Воскресенье, 19.11.2017, 05:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Октябрь » 28 » Күршімде өңір ақсалдарының бата жарысы өтті
Күршімде өңір ақсалдарының бата жарысы өтті
22:19

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысы  Күршім ауданында «Бата беру-ұлағаттылық белігісі» атты бата жарысы өтті.
Шараны «Күршім аудандық мешіті» мен аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе ұйымдастырды.
Шараға Күршім өңіріне белгілі қарттар мен қоса Көкпекті, Қатонқарағай аудандарының сөзі дуалы 20-дан астам абыз батагөйі қатысты.
Оларға батаның түрлері арнайы тапсырма ретінде беріліп, көрермендер алдында жеребе арқылы көрсетілді.
Тақырыптарға сүндет той батасы, тұсаукесер батасы, шілдехана батасы, отан қорғауға шығарып салу батасы, жас жұбайлар батасы, хатым батасы, неке батасы қатарлы ақ тілектердің тізбектері арнайы таңдалды.
Сайысқа ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы және белгілі ақын, журналист Хасен Зәкерия бастаған білікті мамандар мен Шығыс жұртына танымал батагөй қариялар қазылық жасады.
Ақ тілектер сайысы барысында қариялар көрермендер алдына шығып, ақ тілектердің тиегін ағытты.
«Халқымызда «Батамен ел көгереді» деген қасиетті сөз бар. Қазақ халқы батаға айрықша мән берген. Біз «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында ұлтымыздың осы құндылығын жаңғыртудамыз. Бүгінгі шара да соның бір айғағы» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы «Күршім аудандық мешітінің» бас имамы Тілейбек Соянұлы.
Сайыста таңдайға татитын уыз батасымен топ жарып, Қатонқарағай ауданынан келген батагөй Смағұл Мырзабек бас жүлде иеленді. 1-орынға Шаукенов  Есен, 2-орынға Баймұрат Бердіұлы, 3-орынға Мадиев Алтынғазылар ие болып оларға ақшалай сыйлық, марапат ұсынылды. Өкіл имам бас жүлде иегері, батагөй М.Смағұлға шапан жауып, ақшалай сыйлық берді.
Сайыс барысында көрермендерге Күршім ауданы мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән-күймен шашу шашты. Сонымен қатар, балабақша ұжымы салт-дәстүрден көрініс көрсетті.
Сайыс соңынан бата жарысының жеңімпазы көрермендерге бата беріп, елімізге тыныштық, халқымызға жақсылық тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 121 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [270]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz