Четверг, 08.12.2016, 12:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Март » 25 » Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ: НАУРЫЗ – КЕШІРІМ ҺӘМ МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ!
Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ: НАУРЫЗ – КЕШІРІМ ҺӘМ МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ!
21:40

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

НАУРЫЗ – КЕШІРІМ ҺӘМ МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Наурыз – түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастархан жайып, қонақ күтіп, бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі.
Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер –  рақымдылық жолын ұстанады. Асылында мұсылмандар үшін біреуге ренжуге де, өзгені ренжітуге де болмайды. Алайда осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады.
Халқымыз наурыз мейрамын діни мереке ретінде емес, ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дәстүріміздің жалғасы деп тойлайды. Имандылықпен ұштасқан, ұлт жадынан ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарды жандандыруға дін өкілдері де атсалысуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014-2018 жылдарды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялады.
Халқымыздың ұғымындағы «көрімдік, ерулік, сүйінші, сыбаға, базарлық, жылу, асар, қол үздік» сынды асыл сөздер мұсылман қазақтың дархан мінез, кеңпейіл, қонақжай, бауырмалдығының бұлтартпас дәлелі. Дәстүріне бекем ұрпақ асыл дініміздегі ізгілікке бастайтын құндылықтарға құрметпен қарайтын болады. Міне, ұлттық мерекеміз әз Наурыз ұрпақты ұйымшылдыққа ұйытады, үлкен-кішіні сыйлай білуге тәрбиелейді.
Биыл еліміздің рухани саласында мемлекеттік деңгейде айтулы игі іс-шаралар өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл секілді мерекелерді кеңінен атап өткелі отырмыз. Наурыз мерекесі де – ұлттар мен ұлыстарды бірлікке ұйыстыратын, татулыққа үндейтін елеулі шаралар.
Алла Тағала ырыздық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаратушы Иеміз Тәуелсіздігімізді баянды еткей. Халқымыздың тілегі қабыл, мұраты асыл болғай!

muftyat.kz
   

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 166 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Март 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz