Четверг, 08.12.2016, 13:02
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Декабрь » 13 » БАС МҮФТИ: АЛЛАНЫҢ ҰЛЫ СЫЙЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
БАС МҮФТИ: АЛЛАНЫҢ ҰЛЫ СЫЙЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
22:42

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

АЛЛАНЫҢ ҰЛЫ СЫЙЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді отандастар!

Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, халқымыздың қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын және осы күнге аман-есен жеткізген Алла Тағалаға  сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Құдайға шүкір, мейман дос, кеңпейіл халқымызды игілікке бастаған Елбасы ұлттар мен ұлыстарды, әлем жұртшылығын діни татулық пен бірлікке үндеп келеді. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, көп ұлтты, көп дінді еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға атсалысу,  Отанға адал қызмет етіп, Қазақстанның бүгіні мен болашағы жолындағы игі істерге барынша қолдау көрсету – баршамыздың абыройлы міндетіміз.
Тәуелсіздік – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы, баға жетпес байлығымыз. Жаратушы Иеміздің ұлы нығметіне шүкір етіп, тәуелсіздікті сәт сайын қорғау, қастерлеп-аялау – еліміздегі әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Кезінде құлауға шақ қалған рухани құндылықтарымызбен егемендігімізді алып, еңсені тіктеген Тәуелсіздік жылдары қайта қауыштық. Дербес елдігіміздің арқасында дініміз еркіндік алды.
Ендігі жерде, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен дінаралық ке­лісімнің қалыптасуы және еліміздің хал­қының береке-бірлігін арттыру жолындағы жұмыстарға қолдау көрсету азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық.
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға ізгілік тілеймін.
Алла Тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік еткей. Мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгілік болғай! Әмин!

muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 242 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz