Воскресенье, 04.12.2016, 02:51
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Октябрь » 31 » Дәстүріміздің озығын дәріптейік!
Дәстүріміздің озығын дәріптейік!
18:57

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды дін мен дәстүр жылы деп жариялағаны белгілі. Діни басқарма өзі құрылғалы осы бағытта алғаш рет ізгі де сенімді қадам жасады. Мұны жаңа заман талабына сүйеніп, имандылық қалыптастырған бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеп, жүйелеу  жолындағы өзекті мәселені қолға алу деп түсінген ләзім.
Соңғы кезде түп тамырымызға зер салып, біз осы кімбіз, қандай халықпыз деген сауалдарға жауап іздеп, дін мен дәстүріміз терең зерделену үстінде. Бұрынғы белгілі жәйттердің өзі жаңаша сарапталып, руханият тұрғысынан қайта жүйелену үстінде. Себебі, кез-келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Сондықтан, дін мен дәстүр деген бастама зиялы қауым тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бұл тектен тек қолға алынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан» дегенде нені айтты екен деп ойға қаласың. Сақтанудың басы өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру болса керек деп ой түйдік.
Рас, дәл мына өмірімізден дін мен дәстүріміздің сабақтастығын қалай аңдап, қалай зерделейміз? Мұның астарынан дін мен дәстүрді қалай насихаттаймыз деген екінші сауалдың кесе-көлденең шығатыны хақ. Арысы әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Ол үшін мешіт, медрселерден бастап, барлық ақпарат құралдары, тәрбие салалары осы бағытқа жұмылуы керек. Әсіресе, тәрбие саласының маңызы өте зор. Жастарымыз мектеп қабырғасынан бастап, үлкен оқу орындарында дін мен дәстүрімізді оқып, сусындап өссе теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпес еді. Салт-дәстүрі мен дініне ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі қашанда берік болмақ.
Осы ретте дәстүрді, дәстүршілдікті артта қалушылық деп санайтын  қасаң түсініктен арылуымыз керек. Кез-келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын есте сақтағанымыз абзал. Егер халқымыздың уақыт сынынан өткен сан ғасырлық  дәстүрі болмаса қалай дамып, қалай өркен жаяды? Өткеннің тәлімді тәжірибесін алмай, алға қадам басуға бола ма? Кез-келген халық шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрімен жаңаны жалғап барып қадам жасауы – оның өмір сүруінің алғашқы белесі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Ғафу (кешірім) жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардантеріс айнал!» («Ағраф» сүресі, 199-аят), - деп бұйырған.
Халқымыз Ислам дінімен өмір сүріп келе жатқанына он екі ғасырдан астам уақыт өтті. Осы аралықта дін мен дәстүріміз біте қайнасып, болмысымызға айналды, ұлттық рухани бай мұрамыз жасалды. Халықты табиғи болмысынан айырмай сақтап тұратын құндылық ол – шариғатқа сай келетін ең ізгі әдет-ғұрпымыз. Қазақы салт-сананың қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді озық үлгіде реттеп отырғаны кімді болса да таңғалдырады. Дана бабаларымыз күннің орнынан қалай шығып, айдың қалай туатынына дейін қалт жібермей бағып, жіті бақылап отырған. Тіпті, қоғамдағы құбылыстарға да сондай мән беріп, шариғат тұрғысынан әділ үкім шығарған. Әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынастарды дін мен дәстүр аясында тиісінше жіліктей білген. Қазтуған жырау: «Жарлысы мен байы тең, жабысы мен тайы тең», - деп жырлайды. Бұл аталарымыздың қазақи болмыспен қоғамдық үйлесімділікті сақтап отырғанының айқын көрінісі. Өркениетті елдердің өзі жете алмаған біздегі қалыптасқан осынау ізгі дәстүріміз өмірдегі тепе-теңдік ауыр міндетті тарихтың қай кезеңінде болмасын өз шама-шарқынша атқарған, әлі де қызмет ететіні күмән тудырмайды.
Ұлттық құндылықтарымызды өзге жұрттардың ұғына алмайтындығы оның қайталанбастай төлтумалығын аңғартады. Сондықтан, бабаларымыздың ғибратты жолын жоққа шығару немесе оның орнына басқа жат нәрсені әкелуге тырысудың зардабы өлшеусіз. Баршаға белгілі, дәстүріміздің озығы да, тозығы да бар. Бұған қатысты мән беретін екі жәйт бар. Біріншісі – дәстүрімізді сол қалпында тұтастай қайталап, оны іске асырудың мүмкін еместігі. Екіншісі – қайталап қолдануға болатын сол дәстүріміздің діни негіздегі (дінмен біте қайнасып кеткен дәстүрдің) ұстанымдарын, құрылымдық үлгілерін, қағидаларын біліп, һәм насихаттауымыз қажет.
Біз рухани бай мұрамыздың мөлдірлігін өзге жұрттарға тектілігіміздің дәлелі ретінде паш етуімізге болады. Ол біздің мақтанышымыз. Біз өткеннің өнегесін үйреніп, үлгі алуымыз керек. Болашақ ұрпақтың санасына жеткізе білгеніміз ләзім.
Елдің іргесі сөгілмесін дейміз. Рухани сабақтастық пен тұтастығымызға сызат түспесін деп тілейміз. Әумин!

assalam.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 184 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz