Понедельник, 05.12.2016, 13:26
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Ноябрь » 30 » Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съездерінің 10-жылдығын мерекелеу іс-шараларын өткізу аясында Мемлекет басшысы берген бастамала...
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съездерінің 10-жылдығын мерекелеу іс-шараларын өткізу аясында Мемлекет басшысы берген бастамала...
16:31
2013 жылдың 28 қараша күні Астанада «Қазмедиа орталығындағы» ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съездерінің 10-жылдығын мерекелеу іс-шараларын өткізу аясында Мемлекет басшысы берген бастамаларды іске асыру» тақырыбында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы М.А. Әзілхановтың брифингі, сондай-ақ, «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының және дін мәселелері бойынша кеңес беру мен шағымдарды қабылдауға арналған «Қауырт желі – 114» жобасының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ҚР Дін істері агенттігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, «E-Islam» ғаламтор-порталының редакциялық тобы мен сарапшылары, сонымен бірге, «Қауырт желі – 114» ақпараттық-консультациялық орталығының, Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беру орталықтары қауымдастығының өкілдері, республикалық БАҚ журналистері қатысты.
Одан бөлек, елдің аймақтарымен бейнебайланыс арқылы брифингке әкімдіктердің, жергілікті жерлердегі деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беру орталықтарының, аймақтық БАҚ және аймақтардағы қауым өкілдері де қатысты.
Агенттік төрағасы Марат Әзілханов Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съездерін өткізу бастамасының 10-жылдық мерейтойы шеңберінде өткен іс-шаралардың қорытындылары туралы айта келе: «Биылғы жылы 25 қыркүйекте Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондай-ақ, «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының ролі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оған қатысушылар әлем игілігі және мемлекеттер мен қоғамдардың келісімі үшін өркениетаралық және дінаралық үнқатысуды нығайту мен одан әрі дамытудағы Қазақстанның және оның Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады», – деді.
Баяндамасының екінші бөлімінде Марат Әзілханов «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталын таныстырды. «Е-Islam» ғаламтор-порталын Дін істері агенттігі Рухани бірлік қорымен бірігіп жасады. «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының қызметі Қазақстандағы дістүрлі исламның рухани құндылықтарын, мемлекеттік құрылымның зайырлылық қағидаларын, сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын-алуға бағытталған.
Күнделікті жаңартылып отыратын жаңалықтарда ағартушылық ақпараттар, ислам білімі, ғылымы, мәдениеті туралы анықтамалар беріледі. Порталда қасиетті Құран кітабының толық мазмұнымен танысуға, намаз оқу, ораза тұту, зекет төлеудің ережелері мен ерекшеліктерін оқып үйренуге болады.
Портал оқырмандары Пікірталас алаңында өздерін қызықтырған проблемаларды талқылай алады. Республиканың беделді дінтанушы-ғалымдарының жеке блогтары орналасқан «Сарапшылар бағаны» жұмыс жасайды. Осы жоба арқылы әрбір порталға кірушінің қызығушылық танытқан сауалдарына толыққанды жауаптар алуына мүмкіндігі бар.
Порталда ханафи мәзһабы негізінде жазылған ғылыми жарияланымдар, оқулықтар, анықтамалықтардан тұратын электронды кітап қоры жинақталған. Осы материалдардың бәрі де аудио- және бейне-дәрістер түрінде бар.
Одан кейін Марат Әзілханов азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпараттарды қабылдауға және деструктивті діни ағымдардан зардап шегушілерге консультациялық және психологиялық  көмек беруге арналған «Қауырт желі - 114» ақпараттық-консультациялық орталығының жұмысы туралы айтты.
«Қауырт желінің» нөмірі – 114, оған азаматтар стационарлық телефондардан қоңырау шала алады.
Орталықта кәсіби психологтар, заңгерлер, дінтанушылар қызмет етеді. Кеңес беру тәулік бойы, тегін әрі құпия түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар, брифингте «E-islam» ғаламтор-порталының бас редакторы Жасұлан Әбдіраманов және «Қауырт желі - 114» ақпараттық-консультациялық орталығының жетекшісі Юлия Денисенко журналистердің сұрақтарына жауап беріп, жоба туралы және осы кезеңдегі өздерінің жұмыстары жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.
www.din.gov.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 317 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz