Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Октябрь » 31 » Дінбасының сұхбаты ел назарында
Дінбасының сұхбаты ел назарында
19:33

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еліміздің басты арнасы – «Хабар» арнасына берген сұхбатын барша қазақстандықтармен бірге біздің өңірдегі мұсылман бауырларымыз да  зор ынта ықыласпен қабылдады.
Бұл күні облыстық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асановтың басшылығымен мешіт қызметкерлері тайлы-таяғы қалмай барлығы да көгілдір экран алдынан табылды.
Келер күндері намазхан ақсақалдарымызбен бірге жас буын өкілдері де қалалық және облыстық орталық мешіттердің ішінде орнатылған телеэкран алдынан табылып, дінбасының арнайы жазылып алынған сұхбатына ден қойды. Дінбасының айтқандарын мұқият тыңдады, зерделеп ойға түйді. Соңыра талқыға салып, өзара пікір алмасты.
- Дінбасының сұхбатына назар сала отырып, дін мәселесі тұрғысында көкейімізде жүрген көптеген сауалдарға жауап алдық десек артық айтқандығымыз емес, - дейді бір-бірін толықтыра сөйлеген қос қария - Зарыққан қажы мен Ермұхаммед қажы ағынан жарылып.
Апта басынан бері таңертеңнен бастап құптан намазына дейін тоқтаусыз көрсетіліп тұрған дінбасының сұхбатын тек мешіт намазхандары ғана емес, мешітімізге келуші адамдардың барлығы да көріп, тамашалау мүмкіндігіне ие болуда.

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 192 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz