Четверг, 08.12.2016, 12:58
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Июль » 15 » Бас мүфти мінбері Ержан қажы Малғажыұлы
Бас мүфти мінбері Ержан қажы Малғажыұлы
08:03

Дін-ғылымның анасы
(Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, "Иман" атты  ай сайын шығатын діни-танымдық  журналынан, үзінді (№5(130) 2015 жыл)
-Мұқағали: «Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен» дейді. Бұл ақынның берік ұстанымы, өзгермейтін серті. Осы өсиетті бүгінгі ұрпақ қалай орындауы керек? Бұл туралы ойыңызды ортаға салсаңыз?
- Ұрпақ тәрбиесі ең күрделі мәселе. Өйткені, ертең елдің тізгінін ұстайтын да осы жастарымыз. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты Мұхтар Әуезов: «Ел боламын бесігіңді түзе!» -деп бір ауыз сөзбен айтып кеткен. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінде төлтума әдебиеттің орнын ешқандай технология толтыра алмайтыны белгілі болды. Мұқағалидың танымы халықтың дәстүрінде жатыр. Дәстүріміз діннен нәр алған. «Сатқан емен, сатпаймын дінімді мен», деуі бұған дәлел. Қазақы таным бойынша, дінін сату-ар-иманын сату. Дінін сату-ең әуелі өз ұлтын, содан соң туған Отанын  сату емес пе?! Қазақтың дәстүрлі заңы Жеті жарғы бойынша дінін сатқан адамды өз мүлкіне, отбасына иелік ету құқығынан айырып, елден аластаған. Қазақтың дін туралы түсінігі өзара сіңіскен дәстүрі мен шариғат болатын. «Иманым-жиғаным» деп санаған. Өйткені, дініңнен айырылсаң, дүниетанымың да өзгеріп, ділің де, тәрбиең де, адамдар арасында қарым-қатынаста жат бағыттың ырқында кетеді. Мұның бәрі ұлтты кәдімгі рухани мәңгүртке айналдырады. Ақиық ақынның жүрегіне жүк артып, «Сатпаймын дінімді мен»,-деп, дінін қорғауының басты себебі дәстүрлі сабақтастықтың үзілмеуі еді. Мұқағалидың осы үлгі-өнегесі бүгінгі жастарға қаншалықты керектігі айтпасақ та түсінікті. Қызыл империяның құрсауында жүріп дінін , ділін, азат рухын жоғалтпаған ақыннан алар тәлім көп. Ұлт тұлғаларының тәлімді өнегесін алмай, алға қадам басуға әсте болмайды. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
Мұнсыз болашағымыз бұлыңғыр.
Болашақ дүниеге шыр еткенде,
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа іліккенде,
Аспалы көпір болып қаларсың сен,
Жалғайтын жүректерді жүректерге,-деп Мұқағали бұл шындықты тамыршыдай дөп басып айтқан.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, менің бастамам бойынша имам-молдалардың өлең-жырмен, шешендік өнермен сусындауына жіті көңіл бөлуде. Қазақ өлең оқылғанда немесе айтыс тыңдағанда арқаланып қалатын халық. Сөз қадірін білген бабаларымыз тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір шумақ өлеңімен-ақ өрнектеп, асыл дінімізді жырмен жеткізген. Бұл өнерді  имамдарда игеруі тиіс. Себебі, халыққа мәнді уағыз айтып аудиторияны өзіне тарту үшін осы үлкен өнерлі меңгеруі қажет. Осы мақсатпен Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында діни ілімдерден бөлек, Қазақстан тарихы, шешендік өнер, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, психология, конфликтология, т.б. да дүниауи пәндерден дәріс беріліп келеді.  Дін қызметкерлері жан-жақты болса, бірнеше ғылымды игерсе, сонда ғана халық арасында беделі артып, уағызы да шырайлана түсері хақ.

 

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 190 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Июль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz