Суббота, 03.12.2016, 00:49
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Март » 3 » Өкіл имам Өскемен имамдарының басын қосты
Өкіл имам Өскемен имамдарының басын қосты
09:44
Аймақтарда дін насихатын күшейту, имамдардың біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдау, жеткен жетістік пен кеткен кемшіліктерді саралап, алдағы бағыт-бағдарды айқындау мақсатымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында қалыптасқан дәстүр бойынша әр жылдың алғашқы айының басында діни басқарманың аймақтағы өкіл имамдары Бас мүфтидің алдында жыл бойына атқарылған жұмыстары барысында есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісіп келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алдында жылдық есеп беріп, жаңа тапсырмалар алып қайтқан Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов мешіт қызметкерлерінің басын қосып жиын өткізіп, жалпы республикадағы діни ахуал жайында, мүфтияттың тапсырмасы барысында жан-жақты айтып, баяндап берді. Әсіресе, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үстіміздегі жылы атқарылуы тиіс:
- Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу;
- уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру;
- қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру, сияқты үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілуі керектігін қадап айтқандығына арнайы тоқталып өтті.
 Жиын соңында бас имам алдағы уақытта атқарылуы тиіс шаруаларды саралай келіп, Дінбасының: «Құрметті өкіл имамдар, Діни басқарма қызметкерлері! Осы аталған үш бағыт бойынша жұмыстарды ықыласпен, жауапкершілікпен атқаруларыңыз қажет. Қазіргі заманның талап деңгейінен көріне білуіміз керек. Ұрпақ алдында бәріміз жауаптымыз», – деп алқалы жиын барысында өңірлерден келген 19 өкіл имамның алдында қадап айтқан аталы сөзін басшылыққа ала отырып, жұмыла жұмыс жасауымыз керек дегенді баса айтты.
Бас мүфти хазірет Ержан қажы Малғажыұлының іскер басшылығының нәтижесінде мүфтияттан бастау алған баянды істер, өкіл имамдар алдында тұрған жаңа міндеттерді айқындап бергені сөзсіз.

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі.

muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 303 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Март 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz