Пятница, 12.02.2016, 16:54
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Муфтият.Kz
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Пайдалы кеңестер
« 1 2 3 4 5 6 »

  Жемістердің ішінде алманы жылдың қай мезгілінде болсын үнемі қолданамыз десем, артық болмас. Оның ағзаға тигізер пайдасынан хабардар болғанымыз дұрыс болар деген ниетте, өзім білетін алманың қасиеті, оның қандай сырқаттарға пайдасы зор екенін айтқым келеді.
  Алма С, В, В2, Р, Е, каротин, калий, темір, марганец, кальций, қант және көптеген пайдалы химиялық элементтерге бай.
  Ол бүйрек аурулары үшін, әсіресе инфаркт ауруларына шалдыққандарға аса қажет дәм. Бүйрек ауруымен ісіп кеткендер үшін шипалы сусын әрі ас. Алма қабығынан қайнатылған сусын салмағынан арылушылар үшін таптырмайтын дәрі.
М. Шалғынбай,
Шымкент қаласы.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 154 | Добавил: модератор | Дата: 18.08.2014

Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма-жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда:
-Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін  қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі.
-Құрмада В1 және В2 дәрумендері болады. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
-Қабығы мен сүйегінде көп мөлшерде дәрумен болғаны үшін, сүйектерін де сорып жүруге кеңес беріледі.
-Құрма қақырыққа және жөтелге жақсы септігін тигізеді.
-Қан тамырларын жұмсартады және тамыр қатаюының алдын алады. Одан бөлек қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.
-Арабтар кофе және басқа да ішетін сусындарымен бірге міндетті түрде құрма жегені үшін, оларда холестерин аз болады.
-Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.
-Қарағай жаңғағымен (кедровый орех) бірге желінетін болса, бауырды тазалайды және қуаттандырады.
-... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 229 | Добавил: модератор | Дата: 16.07.2014

  Бет күнге күйіп қалған жағдайда шикі картоп пен қияр жақсы көмектеседі. Ол үшін қияр мен картопты үккіштен өткізіп, терінің күйген жерлеріне жұқалап жағып шығу керек. Оның үстінен салфетка жабасыз. Капуста жапырағын майдалап турап жағуға да болады.
 

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 196 | Добавил: модератор | Дата: 09.05.2014

  Адам әр кездерде түрлі жағдайларға байланысты депрессияға ұшырып отырады. Әсіресе күз мезгілінде оның әсері тез байқалады. Мәселен, күн салқындағалы ұйқыңыз қанбай жүрсе, денеңіз дел-сал болып, жұмыс не сабаққа ынта төмендесе, көңіл-күй құбылмалы болып тұрса, өз-өзіңізден тұнжырай кетсеңіз, бұл күзгі депресссияның белгісі.
  Мұндай әрбір адам өз тәсілдерін қолданса болады. Мысалы, біреу киім дүкендерін аралаумен «емделсе», екіншісі музыканы барынша қатты қойып, билеп алуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілдер біреуге көмектессе, екіншісіне көмектеспеуі де ықтимал. Ондай жағдайда төмендегі тәсілдерге назар аударыңыз:
  1.Ең алдымен тыныс алуды реттеп алған жөн. Себебі бұл миға оттегінің жеткілікті келуі мен қан айналымының жақсаруын жүзеге асырады. Ол үшін далаға шығып, әрбір 4-ші қадамда дем алып, келесі 4-ші қадамда тағы да дем алмайсыз. Осы жаттығуды өте жиі қайталап о... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 273 | Добавил: модератор | Дата: 01.05.2014

  Шаштың түсуін тоқтату үшін мынадай қоспаны пайдаланса болады. Бір қасық бал, алоэ шырынын және бір қасық сарымсақ сөлін араластырамыз. Тұнбаны салқын жерде сақтап, жиі қолдануға да болады. Шашыңызды жумас бұрын осы тұнбаны бас терісіне сіңіріп жағу керек. Қолданардан бұрын қоспаға жұмыртқаның сарысын араластырасыз, жарты сағаттан кейін шашты жылы сумен шайып тастау керек. Шаю үшін өсімдіктерден жасалған арнайы тұнбаларды қолдануға болады. Үш-төрт рет пайдаланған соң, тұнба жақсы нәтижесін береді.
Алтын Демеуова.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 277 | Добавил: модератор | Дата: 19.04.2014

  Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса жүгері жүрек қан тамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 245 | Добавил: модератор | Дата: 22.12.2013

  2010 жылдың ақпан айында қызым маған бір қорап шырын мен сынап көруге үлгілер салып жіберіпті, күніне 3 рет 30 мл-ден шырын және міндетті түрде 2-3 литр су ішу керек деп ескертті.
Ол кезде менің бойымда жиналған ауру-сырқаудың түрі көп болатын. Қант диабеті, жоғары қан қысымы, артық салмақ, нашар ұйқы-осылардың салдарынан күндіз тез шаршайтынмын, жалпы дімкәстік белең алатын. Қызым міндетті түрде шырын ішуімді талап етті, өзі қадағалайтын болды. «Денсаулығың үшін өте маңызды»,-дейді. Мен күніне үш рет 30 мл-ден шырын іше бастадым. Алғашында қайта-қайта ұйқым келе беретін, кейін ала бойымда бір жеңілдіктің пайда болғанын сезіндім. Асқазан-ішек жолдарының қызметі жақсарды, ұйқым қанып тұратын болдым, бұрын ұйқысыздықтан қалжыраушы едім. Қанттың мөлшері 16-18-ден түсті, қазір 7-8-ден аспайтын болды!!! Қан қысымым да қыз баланікіндей қалыпты күйде-120/80. Өзім мұндай нәтижелерді көріп, таңғалып жүрмін, дәрі-дәрмек ішуді ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 388 | Добавил: модератор | Дата: 17.12.2013

  Электр-магнитті сәулелер біз жиі қолданатын компьютер, теледидар және тіпті ұялы телефон сияқты құралдардан тарайды. Егер бірнеше құралдар бір қатарда жақын орналастырылатын болса, олардың сәуле бөлуі күшейеді. Сондықтан электр жабдықтарын дұрыс орналастыру керек. Теледидар мен компьютерден шығатын сәуле сегіздік тәрізді-монитордың алғы бетінен бастап, аппараттың артқы жақтауына дейін шеңбер құрайды. Бұл шеңбердің диаметрі шамамен 50 сантиметрдей болады. Сондықтан теледидар мен компьютердің ара-қашықтығы кемінде 1 метрден асатындай болуы керек.
  Тоңазытқыш та, кофеқайнатқыш та электр пеші де азды-көпті дәрежеде электр-магнитті толқындар бөледі.
Электр-магнитті алаңдардағы сәулелерінің зардабынан адам ми қатерлі ісігіне, есінен жаңылуға, Паркинсон және Альцгеймер ауруларына және басқа да сырқаттарға душар болады, мінез-құлқы өзгеріске ұшырай... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 317 | Добавил: модератор | Дата: 18.09.2013

 Экзема-терінің жұқпайтын созылмалы ауруы. Бұл көбіне ағзадағы зат алмасу немесе жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болатын бөртпе түрі. Кейде экзема жас балаларға да шығады.
  Егер бетке шыққан экзема жазылмаса, солидолды (техникалық жағар майдың бір түрі) жағып көріңіз. Солидол майы бірден-бір ем. Оны 2-3 қайтара жаққаннан кейін жазылып кетеді.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 676 | Добавил: модератор | Дата: 22.08.2013

  Жақсылап жуылған 0,5 кило бидайды эмальды ыдысқа салып, су құйып, үстін жауып, бір тәулік қойып қоямыз. Бөрткен бидайды еттартқыштан өткізіп, желім қалтаға салып, тоңазытқыштың мұздатқышына қою керек.
  Таңертеңгі уақытта үстіне су құйып, жылытып, бал немесе қант қосып, ашқарынға жеу керек.
(«Ауырмаңыз!» №01 (59) қаңтар, 2012ж)

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 200 | Добавил: модератор | Дата: 06.08.2013

Қара қарақат (черная смородина) стафилококк, дизентерия секілді аурулармен тиімді түрде күреседі. Бұдан басқа, қара қарақат ағзаны С дәруменімен қосымша мөлшерде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қара қарақат ағзадағы қабыну процестерінің алдын алады.
1 стақан қара қарақаттың жидегінен дайындалған пюрені таңертең, күндіз және кешке 3 күн қатарынан жарты стақан көлемінде тамақтың алдында қабылдау керек. Мұндай ғажайып емдік процедура ағзада үлкен пайда әкеледі.
Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 195 | Добавил: модератор | Дата: 22.07.2013

  Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі іріңді, бөртпелерді, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуын емдеуге қолданылады. Геморрой түйіндерін көтеруге көмектеседі. Бұл ауру түрлерін емдеу үшін арпаның дәнін ағаш астауға салып, бетін жауып қараңғы жерге қояды. Ол 5-6 күнде бүршік жарып көктейді. Енді соны көлеңкеге жайып толық кептірп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 200 грамын 2 литр суға салып, жарты сағат қайнатып, тұндырып сүзеді. Үстіне 150 грамм алма сірке суын құйып, шайқап араластырады. Дайын болған дәріні күніне 50 грамнан 4-5 рет 2 ай ішу керек.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 224 | Добавил: модератор | Дата: 06.07.2013

  Американдық ғалымдар тауық жұмыртқасының жаңа пайдалы қасиеттерін анықтаған. Олардың жасаған тәжірибесіне 3000 әйел қатысқан. Олар күнделікті таңертеңгі асқа тауық жұмыртқасын жеген. Осының нәтижесінде сынаққа қатысушы әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі азайған. Ғалымдар бұны жұмыртқаның құрамында май алмасу процесіне қатысатын холин деп аталатын заттектің көп мөлшерде болуымен байланысты деп есептейді. Сондықтан олар әйелдерге аптасына кем дегенде үш жұмытқа жеп отыруға кеңес береді.  

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 258 | Добавил: модератор | Дата: 24.06.2013

Өкпе қабынғанда қамырды ашытып, оған 100 г сіркесуын (уксус), 100 г өсімдік майын қосып, илейді. Осы қамырды  науқастың көкірегіне қойса болады.
Н. Фролованың емдеу тәсілі
1. Өгейшөптің (мать и мачеха) 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға қосып, 30 минут тұндырып қояды. Суығаннан кейін күніне 5 рет ішу керек.
2. Сібір шыршасының қылқандарының 4 ас қасығын 2,5 стақан қайнаған суға қосып, 3 күн тұндырып қояды. Күніне 3 ас қасықтан 5 рет ішу керек.
3. Жүзжылдық шөбін ұнтақтап, 1 шай қасық тұз салып, суда біраз уақыт қойып қоясыз. Тамақтанар алдында 1 сағат бұрын 1 ас қасықтан ішеді. Күніне 3 рет.
Дегенімізбен дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 227 | Добавил: модератор | Дата: 12.06.2013

Кәдімгі алманы кептіріп, қақ жасауды бәріңіз білесіз. Сол кепкен алманы қантсыз суда қайнатып, үнемі сусын ретінде ішіп жүрсеңіз, қан айналымын жақсартады. Қан тамырларының қабырғаларын шлактардан тазартып, бойға қуат береді. Кепкен алманың жарты кг ұнтағын осындай мөлшердегі сары маймен араластырып, әрқайсысын бармақтың басындай етіп домалақтап, мұздатқышқа қойыңыз. Күніне жатарда соның бір данасын жесеңіз, жатырдың қабыну ауруларына ем болады.
Жарты келі балға осындай мөлшердегі алма ұнтағын араластырып, күніне бір шай қасықтан үш мезгіл ішіп жүрсеңіз, бауыр, бүйрек, қуық сырқаттарына таптырмайтын ем болмақ.
Саийд Юлдашәлі Қазақстан Республикасының 1-дәрежелі халық емшісі
(«Алтын босаға»  № 02 сәуір-мамыр 2013ж)

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 293 | Добавил: модератор | Дата: 01.06.2013

Форма входа
На русском языке
Новости Агенства
Категории раздела
Өмір өрнектері [196]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [142]
Тәлім өлең [117]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [79]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [77]
Білгіміз келеді [86]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Архив записей
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz