Воскресенье, 04.12.2016, 02:51
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Август » 30 » Қазақстан Республикасының конституциясы – тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің негізі
Қазақстан Республикасының конституциясы – тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің негізі
11:14

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 тамызында «30 тамыз – конституция күніне» орай, облыстық «Достық үйінде» «Қазақстан Республикасының конституциясы – тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің негізі» атты Шығыс Қазақстан облысындағы діни бірлестіктерінің басшылары клубының отырысы өтті.
Отырыс жұмысында облыстағы 8 конфессия, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру мекемелерінің өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлығы 35 адам қатысты.
Іс-шара барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық университетінің философия және әлеуметтік саясат теориясы кафедрасының аға оқытушысы Жиренова Айгул Толеухановна «Қазақстан Республикасының конституциясы және ұлттық сана сезім», Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының бас маманы Нұрғалиева Гүляим Қалиқайдарқызы «Мемлекет пен діннің қонституциялық құқықтық қарым-қатынастарының ерекшеліктері», Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Беркімбаева Индира Қилымбекқызы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатқа тұрғындардың қарым-қатынасы», Шығыс Қазақстан облысының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Асанов Нұрлан қажы Байжігітұлы «Өңірдегі тұрақтылық және әлемнің нығаюындағы діни бірлестіктердің рөлі», Қазақстан Православиелік шіркеуінің Өскемен және Семей Епархиясының хатшысы Яганов Евгений және «Родник» атты Інжіл христиан баптистерінің Шығыс Қазақстандық шіркеуінің басшысы Вольф Владимир Филлипович «Облыстағы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне діни бірлестіктердің қарым-қатынасы» тақырыптарында баяндамаларын оқыды.
Сонымен қатар 26 тамыздағы Абай ауданындағы «Жидебай» мемориалдық кешеніндегі экскурсия құрамында болған Семей қаласы Шіркеуінің қызметкері Явкин Виталий қысқаша аталған экскурсиядағы әсерін және бұндай іс-шаралардың жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруға, дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайтуға үлкен септігін тигізетінің айты.
Іс-шара соңында қатысушылар мерекелік дастархан басында әңгімелерін жалғастырды.
Діни бірлестіктерінің басшылары клубының отырысы сияқты іс-шараларды өткізуді дәстүрге айналдыру аумағымызда және жалпы елімізде әртүрлі мәдениеттер мен діндердің бейбіт өмір сүруінің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюының кепілі болмақ.

Шығыс Қазақстан облысының
Өскемен өңірі бойынша
баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 255 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Август 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz