Четверг, 08.12.2016, 13:01
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Февраль » 28 » Имамдар форумы
Имамдар форумы
20:23

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Ислам-бейбітшілік пен келісім діні" атты I Республикалық имамдар форумының өткеніне онша көп уақыт болған жоқ. Ал оның елімізде есте қалатындай аса маңызды оқиға қатарынан саналатыны қазірдің өзінде белгілі болып отыр.
Форумды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің Имамдар форумын салтанатты түрде ашқан еді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев  Н. Ә. Назарбаевтың құттықтау хатын оқыды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтің баяндамасынан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі туралы бейнелі фильм көрсетілді.  
Бұдан кейін шығып сөйлеп, баяндама жасаған мемлекет және қоғам қайреткерлері, имамдар көкейтесті мәселелерге кеңінен тоқталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі Серікбай қажы Ораздың Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, "ҚМДБ қызметкерінің этикасы" және "Мұсылман тұлғалық бейнесі", "Имамның тұлғалық келбеті" тәлімдері қабылданғанын жариялады.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында болған осы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Ислам-бейбітшілік пен келісім діні" атты I Республикалық имамдар форумында Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы бекітілді. Оның кіріспесінде былай делінген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (әрі қарай - ҚМДБ) өз Жарғысы негізінде мемлекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжірибені қолдайды. Сондай-ақ, бұл үрдісті одан әрі нығайтуға негіз болып саналатын осы Тұғырнаманы қабылдайды және күнделікті қызметінде басшылыққа алады.
Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәселелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарастары айқын көретіледі.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 224 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz