Суббота, 16.12.2017, 15:47
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Март » 21 » Гүлшира Үмітбаева. Өлеңдер
Гүлшира Үмітбаева. Өлеңдер
21:51
Махаббат
Өмір жолы-ай түлкідей бұлаңдаған!..
Сүйгенім бар, сырым бар сұралмаған.
Махаббатсыз дүниенің қызығы жоқ.
Сүймей-күймей, ынтықпай тұрар ма адам!

Қатыгездік көп жанды жаралапты,
Түсінбей сезімдегі ғаламатты.
Өз басым жоғары ұстап келемін мен
Өміріме сән берген Махабатты.

Қос бұлақтай қосылдық ағып келіп,
Кеудемізге жалынды шаттық толып.
Біздің нұрлы Махаббат гүлдей берсін,
Ел аузында жүрейік аңыз болып.

Нарыным
Ер жеткізді, Нарыным, сенің нәрің,
Суыңменен сіңірдім бойға дарын.
Көзіме ыстық дидарың әрқашанда,
Нарыным, құштар саған менің жаным.

Саған талай сырларым ақтарылды,
Тәтті күндер жүректе сақталынды.
Еске аламын мен қазір сағынышпен
Жағаңда ойнап жүрген шақтарымды.

Сағыныштың лаулаған жалынын-ай!
Көрсетші сол күндерді тағы құдай!
Мендегі толғанысты сезбейсің бе?
Неге тыныш жатырсың, Нарыным-ай!

Жастық-ай
Жел сияқты соғып өткен жастық-ай,
Су сияқты ағып өткен жастық-ай!
Кеше ғана бала едік жүгірген,
Өте шықты, өте шықты, ах, Құдай!

Толықсыттың жаңа туған айымдай,
Шапқылаттың арғымақтың тайындай.
Енді, міне, сүмірейттің еңкейтіп,
Тұрсаң нетті бақытымнан айырмай.

Осы өмір, оу, ағайын, мәнді ме?
Би билейік, ұмытпайық әнді де..
Дүниеден дүрілдетіп өтейік,
Жүрмейміз ғой тіршілікте мәңгіге.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 594 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/4 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Март 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz