Понедельник, 05.12.2016, 13:26
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Октябрь » 30 » Исламда дәстүр туралы не айтылады?
Исламда дәстүр туралы не айтылады?
19:50

Қазақ халқы дәстүр мен мәдениетке аса бай. Дәстүр-ұлт руханиятының асыл қазынасы іспетті. Халқымыздың салты мен дәстүрі ғасырлар бойы жинақталған рухани қазына десек болады. Салт-дәстүріміз сан ғасырларда қалыптасып, жетіліп, дәуірлердің сынынан сүрінбей өтіп, бүгінгі ұрпақ бізге жетті.
Дәстүрге бай халық қашанда мәдениетке бай болады. Дәстүр мен мәдениеттің тоғысы бір. Арнасы мен сағасы салалас. Қазақ халқының салт-санасының қай түрін алсаңызда, ислам мен үндестігін байқаймыз.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Дін мен дәстүр» атты еңбегінің жарыққа шығуы асыл дінімізбен қазақ халқының салт-санасының дінімізбен үндестігін терең тарқата білген, аса құнды еңбек. Дін мен дәстүр жайлы бұл аталған еңбек таным көкжиегін кеңейте түсері хақ.
Елбасымыз өз сөзінде «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деді. Ұлттық сана мен дін адам санасында өзара үндестікте.
Құран Кәрімде Алла Тағала ешқашанда әр ұлттың өз салтына тыйым салмаған, қайта Алланы ұмытпауды, өзіне құлшылық жасауды ғана талап еткен. Өйткені Алла Тағала тек рухани мөлдір тазалықты ғана бағалайды және ниетті басты негіз еткен.
Алла Тағала өз пендесіне: «Кешірімді бол, ғұрыпқа бұйыр және надандардан жырақ бол» - деп әмір етеді. Яғни бұл жерде сол ұлттың салтымен санасуды, дәстүрін құрметтеуді бұйырып тұр деп түсінуге болады.
Алла Тағала Қасиетті Құран кәрімнің «Хужурат» сүресінде: «Ей адамдар! Мен сендерді бір еркек, бір әйелден жараттым және сендерді бір-бірлеріңді танысын деп, бір-бірлеріңді білсін деп сендерді ұлттар және ұлыстар етіп жараттық» дейді. Бұл аяттардың астарында ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігі мен салт-санасына құрметпен қарау жатыр. Ұлт болғасын оның өзіне тән салт мен ғұрпы болары анық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінің Солиб деген сахабасына: «Әй, Солиб! Жақсы істеріңді Ислам дәуірінде де жалғастыр, жұртқа жақсылық жаса, туған-туысқандарыңмен қарым-қатынасыңды орнат, көршілеріңмен жақсы тұр, қонағыңды сыйла»-дедген.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисіндегі: «Үлкендеріңіз үшін орындарыңыздан тұрыңыздар!», «Кішілерге мейірім, үлкендерге құрмет көрсетпеген бізден емес» (Тирмизи)-деген сөзі халқымыздың үлкенді сыйлау туралы ұлағатты тағылымымен үндесіп жатыр.
Ұлтымыздың ұлы ғұламалары да ұлтымыздың салт санасын оның тәрбиелік маңызын ұлықтап, насихаттап өткен.
Ұлы Шәкәрім:
«Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай - шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кім Құдай?!» дейді, «Шын» атты өлеңінде.
Мұнда Алланы тануды Оның әмірін тұтуды өсиет етеді.
Халқымызды «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар» деген аталы сөз бар. Біз дәстүріміздің озығынан үйреніп, сол арқылы түрлі теріс діни ағымдардың алдын кесіп, дәстүр мәдениетіміздің жауһарын ұрпақтарға аманат етіп кетуіміз керек.

ИбраҺим қажы Қарнақбайұлы,
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Мұхамади» мешітінің бас имамы

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 30 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz