Суббота, 16.12.2017, 16:01
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Апрель » 9 » Мың түрлі сыр
Мың түрлі сыр
01:27
Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.
С. Сарайи

Ажырасар болған соң, құшып сүйгеннен не пайда.
С. Сарайи

«Бұл дүние-ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.
Құтып

Махаббат-қашып құтыла алмайтын қайғы.
Р. Хорезми

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,
Шапағат сыйла сен де пейілденіп.
Р. Хорезми

Жаны таза адам сұлулыққа құмар келеді.
Р. Хорезми

Жылуы жоқ жүрек-қуыс кеуде.
Ж. Баласағұн

Махаббаттан мың түрлі сыр туады.
Улы жылан сөз емес, махаббат уы тұрғанда.
Көне ұйғыр жазу ескерткіші
Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдам болса, ғашық болмайды.
Құтып

Құпия жүрген махаббат айырылар күні қор болар,
Жаралы көзді жасырма-бәрібір жасы сорғалар.
М. Қашқари

Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты,
Жері оның теңізден де тұңғиық-ты.
Ж. Баласағұн

Жүрек кімді қаласа, сол-сұлу,
Сүйген адамға жаның жол табады.
С. Сарайи

Махаббаттан өмір туады.
Р.Хорезми

«Бұл дүниені ұстап тұрған-махаббат, егер сүю болмаса, адам да болмас еді»,-депті біреу.
Құтып

Үйлену дегеніміз-өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.
А. Шопенгауэр

Семья махаббатың шаршап-шалдықпайтын еңбегімен жасалады мес пе?
Ф. М. Достоевский

Теңсіз неке-алдын ала егілген бақытсыздықтың дәні.
А. И. Герцен

Семьялық махаббат адамдар арасында анағұрлым кең таралған және анағұрлым берік, өйткені адамдардың өміріне ықпалы жөнінен адамның барлық ізгі сезімдерінің ішіндегі ең маңызды әрі ең игісі.
Н. Г. Чернышевский

Шынайы адамгершілік махаббат-сезім асқары мен жүрек қалауын қанағаттандыруға емес, бір-бірінің адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге ғана негізделуге ғана негізделуге тиіс.
В. Г. Белинский

Семьяны жасайтын және нығайтатын күш-махаббат. Әке-шешенің, әке мен балалардың, ана мен балалардың өзара, сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда, махаббат-басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз-орасан зор еңбек.
В. А. Сухомлинский

Махаббатсыз-дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Абай

Махаббат-әуелі адамның адамдығы.
Абай

Шын көңілмен сүйсе екен,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Абай

Шын сүйіспеншіліктің әуестенуден өзгешелігі-ең алдымен, оның тереңдігінде... Тек құмарлыққа ғана салынып, шынайы махаббат қолынан келмейтін адамдар бос кеуде боп қала береді.
Б. М. Теплов

Махаббатта астар көп. Бұлардың әрқайсысының өз жарығы, өз мұңы, өз бақыты, өз рахаты бар.
К. Г. Паустовский

Махаббат ыстық сезім, бірақ оған ақыл, ес әмірші болуға тиіс.
В. А. Сухомлинский
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 787 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz