Суббота, 03.12.2016, 00:45
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июнь » 30 » Ауызашарды қала әкімі бастады
Ауызашарды қала әкімі бастады
00:05

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қасиетті Рамазан айында сауабы сансыз еселенетін игілікті шаралар көптеп жасалса деген талап-тілектерін басшылыққа алған облыстық мешітте ауызашар кезегі басталды.
ҚМДБ-ның Өскемен өңіріндегі өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асановтың ұйымдастыруымен, осымен екінші жыл жаңа мешіттің 750 кісілік хатымханасында Рамазан айында отыз күн бойы көпшілік жамағатқа ауызашар беру жақсы үрдіске айналып отыр.
Үстіміздегі жылғы қасиетті айдың бірінші күнінде ауызашар беруді алғашқылардан болып Өскемен қаласының әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов бастады.
Кең де мол жайылған ақ дастархан басына жиналған қауымды исі мұсылман баласының асыға күтіп, сағыныса қауышатын ұлық Рамазан айының басталуымен құттықтаған қала басшысы Жаратқаннан тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуын тілеп, сол жолда барымызды салып еңбек етіп, тер төгуге, бірлік пен берекемізді сақтауға үндеді.
Өз кезегінде облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы қала басшысының қай кезде де игілікті істе көпшілікке үлгі болып жүретінін дастархан басында отырғандарға қарата айтып, Темірбек Жұмақұлұлына деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне жеміс тілей келе, барша жамағатқа алдағы Рамазанға есен-сау жетуді Жаратқаннан сұрап дұға жасады.

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 234 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz