Воскресенье, 22.10.2017, 20:18
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Июль » 22 » М. Төктебайұлы. Мәйітхана (Басы)
М. Төктебайұлы. Мәйітхана (Басы)
20:11
Өмір белестерінің өткен шақтарын кейде оймен шолып отырғанда кейбір жолдастардың барынан жоғы жақсы ма деп қалатының шындық. Ол кезде осы өзіміздің қаланың "Масақ" деген дүкені маңында көп пәтерлі үйлердің бірінде, бесінші қабатында тұратын едім. Жасым отыз бестен жаңа асқан кез еді, тегінде ауылда өскен кісі өзінің ауылдастарын ұмыта қоймайды ғой, бір күні өзімен бірге оқыған Хасенғазы деген сыныптасым кездесе қалды. Үйден жаңа шыққан бетім-Хасенғазыны көріп қарқ болып қалдым. Шілденің ыстығына әбден мезі болып, салқын сыра ішемін бе деген арам ойым бар еді, Хасенғазыны көріп ол ойымды ұмыттым. Жаңағы магазиннің алдына таман жақындағанымда Хасенғазы да мені көрді ғой деймін, маған қарай жедел басты аяғын. Ауылда оқып жүргенімізде ол оқуға нашар болып, алтыншы сыныпта қалып қойған бізден. Содан қала берді, оқу қонбады мыйына. Кінә өзінде, ешкімде жазығы жоқ. Бірақ, бұрынғысынша үстіне не ілінсе, соны киіп, салдыр-салақ жүре беретін әдетін қоймағаны көрініп-ақ тұр. Үстіндегі жол-жол көйлегі, қоңырлау шалбары жыртық болмаса да жырым-жырым сияқты көрінеді. Салтақ-салтақ, аяғындағы бәтіңкесінің түр-түсі белгісіз, шаң басып қалыпты. Трактор жүргізуді оқымай-ақ көрші-көлеңнен үйреніп алған. Онысы дұрыс-ақ болды, бірақ сол жақ көзіне темір тигізіп алып, жазасын біраз тартқан. Жиі кездеспегендіктен үйленді ме, анау-мынауысын білмеймін. Білетінім әкесі ауруханада жатыр деп еді, соған келген ғой. Әйтпесе, мұндай кезде тракторшыны жұмыстан кім босатады? Өз ойыммен өзім Хасенғазының өзіне ұқсап оны дарақылана: "сен қайдан жүрсің, ей!"деп бас салып құшақтай алмақшы болғам. Оған қисыны келмеді. Көз алды-тер ме, жас па-белгісіз-сарғыш өңі әзілге бейім байқалмады. Жөн сұрастық. Мен жайымды айттым. Бүгін жұмыстан бос күнім. Әйелім-қызметінде, балалар оқуында. Ол қуанып кетті:
-Ана жылы әлгі ауыл шаруашылығы көрмесіне келгенде үйіңе бір келгеніміз есімде. Сені кездестіргенім қандай жақсы болды?! Енді кішкене ғана кешіксем, сенімен кездесе  алмай қалады екем,-деді сәл ғана жадырап,-Тіпті үйіңді де таба алмай қаламын ба деп қорқып келе жатыр едім, Балтабек, мен сондай қиналыңқыранып тұрғаным.
Мен оның өң-түсінен қиналысын аңғарып, жаным аши бастады:
-Ия, не болды соншама?-дедім,-Ел-аман, жұрт-тынышта алынбайтын қамал жоқ қой!
-Солайы солай. Алайда, өзің білесің, біздің жұрттың "осы жер деген көш жер" болып ұзап кететіні бар ғой, әкемді алып кетейін деп келіскен мәшине жүргізушісі мына көрші ауданға іссапармен келген, маған кеше соғам деп еді, келе алмады, әрең хабарласып едім, бүгін келмекші…
-Ой, құдай-ай!-деп сөзін аяқтатпадым оның,-сол да сөз болып па? Ауруханадан шығарған ғой, тегі. Мәшине келгенше біздікіне жата тұрыңдар.
-Сен нағыз жолдас екенсің, Балтабек,-деді ол ерекше жадыраңқырап,-қаладағылар үйлеріне кісіні жолатпауға тырысады деуші еді, әйткенмен, өзіміздің ауылды кісің ғой!
Пәтерімнің нөмірін, басқа жай-жапсарды біліп алған соң, қабағы жөндеп бір ашылмаған Хасенғазым әкесін алып келуге тұра жүгірген. Енді қайтсін? Ауруханадан шығарса: "мен мәшине келгенше қайтадан жата тұрайын", демейді ғой. Орысшаны қойып, қазақша жөндеп сөйлей алмайтын жауапсыздау, салдыр-салқам Хасенғазы досым бұл жөнінде ешкіммен келісе алмайтыны анық. Сонан соң оның әкесін жақсылап қарсы алуға кірістім. Екі бөлмелі пәтерімізден таршылық көріп жүргенбіз. Ұйықтайтын бөлмеге жолдасымыз бірден "залдан" шығады. Ыңғайсыз. Құрметті қонақтарды оған жатқызбасаң, есік алдында жатқандай болмай ма?! Ондай қонақтар келгенде түнімен ұйқы көрмейміз. Үлкен кісілер түннің қайнаған ортасында дәретхана іздейтіні бар. Кішкене сыбдыр естілсе, "қонақ" бөлмеге қарағыштап әлсін-әлі оянып, қора күзеткен сақ иттерше шала ұйқымен жатамыз.
Сонымен қойшы Хасенғазының әкесіне, біздің есікті ашып көрмеген кісі, ұят қой, сол "қонақ" бөлмені яғни "төргі үйді" өзімше дайындаған болдым. Науқас кісі жантайып жата бергенді жақсы көрмей ме? Бірден сонда жатқызсам, Хасенғазы екеуіміз асүйде емін-еркін отырамыз деген ой бар көкейде…
Жалғасы бар…

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 551 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [90]
Поиск
Календарь
«  Июль 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz