Понедельник, 05.12.2016, 13:32
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Август » 9 » Мұсылман үйінің 11 белгілері
Мұсылман үйінің 11 белгілері
06:49


«Алла сендер үшін үйді демалатын орын етті» (Құран, 16:80).
Шынайы мұсылманды басқалардан  әр ісінің, өмір сүру салтының ислам талаптарымен үндесіп жататындығы, шариғат шегінен шықпайтындығы ерекшелейді. Мұсылманның үйі де оның тақуалығының, ислам талаптарын қалай орындайтындығының дәлелі. Шынайы мұсылман үйінің қандай болуы керектігі жөніндегі белгілерді көрсек:
1.Тақуа жар. Мұсылман үйі тақуа, тәрбиелі жардан, отанасынан, отағасынан басталады. Жар таңдаудың маңыздылығы жөніндегі хадистер жеткілікті. Мұның сыры —  тақуа жар Алланың разылығына ұмтылады, бақытқа кенелтеді. Отбасында береке мен шаттық орнауының басты себепшісі болады. Жақсы жар болмаса жайлы үйді елестету де мүмкін емес.
2.Жұбайлар бір-бірін тура жолға бағыттайды. Шынайы мұсылман үйіндегі жұбайлар өздеріне жүктелген міндеттерді қалтқысыз орындап, бір-біріне мейірімділік, сүйіспеншілік танытады, бірін-бірі тура жолға бағыттайды.  Бұл дегеніміз бір-бірінің иманын арттыру, құлшылығын қадағалау, Құранды үйрету, қайырымдылық жасауға итермелеу деген сөз.  Иман – бірде кеміп, бірде артып отыратын дүние. Сондықтан үнемі әр адам өзінің де, жарының да иманын арттырып отыруға тырысуы керек.
3.Алланы еске алатын үй. Алланы еске алу әр түрлі формада болуы мүмкін: жүрекпен, сөзбен, құлшылық, Құран оқу арқылы және т.б. Бұл шынайы мұсылман үйінде әркез орындалуы тиіс дүниелер. Сонда ол үйге періштелер Алланың жақсылығын жеткізбек. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) Алла еске алынбайтын үй өлгенмен тең деген.
4.Үй–құлшылық орыны. Бұл бес уақыт намаз осы үйдегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
5.Үнемі құран оқылатын үй. Әсіресе үйді шайтаннан қорғайтын «Аятул-күрсі» сүресін оқу. Алла елшісі: «Үйлеріңе шайтан жақындай алмас үшін үйлеріңде әл-Бақара» сүресін оқыңдар»-деген. Құран – діндар адам үшін өмірлік маңызы бар кітап. Құранды оқу арқылы иман күшейеді.
6.Сүйіспеншілік пен өзара түсіністік орнаған үй. Құран оқылатын, Алла бұйрықтары орындалатын үйде ұрыс-керіске, реніш пен ашуға орын жоқ. Мұндай үйде махаббат өзара сыйластық болмақ. Бұл үй – жан тыныштық табатын мекен. Мұсылман үйінің отағасы харамға тыйым салып, отбасында ислами өмір салтын қалыптастыруы тиіс.
7.Ислами кітапханасы бар үй. Мұсылман әрдайым білімін жетілдіруге, иманын күшейтуге тырысады. Сол себепті де әр мұсылманның үйінде хадистер жинағы, діни кітаптар, газет-журналдар, аудио-, видео- уағыздар болады.  Бұған күні бүгін қол жеткізу қиын емес. Ғаламтордан мешіт сайттарын ашып керекті мағлұматты алуға, уағыз тыңдауға болады. Бұл үйдегі осы кітап, газет-журналдарды отбасының басқа мүшелері оқи алатындай болуы керек.
8.Үйге қатысты сүннеттер орындалатын үй. Шынайы мұсылман үйінде Мұхаммед Пайғамбар сүннеті орындалады. Мысал үшін бөлмеге оң аяқпен кіру, кірер алдында есік қағу және т.б.
9.Келген қонаққа қуанатын үй. Қазақ «Қонақ – қыдыр» дейді. Сапардан келген қонаққа тынығуға мүмкіндік беретін, жұмысымен келген адамға көмектесетін үйде әрине барақат болады.
10.Тыйым салынған дүниелер болмайтын үй. Харам ас, алкоголь және т.б. Ал қалған дүние, мәселен теледидар, интернет т.б. тек қайырлы істер үшін қолданылады.
11.Әрдайым таза әрі жинақы тұратын үй. Исламда тазалыққа қаншалықты мән берілетінін бәріміз білеміз. Себебі тазалық жоқ жерге шайтан үйір. Иман кетед
і.
 

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 218 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Август 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz