Четверг, 08.12.2016, 13:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Ноябрь » 12 » Соқыр абыздың батасы
Соқыр абыздың батасы
18:51

Қаракерей Соқыр Абыздың Қошқарұлы Жәнібекке берген батасы:
Бедеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын,
Қабағың жазық болсын,
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халқың кетпес қасыңнан,
Олжа кездессе, жолдасыңа бөліп бер,
Сонда қаумалаған досың кетпес қасыңнан.
Бақытың кетпес басыңнан!-

дегенде әкесі берген ішікті Абыздың иығына қаусыра жапқанда қайыра берген батасы:
Адалдық пейіл менен санаң болсын,
Әуелі сыйынғаның панаң болсын.
Жүрегіңнің басына иман толып,
Аузыңа ақтық сөзі тобаң болсын.
Сонан соң алған жарың жақсы болсын.
Жаманат пен өсектен аман болсын.
Балаңның бәрі бірдей момын болмай,
Біреуі ел билейтін адам болсын.
Жан бергенге мал біткенше талап болсын,
Баладан да туғанның жолы басқа,
Артыңда содырлы іні,
Алдыңда қадірлі ағаң болсын.
Соғымды қысты күні семіз сойып,
Сары қымыз сапырулы сабаң болсын,
Төрт бақыт, жеті байлық жолдас дейтін,
Осының барлығы да саған қонсын.
Қадірлі халық ішінде әділ болып,
Осы айтқаным осымен тәмәм болсын,-дегенде:

Жаңағы сіз айтқан «жеті байлық» не нәрсе еді,-депті Жәнібек:
Абыз:
Әуелгі байлық-денсаулық;
Екінші байлық-еркіндік;
Үшінші байлық-тіл байлық;
Төртінші байлық-қайрат-күш;
Бесінші байлық-ақ жаулық;
Алтыншы байлық-балаңыз;
Жетінші байлық-жүз саулық.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 396 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [205]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [20]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [123]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [80]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [81]
Білгіміз келеді [89]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz