Понедельник, 05.12.2016, 13:33
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Октябрь » 6 » Кейуана тілегі жебеп жүрсін
Кейуана тілегі жебеп жүрсін
16:55

Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,
Жиі келер жер болды мола қасы.
Барлық жолдың бақиға апаратын
Атақтысы бүгінде-жол апаты!

Теріс іске кей пенде текке еліктер,
Терден оған орын жоқ-тексеріп көр.
Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашар
Тасып аққан тас жолда көп көліктер.

Келешектен осы шақ сый күткенді,
Ентелейді  күйкі істерді.
Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,
Бір досымның аяғы гипстелді.

Кімге аяусыз тырнағын өлім салса,
Сол сезеді тұрарын өмір қанша.
Темір тұлпар жүйткіген
Қас-қағымда
Ұқсап тынар табытқа-темір қаңқа.

Серт берсең де мың жерден шошымасқа,
Селк етерсің айналса осы расқа:
Доңғалақтан дүние дөңгеленіп,
Қол аяқтан ажырап басы жатса!
 
Жыр жазғанын жұбатпас, күн кешкенің,
Не астында қалғанын гүлдестенің!
Қуанышты көңілден сырып тастар,
Құлыптас боп қарсы алса бірге өскенің.

Сенің тас жол, үрейлі сұрың, кейпің,
Сен осылай өмірді тілімдейсің.
Пәлекеттен сақта! деп  бірге
Кейуаналар боп алды күбірлейтін!

Шопыр бауыр, ие бол рөліңе,
Жылжы алға жолыңа гүл егіле.
Ақсын өмір ағысы әр күн сайын
Кейуананың қосылып тілегіне.
Сәндібек Жұбаниязов,
Алматы қаласы

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 152 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz