Четверг, 08.12.2016, 13:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Сентябрь » 14 » Қазақстаннан қажылыққа биыл 4 мың мұсылман барады
Қазақстаннан қажылыққа биыл 4 мың мұсылман барады
13:19

Бүгін мұсылманның бес парызының бірі - қажылықты өтеуші отандастарымыздың алды Меккеге аттанады. Қасиетті сапарға биыл Қазақстаннан 4 мың мұсылман барады. Өткен жылдармен салыстырғанда әуе қатынасы жақсарған, - дейді діни басқарма өкілдері.

Бұған дейін қазақстандық мұсылмандар қасиетті мекенге Түркия немесе Біріккен Араб Әмірліктері арқылы ұшатын. Биылдан бастап Алматыдан Мәдина мен Джидда қалаларына тікелей әуе қатынасы ашылды. Отандастарымызды бұл сапарға 100-ге жуық имам бастап барады. Олар ниет білдіруші азаматтарға қажылықтың шарттарын түсіндіріп, бастан-аяқ бірге болмақ. Сауд Арабиясына қалың топпен бірге дәрігерлер де аттанбақ. Олар қажылық барысында азаматтардың денсаулығын қадағалайды. Меккедегі Әл-Харам мешітінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты Сауд Арабиясы биыл қажылыққа келетіндер санын 20 пайызға қысқартты. Соның өзінде бір миллион адамға шамамен бір мың квотадан келеді. Қазақстанда 10 миллионнан астам мұсылман барын ескерсек, елімізден жыл сайын 10 мыңдай адамның қажылыққа баруға мүмкіндігі бар.   

Қанат Бекжанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі:

Биылдан бастап қажыларымызды Сауд Арабиясының компаниясы отандық авиакомпания «Флайнас» тікелей чартерлік рейсімен тасымалдайды. Бұл небәрі 6 сағатты ғана құрайды. Алматыдан шыққаннан кейін 6 сағат 15 минуттың ішінде Джидда және Мәдина қалаларына жетіп баратын болады. Қайтуы қыркүйек айының 27-сінен басталады. Қазан айының 11-не дейін жалғасады.

Қажылыққа аттанған 160 мыңдай адам Меккеден Сауд Арабиясына кері қайтарылған. Өйткені олардың тиісті рұқсаты болмаған. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агентігі қажылық істері жөніндегі орталық комитеттің жетекшісі әрі Мекке әкімшілік округының әміршісі Халед әл-Фейсалға сілтеме жасап хабарлайды. Ал islam.kz. сайты, Сауд Арабиясының билігі Мекке шаһарына қажылық парызын орындауға 160 мың адамды жіберген жоқ, деп жазады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін қажылық парызын орындауға 700 мың адам келіп үлгерген. Алдын ала мәліметке қарағанда, олардың саны шамамен 1,5 миллионға жетпек. Биыл Құрбан айт қыркүйек айының 24-26 күндеріне сәйкес келіп тұр.

Самат ҚАНАҒАТОВ

assalam.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 144 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz