Понедельник, 05.12.2016, 13:30
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июль » 9 » Бас мүфти Астана күнімен құттықтады
Бас мүфти Астана күнімен құттықтады
03:29

Астана күні қарсаңында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады. Бас мүфти: "Құдайға шүкір, еліміз тұрақты даму үстінде. Сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Осының бәрі халқымызға берген Алланың сыйы, өлшеусіз рақымы. Халқымыз Тәуелсіздікті тойлап, оны мәңгілік етуді ойлап жүрген жоралы жұрт екенін әлем мойындады. Ендеше, Елбасы айтқандай, баршамыз Тәуелсіздігімізді сәт сайын қорғауымыз қажет. Бейбіт заманды басты байлығы санаған сүйікті Отанымыз әлемге бітімгер, арағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды.

Дін қайраткерлерінің басын қосып, барша халықты діни татулық пен тұрақтылыққа үндеген еңселі Елордамыз – Астана рухани келісімнің ордасы екенін еліміздің әрбір азаматы мақтанышпен айтады. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері Қазақстанның қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда. Достық пен ынтымақтың орталығы саналған Астана ұлтаралық қарым-қатынас бағытында көш бастап келеді" деп сөз сабақтаған Бас мүфти елді мерекемен құттықтай отырып, ақ тілегін былай жеткізеді: "Алла тағала Рамазан айында жасаған дұғаларымыз бен құлшылықтарымызды қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Иманымыз кәміл, бірлігіміз бекем болғай!" Осы орайда Біздің ұжым да еліміздің тұғыры биік, іргесі берік болуына тілектестік білдіріп, барша халықтың жүрегі нұрға, жаны шуаққа, өмірлері берекеге толы болсын айтады. Әманда Алла қазақ жұртын назарынан тастамағай...

assalam.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 248 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz