Понедельник, 27.02.2017, 14:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Апрель » 30 » Ұлар
Ұлар
09:29
Жалғасы...
Үйірі жусап жатқанда біреуі қарауылдап тұрады. Қатер төнсе ол белгі беріп, бәрі адам аяғы бармас құз-қия жақпарға жасырынып, көзден әп-сәтте ғайып болады. Тауға ол шапшаң көтеріледі, бірақ қанатын көп қақпай, баяу қалықтап қана ұшады. Ұшқаннан да жүгіргенді, өз аяғымен оттағанды ұнатады.
Ұясын ұлар жазда салып, балапанын ұрғашысы басып шығарады. Орташа он алтыдан жұмыртқа басады. Жұмыртқасы қоңыр дағы бар жасыл-сары болады. Ал, балапандары жұмыртқадан шыға сала жүгіріп кетеді. Ұя салар алдында, әсіресе, сәуір, мамыр айларында қораздарының таласы күшті болады. Олардың таласып қырғысқан тұстағы қиқу-шуы құлақ тұндырады. Тегі біздің «ұлардай шулап» деген теңеуіміз осыдан алынса керек.
Күнге шағылғанда алтындай жалтырап, қошқылсары, ақшыл-сұр, көкшіл-қара түспен сан құбылып тұратын ұлар қауырсыны аса әдемі. Содан болар, оны киелі санап, сойғанда жүнін жұлмай терісін іреп алып, көп жерде төрге іліп қоятын да әдет бар.
Бұл өзі әжептәуір құс, ұзын тұрқы 60 сантиметрдей. Ал орташа салмағы екі жарым-үш килограмм шамасында. Еті дәмді де нәрлі, көректігі күшті. Ерте шығыста оны көбіне емге қолданған. Ел ішінде                                                                                                                   ұлар етін жеген адам ұзақ жасайды деген сөз бар. Дәмді еті өзіне дұшпан болып, бертін ол қисапсыз көп ауланып, көп жерде құрып кетті. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мақалда аты қатар аталған Ұлытаудың өзінен енді ұларды емге іздеп табу қиын. Сондықтан да ол сирек кездесетін табиғат сыйы есебінде халықаралық «Қызыл кітапқа» кіріп отыр. Ендеше тауларымыздың сәні сияқты бұл құсқа көз қырын салып, көбеюіне қамқор болуымыз керек.
С. Есжанов.

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 519 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [82]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz