Воскресенье, 04.12.2016, 02:51
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Апрель » 12 » Ізгілік жолында
Ізгілік жолында
19:30

Үлкенді-кішілі қызмет қамымен жақын жатқан елді мекендердің бірінен жаңа ұзағанымда жол шетінде тұрған бір жігіт ағасы «мені де ала кетіңізші» дегендей қолын көтерді. Жеңіл мәшинемнің есігін ашып қасыма отырғызғанда Өскеменге бет алғанымызды тағы бір пысықтады. Адамды жатырқамайтын жан екен.  Тым-тырыс, қабақ түйіп отырмай, өзінің шаруа жайынан хабардар етіп жатты. Өзінде де мәшине бар екен, соған бір қажетті бөлшектерді  қаладан таппақшы: күнде шыға бере алмайтын көрінеді, шаруа қожалығында әр алуан жұмыстар істейді екен, бастықтары-өздерінің ауылдас жолдас-жоралары сияқты,  бұрын кеңшарда бригадир болып істепті, өнерлі жігіт көрінеді...
Неше түрлі қызметтерге шақырды, ұзап шыққысы келмейді, сұрасаң : «сол өзім үйренген жұмысымды істеймін» дейді де қояды,-деп бір тынды да, неге екені белгісіз күліп жіберді. Кішігірім бір ауылдың қасынан өтіп бара жатыр едік, бір «әгірөттің шарбағын жөндеп жүрген біреуді көрсетіп: «Мінеу, анау «қасқаның» бармаған жері жоқ, мол ақша табам деп Магадан дей ме, Омбы, анау Өзбекстан, Тәжікстан жақтың бәрін шарлап шықты, үй ішінің берекесін кетіріп, әлекке түсірді. Сондай «әңгүдіктерге» құдай жақсы әйел береді екен, келіншегі болмаса, мүлде еңселері түсер еді үй іштерінің, бұл ауыл біздің шаруашылықтың жерінде, бәрін жақсы білемін. Білмейтінім-басында әжептәуір мыйлары бар осындай жігіттер неге ойсыз қадамдар жасайды? Тапқан көп ақшасы қайда кеткенін айтса да түсіну қиын. Жолда ұрлатып алдым дейді. Онда неге поштаны пайдаланбады, түсініксіз. Азып-тозып, шаршап-шалдыққан кісіден не сұрайсың?» деп маған қарады. Менің пікірімді естігісі келіп отырғаның әрі мені сырттай таныған сезіп пікірімді айттым.
-«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім бес нәрсені құрметтемесе, бес нәрседен құр қалады» деген ғой. Соның бірі: «Кім өзінің жанұясы құрметтемесе, тыныш өмірден құр қалады» деген. Ережеп, Шағбан, Рамазан айларында осы төңіректе де мол мағлұматтар беріледі. Назар салып жүріңіздер»,-дедім.
Ол біраз үнсіз қалды... Қалада екеуіміз бір-ірімізді бұрыннан танып, аралас-құралас жүргендей-ақ  жылы хоштастық. Хоштасарда:
-Ағай, менің атым Құрманбек,-деді. Неге айтқанын сұрамадым. Ізгілік жолында жүрген жандардың бойындағы жылу-жақсылық көп қой. Несіне сұрайын?..

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы,
Мұхамади атындағы Өскемен қалалық мешітінің бас имамы

 

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 232 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz