Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Июль » 13 » БАС МҮФТИ: ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ДҰҒА-ТІЛЕКТЕРІМІЗ ҚАБЫЛ БОЛҒАЙ!
БАС МҮФТИ: ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ДҰҒА-ТІЛЕКТЕРІМІЗ ҚАБЫЛ БОЛҒАЙ!
15:24

Құрметті бауырлар, қадірлі жамағат!

Қадір түніне баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға шексіз шүкірлер мен мадақтар болсын!
«Қадір» сөзі араб тілінен аударғанда «қасиетті түн» деген мағынаны білдіреді. Бұл – Құран түскен түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында Біз Құранды қадір түні түсірдік. Қадір кеші мың айдан қайырлы», – деп баяндаған.
Түндердің төресі, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір кеші – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн.
Жаратушы Иеміз бұл түні шынайы намаз оқып, Өзіне жалбарына дұға жасаған пенденің барлық қайырлы амалдарын қабыл етеді. Өткен қате-кемшіліктері мен күнәлары үшін өкініп, Жаратқаннан кешірілуін тілеген адамның тілегі де қабыл болмақ. Сондықтан осы кеште көбірек дұға жасаған абзал.
Айша анамыз (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем, қандай дұға жасайын?» – деп сұрайды. Сонда екі дүние сәруары: «Уа, Алла! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!», – деп дұға жасауды өсиет еткен.
Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде: «Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп Сіз бен бізге сүйінші хабар айтып, шаттыққа бөлеген.
Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді, әрбір қайырлы амалдарымызды Қадір түнінің құрметі үшін қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Бірлігіміз бен берекеміз артып, Жаратушы Иеміз әрқашан халқымызға жар болғай! Әмин!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 171 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Июль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz