандықтан, оны пайдалану көрсеткіші күнбе-күн өсіп келеді. Бірақ соңғы кездері осындағы оталардан кейін көру қабілетінің төмендеп кеткендегіне шағымданушылар саны артып барады. Ботокстың негізгі құрамы улы заттан тұрады. Ол жылдардан бері медицина тәжірибесіне дендеп енген. Көбінесе көздегі қилылықты, ақилықты емдеуге қолданылып жүрген. Көз қарашығына салынатын инъекция арқылы мұндай дертті де жазуға болады екен. Бұл емді 1989 жылы ДДС ұйымы қабылдапты. Ал ботоксты қолдану косметикалық тұрғыда қауіпсіз саналғанмен, жуырда израильдік ғалымдар оның да зиянды тұстары барын анықтап отыр.

Категория: Этикет | Просмотров: 270 | Добавил: модератор | Дата: 16.10.2015

(«Керек кеңестер» №18, 2011 ж)
Қымбат Бекназарова, Қызылорда қаласының тұрғыны: -Бала күнімізде әжем көп тыйымдар айтып отыратын. Соны құлағымызға құйып өскен біздер жат қылықтан сақтанып, теріс мінез көрсетуден сақ болып өстік. Қазір мен оларды өз балаларыма айтамын. Ақыл-кеңес түріндегі бұл тыйымдардың газет оқырмандарына да керегі болар деген оймен өздеріңізге жолдап отырмын.
-Тізені құшақтауға болмайды. Тізесін құшақтаған адам өмірде жалғыз қалады.
-Бос бесікті тербетуге, бесік үстіне отыруға болмайды. Олай етсең өмірден перзентсіз өтуің мүмкін.
-Үйде ысқырмайды. Үйде ысқырса жылан келуі немесе дауыл тұруы мүмкін.
-Күн батарда ұйықтамайды. Ол кезде ұйықтаған адам кеселге ұшырайды.
-Жақын адамына пышақ беруге болмайды, жанжалдасып қалуы мүмкін. Сондай-ақ ағайын адамдар бір-бірінен ит пен мысық алмайды. Егер алатын болса, аралары ит пен мысықтай болады.
-Тамақ ішетін ыдысты теппейді, несіб ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Этикет | Просмотров: 365 | Добавил: модератор | Дата: 01.06.2015

«...Барша адамға бақ ізде...»
(«Үш анық» атты еңбегінен)

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан-дегеніміз ынсап, әділет, мйірім.
Сөзбасы
Кетті, келді,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп, өнді қайтады.
Дөңгелеткен,
Өңгелеткен,
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Дене жөн деп,
Жоғары өрлеп,
Жаның мен деп келе ме?
Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны-«барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қа ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Этикет | Просмотров: 219 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2015

  Әдеп әліппесі адамды әр салаға назар аудартпай қоймайды. Мәселен, жұмысына байланысты кездесетін жайсыздықтары денсаулықтарына кесірін тигізіп жатса, қайтеді?
  Мұндай жайсыздықтан арылу үшін қолды тынықтыру, босаңсыту, жиі үзіліс жасап демалып тұру керек. Адам өзінің жүріс-тұрыс, отыру ерекшелігіне де мән бергені абзал.
  Көз, құлақ нашарлауы көбіне кішкентай, ауасы тар, шулы, тағы басқа жайсыз ортада көп жұмыс істейтін адамдарда кездеседі. Бас жиі ауырады. Ол көз бен құлақта кінәраттар туындауына себеп. Сондықтан адам мұндай жерлердегі жұмыста да өз денсаулығына  қамқор болып, тиісті сақтық шараларын жасай жүргені жөн.
  Бел ауруы жүргізушілер мен компьютерде көп отыратын адамдарды мазалайды. Шамадан тыс ауыр затты да көп көтермеу керек. Бір қалыпта көп отыратын адамдарды да бұл жиі мазалайды.
  Адам өз жүріс-тұрысына мән берсе, өзіне бұл жұмыстардың қандай қолайсызды ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Этикет | Просмотров: 431 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2015

26.01.07ж
Зияаддин Нахшаби. Тотынама.
Патшаларға ғалымдар берер кеңес,
Ғалым болу адамның тегінде емес.
Шын ғалым екі дүние ісін білмес,
Байлық, мансап, оларға керек емес.

Жоламас есті адам ақымаққа,
Кейбір жан масығады қонған баққа,
Адалдық бар пенденің шын қорғаны
Қаптаулы алтыныңды қиға сатпа.
    

Категория: Этикет | Просмотров: 428 | Добавил: модератор | Дата: 30.11.2014

  Мінез-құлқымыздың дұрыс болуы өміріміздің өкінішсіз өтуіне мол ықпал жасайтыны шындық деседі мамандар. Ендеше бір мезгіл солардың пікіріне ден қойғанымыз артық болмас. Олар былай дейді: «Сараңдық дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік. Жомарт-жолы болғыш, сараң-сары уайымшыл жандар. Тірі кезінде адамның көзі дүниеге тоймайды, екі көзіне құм құйылғандарға ғана қабірлік жерінен басқа ешнәрсенің қажеті жоқ. Ешкім де дүние-мүлкін о дүниеге өзіммен бірге алып кетпейді. Ендеше сараң, дүниеқоңыз болудан сақтанған абзал".
 

Категория: Этикет | Просмотров: 651 | Добавил: модератор | Дата: 02.07.2014

  Бұқаралық-ақпарат құралдарының материалдары былай деп мәлімдейді: Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің темекі тартуына тыйым салып отыр. Бұған елдің алдын-алу медицинасы қауымдастығының мәліметтері себеп болды.
  Қауымдастық  жүргізген зерттеу бойынша, Қытайда 350 миллион шылымқор бар. Жылына 1,5 миллион адам темекіге әуестік салдарынан қайтыс болады екен. Түтінқұмар қытайлықтардың 56,8 пайызы дәрігерлер. Министр Чэнь Чжу: «Дәрігерлердің шылымды тастауы қарапайым халыққа үлгі болуы тиіс»,-деп отыр. Ол аурулармен жұмыс кезінде, жалпы, медицина мекемесі ішінде темекі шегуге тыйым салатын өзге дамыған мемлекеттердің тәжірибесін алға тартады.

Категория: Этикет | Просмотров: 449 | Добавил: модератор | Дата: 12.04.2014

«Ар-ұят-адамның жан азығы»
Арыңды сақта, біреуге оны таптатпа. Ар-ұят-адамның жан азығы.
Ердің екі сөйлегені-өлгені.
Жағымпаздық-адамның қарғыс атқан қылығы, адамдық қасиетін қорлауы.
Өтірік алдау, шағым болған жерге, мойныңа арқан салса да барма.
Не ұлық, не бай кісі сөгіп тұрса, естімеген кісі боп қалма. Біреудің көзге қылған артықтығын білмегенсіп, құр босқа ішіңнен жанба!
Күншілдікпен біреудің мінін із ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 503 | Добавил: модератор | Дата: 07.12.2013

  Күлкі адам жанын сергітетін ең жақсы көмекші. Бұған қоса, күлкі арқылы адамның мінезінен де хабар алуға болады. Зер салыңыз, айналаңыздағы адамдар қалай күледі, біздің сипаттамамен салыстырыңыз.
-Дауыстап, жан тәнімен күлетін жандар-күшті, денсаулығы жақсы, ашық, ақкөңіл, көпшіл келеді.
-Тым қысқа бәсең күлкі-ақыл мен ерік жігердің, алайда ұяңдықтың да белгісі. Мұндай жандар, кез-келген ауыртпалықты оңай жеңіп шығады.
-Шиқылдап күлетіндер-кекшіл, ызақор және қызғаншақ келеді. Мұндай адамдар жұмбақ, әлсіздерді мазақ етуге құмар, ортақ әңгімелерге араласқанды ұнатпайтын болады.
-Үзік-үзік күлкі-жүйкесі шаршаған, шыдамсыз адамдарға тән.
-Дөрекі күлкі-дөрекіліктің өзімшілдіктің билікқұмарлықтың белгісі.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 466 | Добавил: модератор | Дата: 04.10.2013

  Көп адамдар ертеңгі асқа дұрыс көңіл бөлмейді. Ал, ғалымдардың айтуынша, таңертең тамақтанған адам өзін күні бойы жақсы сезінеді екен және бұл диабет пен семіздікке қарсы жақсы әсер етеді.
  Ғалымдар 25-37 жас аралығындағы 2800 адамды 8 жыл бойы бақылапты. Сонда таңертең міндетті түрде тамақтануды әдетке айналдырған адамдардың арасында таңертеңгілік астан бас тартып жүрген адамдарға қарағанда семіздік және басқа зат алмасудың бұзылуы әлдеқайда сирек кездескен.
  Ғылым бұл феноменді әлі толық түсіндіре алмай отыр. Бірақ мынадай жорамал айтуға болады: таңертеңгілік тамақ ішу адам ағзасындағы зат алмасу процесіне қолайлы жақсы әсер етеді.
Категория: Этикет | Просмотров: 509 | Добавил: модератор | Дата: 15.09.2013

«Есті қыз етегін қымтап ұстайды»
(Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сараптау коммиссиясы мақұлдаған әдебиеттерден)
1. Ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
2. «Есті қыз етегін қымтап ұстайды».
3. Әйелдің жалаңаш денесі еркектің ойын өзіне бөлгізеді. Жинақы жүр. Сонда еркек елеңдемейді.
4. Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
5. Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу-дарақылықтың белгісі.
6. Кісі кемшілігін көруге емес, түзеуге әуестен.
7. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетеді.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 805 | Добавил: модератор | Дата: 17.08.2013

  «Кемістіктеріңізді ойлай бермеңіз»-деседі мамандар. Жаратылысынан тым ұялшақ адамдар болады. Бұл әсіресе жастардың арасында жиі кездеседі. Мұндай адамдардың көбі, іс жүзінде басқалардың өзіне назар аударғанына тым көп мән береді. Олар қашан да болсын басқалар мен туралы не деп ойлайды, не дейді деген ойдың шырмауында жүреді. Жұрт жиналған жерде не топқа кіргенде бұлар барша кісілер тек өзін ғана бақылайтындай сезінеді.
  Іс жүзінде әсте олай емес, дейді маман психолог. Жұрттың назарын өзіңе аудару оңай шаруа емес, ол үшін көп өнер керек.
  Өзіңіздің бітім-тұлғаңыздың кемістігіне күмәнданушылық та ұялшақтықтың бір себебі болуы мүмкін. Ал өзін-өзі қораш сезініп, басқалардан кем санау шындап келгенде мүлдем тұйықтыққа апарып соғады. Дәрігерлер тіпті әйелдердің тым салқын, ал еркектердің төмен қабілеттілігінің болуы осы өзін-өзі кем санауды ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 520 | Добавил: модератор | Дата: 04.08.2013

  Мінез-ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

***
Өз дәулетінен артық киінбек не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ-кербездің ісі.

***
Өзі өзгеше боламын демектің түбі-мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күңшілдікті бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды.
***
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі.
Категория: Этикет | Просмотров: 1227 | Добавил: модератор | Дата: 18.07.2013

  Сыпайылық «уақ-түйектен» басталады деседі мамандар.
  Көшеде келе жатқанда керексіз оны-мұны тастау, қақырынып-түкіріну, саусағын безеп сөйлеу, балаларға айғайлап, зеку, тамақ қалдығын тастау, транзистор не магнитофонын даңғырлатып жүру, ұшырасқан танысының қайда бара жатқанын сұрау ыңғайсыз, тәрбиесіздік деп саналады.
  Жолаушы көлігінде өнегелі ер адам түрегеп тұрған әйел, жасы үлкен адам жоғына көзі жеткеннен кейін ғана бос орынға отырады. Мұндайда жанында келе жатқандарға тесіле қарауға, алда тұрған адамды кимелеп, итеруге болмайды.
  Пойызда тәрбиелі адам төменгі орнын жасы үлкен адам болса соған ұсынады. Купеде аяқкиімді шешпеген дұрыс. Купеде алдымен үстіңгі орынға  жататындар жайғасады.
  Ұшақта да жолаушыларға жол жүргендегі жалпы та ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Этикет | Просмотров: 1540 | Добавил: модератор | Дата: 04.07.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz