Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Январь » 15 » Діни басқарма және Дін істері агенттігі меморандум қабылдады
Діни басқарма және Дін істері агенттігі меморандум қабылдады
08:18
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Бұл шара мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды нығайту аясында қазіргі уақытта республика аумағында мұсылмандық сенімге байланысты орын алған өзекті мәселелерді шешуде Дін істері агенттігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өзара әрекеттесуін дамыту мақсатында жүзеге асырылды.
Келісім Қазақстанның зайырлылық сипатын және діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігінің принциптерін сақтай отырып, оларға ортақ құқықтық алаң құрып отыр. Осының аясында діни бірлестіктер өз қызметтерінде бірдей мүмкіндіктер мен шектеулерге ие. Оған қоса, дін қоғамның маңызды саласы. Сондықтан, мемлекеттің әр түрлі конфессиялардан тұратын ұйымдармен ынтымақтастығы қоғамның игілікті әрі үйлесімді дамуы үшін қажет.
Келісім негізінде тараптар өз құзыреттері шеңберінде мұсылмандардың арасында және мұсылмандардың басқа конфессиялар мен діни бірлестіктердің өкілдерімен татулық пен келісімді, түсіністікті, толеранттылық пен бір-біріне құрмет көрсету мәселелері бойынша байланыс орнатпақ.
Агенттік өз құзыреті шеңберінде Діни басқарманың мүдделі мемлекеттік органдармен діни білім беру жүйесін жетілдіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қалыптастыруға қажетті ақпараттармен алмасу, дін саласындағы теріс көріністердің алдын алу, тұрғындардың бойында радикалдық идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттестік орнатуына қол ұшын созады.
Сонымен қатар, діни – рухани құндылықтарды және дін мен адамгершіліктің дәстүрлі түсінігін сақтау мен дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды (конференциялар, форумдар, кездесулер және т.б.) да бірлесіп өткізуге бір-біріне көмектеседі.
Аталған шара ел аумағында дәстүрлі рухани құндылықтарды нығайтуға, жат пиғылды діни идеологиялардың таралуына жол бермеуге мол мүмкіндік бермек.
www.din.gov.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 303 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Январь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz