Пятница, 15.12.2017, 18:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Октябрь » 17 » Айдын Жортымов, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы»мешітінің бас имамы: «Дін және тарих тағылымы жылы» не берді?
Айдын Жортымов, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы»мешітінің бас имамы: «Дін және тарих тағылымы жылы» не берді?
23:44

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен ағымдағы жыл елімізде «Дін және тарих тағылымы жылы» болып жарияланды.
Осы жыл аясында бүгінге дейін елімізде асыл дініміз ислам мен ұлтымыздың тарихын терең зерделеу, зерттеу мақсатында қыруар шаралар атқарылды. Әсіресе дініміздің ұлт тарихымен сабақтастығын, тарихи оқиғалардың тамырластығы терең зерттелді.
Сонымен қатар бұрынғы елімізде асыл дініміз үшін күрескен, ғибратты ғұмырын Алла жолындағы іске арнаған, халыққа имандылық шуағын сепкен діни қайраткерлердің өмір туралы да тың деректер жинақталды.
Мұрағаттармен жұмыс жасау және ізденістердің нәтижесінде елімізде бұрынғы ғасырларда болған мешіттер мен медреселердің тарихынан да құнды деректер табылды.
Жыл аясында облыстық, аудандық мешіттердің имамдары мен молдалары тарихи өлкетану мұражайына барып, ондағы бағалы жәдігерлермен танысты.
Ұлтымыздың тарихына қатысты өңірде бірқатар рухани-танымдық шаралар атқарылды. Осы жыл аясында бірнеше мәрте, семинар, конференция, дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Әсіресе жас буынның бойына отаншылдық, адамгершілік сезімдерді дарытуда тың бастамалармен нәтижелі шаралар тындырылды.
Жас ұрпақты иманады, отаншыk етіп тәрбиелеудің маңызы аса зор.
Ол үшін аға ұрпақты жас ұрпаққа үлгі ету арқылы оларға имандылық пен адамгершіліктің асыл құндылықтарын бойларына сіңіруге болады.
Осы бағытта елімізде алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен «Өскемен өңірі бойынша қариялардың I форумы» болып өтуі осы жылдағы аса маңызды, тағылымды шара болды.
Мұнда зайырлы қоғамдағы ақсақалдар институының ролі елімізге танымал ғалымдардың бас қосуымен жан-жақты талқыланды.
Жиында ақсалдар бас қосып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, бабаларымыздың даңқты өмір жолын жастарға үлгі ететін келелі кеңестерін ортаға салынды.
Ақсақалдар салт-санамызды дәріптеу, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оны дініміздің асыл құндылық, қағидаларымен ұштастыру арқылы салауататты ұрпақ қалыптастырудың тиімділігі жайлы бастамаларын айтылды..
«Дін мен тарих тағылы жылында» осылайша ел тыныштығы мен бейбітшілігі, ұлтымыздың бірлігі мен татулығын бекемдеу жолында беркелі шаралар атқарылды.

Айдын Жортымов
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы»мешітінің бас имамы

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 92 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [272]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz