Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Декабрь » 15 » Бас мүфти халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Бас мүфти халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
09:52
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!
Ардақты ағайын!
Қадірменді қауым!
Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын байтақ жерімізге тәуелсіздік азаттыққа ұмтылған текті бабаларымыздың күш-жігерімен һәм имандылығымен келді. Біздің халықтың әулеті асып, дәулеті тасыған дәурені бар, басынан бағы тайып, тар заманға тап болып, тар жол тайғақ кешкен кезеңі де көп. Өмір өткелдеріне төзім танытып, сынаққа сабыр еткен халқымыз іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтап қалды. Аллаға шүкір дейміз, тәуелсіз ел атандық. Ел өз еркіндігін сезінді. Енді үшінші мыңжылдықтың басында дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның өзгелермен терезесі тең.
Қазақтың дархан көңілі мен кең пейілі халқымызды жақсылыққа жетелеп келеді. Тәуелсіздігіміздің арқасында ой-сана өзгерді. Салт-дәстүріміз жаңғырды. Рухани құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Тарихымызды түгендеп, дініміз бен тіліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз өркендей бастады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, елімізде еңселі де сәулеті мен сәні жарасқан зәулім мешіттер бой көтерді. Мұсылман халқымыз Исламның асыл құндылықтары мен қағидаттарын қастерлей бастады. Ислам насихатының көкжиегі кеңейді. Халқымыз қажылығын өтеп, құлшылығын емін-еркін жасауда. Мешіт жамағаты жастармен толықты. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіретін ізгілік пен имандылыққа ұйысқан ұлағатты ұрпақ қалыптасты.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жеті қазынамыздың бірі – ел бірлігі екенін айтты. Біз туған елімізді бейбітшілік бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды. Қазақстан әлемдік дінаралық диалогтың рухани ордасына айналды. Тегі басқа болғанмен тілегі бір, діні басқа болғанмен мақсаты бір әлемдік дін көшбасшылары Сарыарқа төсіндегі Елордамыз жаңа Астанада әлем халқын діни татулық пен тұрақтылыққа үндеп келеді. Құдайға шүкір, біз осынау баға жетпес байлыққа Алла тағаланың қалауымен тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткіздік.  
 Құрметті отандастар!
Қадірменді бауырлар!
Алла тағала тәуелсіздігімізді, бірлігіміз бен ынтымағымызды мәңгілік еткей! Жаратушы Иеміз жеткен жетістіктерімізге береке беріп, алар асуымыз бен бағындырар белесіміз көп болғай! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 271 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz