Вторник, 27.06.2017, 17:11
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Май » 18 » Оқыңыз, ойланыңыз!
Оқыңыз, ойланыңыз!
08:15
(«Алтын босаға», 16.1 2013 ж қысқартылып алынды)
  ...Ол қағазда былай деп жазылған. «Мектепте өте жақсы оқыдым. Он жылдықты алтын медальға бітіріп, КазГУ-ге оқуға түстім. Лениндік стипендиант болып, оны да қызыл дипломға бітірдім. Ұстаздарым: «Сенен үлкен ғалым шығады» деп университетке оқытушылыққа қалдырып, кандидаттық қорғауға көндірді. Сол кездегі жетістігіме малданып жүргенімде, ана болу, отбасы құру, бала сүю бақытымнан кешіккенімді білмеппін. Тұрмысқа шығып, бала-шағасымен улап-шулап жүргендерге мүсіркей қарап, «ақымақтар» деуші едім. Ғылым кандидаты болып, докторлық тақырып алғанда отыздан асып кетіппін. Тұрмысқа шығуды есіме ала бастадым. Бірақ, менімен жастылар үйленіп кеткен. Күйеуге шыққан құрбыларым күйеулерін қызғанса, үйленген жігіттердің әйелдері қызғанады. Той-томалаққа бара алмаймын. Сонымен, өмір өте берді. Докторлық қорғап, пәтер алған соң, қалаған еркегіме тиіп аламын деп ойладым. Бірақ, менің ойымда, қиялымда жүретін, үйленбеген еркектер маған қарамайды. Ажырасып, үйсіз-күйсіз жүргендер, жоғары білімі жоқтар мен «дайын үйге» кіргісі келгендерді менсінбедім. Осылай жүргенде қырықтан астым. Алғаш маған тек кемпірі қайтыс болған шалдар ғана сөз салатын болғанда, күйіп кете жаздадым. Баяғы ақымақтығым ғой, арланып өзімді әлі жиырмадағы қыздай сезініппін. Қазір елуден асып кеттім, бала тумайтын, отбасына бақыт сыйлай алмайтын мен сияқты сорлы кімге керек? Ауылда күйеуінің жағдайын жасап, қазақ мемлекетін өркендету үшін талантты ұлдар мен дарынды қыздарды дүниеге әкелген, оқымай-ақ сиырын сауып, баласын емізіп отырған әйел-менен мың есе бақытты және менен мың есе ақылды әрі білімді екенін тым кеш түсіндім. Барар жерім жоқ, күні бойы сандалып университетте өзімді-өзім алдап жүремін, күн батпаса екен деп тілеймін. Кешке үйге келгім келмейді, мынау жалғыз бөлмем-менің молам. Күнде жұмыстан қайтқанда алдымнан жүгіріп, не балаларым, не немелерім шықпайды. Жалғыз бастының жегені желім, ішкені ірің. «Ой, жалғыз жақсы тұрып жатырмын, ештеңеге басым ауырмайды» дейтіндер-есі ауысқандар. Менің алтын белгім, қызыл дипломым, докторлығым кімге керек? Осында жалғыз жатып, таңертең «тұрмай» қалсам, мына грамоталарым мен атағым, қожыраған қағазымды тышқан жеп, өзім көмусіз қаламын».
  Ойлана, ойландыра әдемі жазылған. Әрине, отбасы бақытының орнын ештеңе алмастыра да, толтыра да алмайды. Олай болса, отбасы құруға асығыңыз, бойдақ оқырман.
  Мен оң жақта отырып қалған кәрі қыздарды көргенде көтерілмеген шаңырақ, ашылмаған гүл, туылмаған бала көзіме елестейді.
Дарханның хатынан, Алматы қаласы.  

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 829 | Добавил: модератор | Рейтинг: 1.5/4 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [90]
Поиск
Календарь
«  Май 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz