Воскресенье, 04.12.2016, 02:50
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Август » 26 » Қажылық парызы
Қажылық парызы
14:21

(«Хадистер жинағы» (Риядус-Салихин) Мұхтасар Имам Нәуәуи Алматы  2011ж, 462б)
«Аллаһтың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару-оның мойнындағы Аллаһтың хақысы. Ал кімде-кім күпірлік қылып, мұны мойындамаса, Аллаһ тағала (оның қажылығына тіпті күллі әлемге зәредей де мұқтаж емес) («Әли Имран»сүресі, 97-аят).
Әбу һурайра (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге уағыз айтып тұрып: «Уа адамдар! Расында Аллаһ тағала сендерге қажылықты парыз қылды, ендеше қажылық парызын өтеңдер»,-деді. Сонда арамыздан бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жыл сайын өтейміз бе?»-деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  алғашында үндемеді. Әлгі кісі сұрағын үш қайтара сұраған соң, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер иә деп айтсам, мойындарыңа  парыз болып қалар еді. Ал шынын айтқанда оған шамаларың  жетпейді ғой»,-деді. Соңынан бәрімізге: «Сендерге (шариғаттың қандай да бір үкімін  айтып) оны міндеттемегенімше, орынсыз көп қойып мені мазаламаңдар, өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен-орынсыз қойған көп сауалдары мен пайғамбарларына қарсы шыққандықтары-тын. Ендеше, бұйырғандарымды шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар! Не нәрседен тыйсам, содан бойларыңды аулақ ұстаңдар»,-деп ескертті,-деген. (Мүслим, хаж 412).
Әбу һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып  қайтады»-деп айтқанын естідім,-деген (Бұхари, хаж 4; Мүслим, хаж438).
(жалғасы бар)

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 211 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Август 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz