Понедельник, 05.12.2016, 13:28
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Март » 22 » Бас мүфти: Наурыз - береке мен бірліктің мерекесі
Бас мүфти: Наурыз - береке мен бірліктің мерекесі
10:18

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти

БІРЛІГІМІЗ НЫҒАЙЫП, БЕРЕКЕМІЗ АРТА БЕРСІН!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы әже-апалар ақ дастархан жайып, қонақ күтіп, бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер –  рақымдылық жолын ұстанады. Асылында мұсылмандар үшін біреуге ренжуге де, өзгені ренжітуге де болмайды. Алайда осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады. Өйткені, Алла тағала қасиетті Құранда «Кешірім жолын ұстан» деп бұйырған.
Наурызды халқымыз діни деп емес, ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дәстүріміздің жалғасы деп тойлайды. Имандылықпен ұштасқан, ұлт жадынан ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарды жандандыруға дін өкілдері де атсалысуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Халқымыздың ұғымындағы «көрімдік, ерулік, сүйінші, сыбаға, базарлық, жылу, асар, қол үздік» сынды асыл сөздер мұсылман қазақтың дархан мінез, кеңпейіл, қонақжай, бауырмалдығының бұлтартпас дәлелі. Дәстүріне бекем ұрпақ асыл дініміздегі ізгілікке бастайтын құндылықтарға құрметпен қарайтын болады. Міне, ұлттық мерекеміз әз Наурыз ұрпақты ұйымшылдыққа ұйытады, үлкен-кішіні сыйлай білуге тәрбиелейді. Алла тағала ырыздық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай.
Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаратушы Иеміз ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген, дініміз бен діліміздің жанашыры болған Елбасына, халық қамын ойлаған азаматтарға күш-қуат, ынтымақ нәсіп еткей! Раббымыз мемлекетіміздің тәуелсіздігін мәңгілік етіп, дініміз бен дәстүрімізді, еліміздің еңсесін биіктетсін! Иманды ұрпақ сабақтастығы жалғасын тауып, ұлы мұраттарға ұмтылған халқымыздың тілегі қабыл, мұраты асыл болғай! Әумин!

muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 285 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Март 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz