Понедельник, 05.12.2016, 13:33
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Июль » 16 » Бас мүфти: Ораза айт мүбәрак болсын!
Бас мүфти: Ораза айт мүбәрак болсын!
13:18

Құрметті бауырлар!

17 шілдеде басталатын Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын!
Қасиетті Рамазан айының аяқ­­талғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игілік­тің, бір­лік­тің, ізеттіліктің, қайы­рым­ды­лық­тың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.
Кеңпейіл, бауырмал, қонақжай, дар­қан мінезді мұсылман хал­қы­­мыз Ораза айтты ерекше атап өткен.
Биыл еліміздің мұсылмандары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын.
«Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы иеміз әрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төгеді. Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосуын тілеймін.
Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудың алдында құрмадан дәм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы.
Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылышырай танытып, тілеулестік білдіру де игі амал.

Қадірлі ағайын!
Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірімізді кешіріп, өзара татулығымызды ны­ғайтып, әуелі Алланың, ата-ана­мыздың құрметі мен ризалығына бөленуге шақырамын.
Алла Тағала ұстаған оразалары­мызды, дұға-тілектерімізді қа­был еткей! Халқымыздың бір­лі­гі мен ынтымағы артып, Тәуел­сіз­ді­гі­міздің тұғыры биік, Елба­сы бастаған егемен еліміздің бола­шағы баянды болғай!
Ораза айт құтты болсын!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 187 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Июль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz