Понедельник, 27.03.2017, 23:20
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 20 » Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931)
Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931)
08:11
Ерейментау
(үзінді)

Сарысуды ауылым жанай қонған,
Әкем-Құтпан, ағайым-Шоңай болған.
Қазы, қарта әкелсе жемеуші едім,
Түрменің қара наны балдай болған.

Іші жаман түрменің темірлеген,
Шіркін көңіл қайғымен семірмеген.
Жан-жағымның, қарасам, әскер бәрі,
Терезеден кім қалды телмірмеген?

Болған екен несібем менің түзден,
Күдер үзіп жүр ме екен ел-жұрт бізден?
Оқта-текте қайран жұрт еске түссе,
Шымырлап жас шығады екі көзден.

Жығылуы батырдың боқтан да оңай,
Қорыққанға қос көрінер жалғыз қурай.
Бейнеттінің таңынан тартса қасқыр,
Оны да сақтайтұғын жаппар құдай.

Жоқтың күні немене бар қасында,
Жарбаңдайды жапалақ жар басында.
Жалбарынып сұраймын, сақта, құдай,
Қас қылған қаныпезерден жолдасына.

Ботықара, жолымда қаласың да,
Ерейментау, Баянның арасында.
Тоғыз жасар Дәулетхан жетім қалды,
Тірі жүрген қасқырдың баласындай.

Қатар-қатар қаланған тастарым-ай,
Мұнарланып көрінген бастарың-ай.
Еске түссе, қайтейін, Ерейментау,
Көзімнен ақты парлап жастарым-ай!

Жас күнімнен ел кезіп көрдім көпті,
Жел сөзге әуел бастан аузым епті.
Сығалап абақтының тор көзінен,
Айтайын өздеріңе біраз кепті.

Тумай жатып өш болды маған болыс,
Аударылды сол үшін талай қоныс.
Сатырлатып сабаушы ем шеттерінен,
Мынау ояз демеуші ем, мынау болыс!

Қош-аман бол, Сарыарқа, өскен жерім,
Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.
Тартысып ертелі-кеш кәззаптармен,
Шұбырып маңдайымнан аққан терім.
1898ж

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 821 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [206]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [90]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz