Понедельник, 05.12.2016, 13:29
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Январь » 12 » Мәуліт мерекесі - Шығыстың төрінде!
Мәуліт мерекесі - Шығыстың төрінде!
09:56

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірге келген мәуліт айының құрметіне орай «Адамзаттың Ардақтысы» атты рухани кеш болып өтті.
Таң ертесінен қаладағы жаңа драма театрға ағылған халықтың жүзінен Мәуліт мейрамына деген сағынышты байқауға болады. 700 орынды облыстық драма театр мәулітті сағынған қауымға лық толып, орын жетпеген жүздеген көрермендер 2 сағат бойы түрегеп тұрып, тамашалады.
Алла елшісінің (с.ғ.с) құрметіне арналған рухани кеш Құран оқылып, бата берумен басталып, ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы құттықтау сөз сөйледі.
«Адамзаттың ұлы тұлғасы Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген айын рухани мейрам ретінде атап өту бұрыннан келе жатқан дәстүр. Алланың елшісінің ғибратты ғұмыры барлық адамзатқа өнеге. Оның тағылымы сарқылмас кәусар іспетті, сондықтан да Ұлы пайғамбарымызға (с.ғ.с) барлық құрмет лайық. Біз ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі осынау рухани кешті өңір жұртшылығы сіздерге ұйымдастырып отырмыз», - дей келе, Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен ғибратты насихат айтты.
Бұдан соң Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Манарбек Мұхаметжанов көрермен қауымды мәуліт мерекесімен құттықтап, исламдағы имандылық құндылықтарына тоқталып, бүгінгі өтіп жатқан игі шараға  шынайы тілеулестік білдірді.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өңір имамдарымен және «Халифа Алтай» мешіті шәкірттерімен бірге Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айтып, мәуліт жырын оқыды.
Кеш барысында дәстүрлі әндер шырқалып, діни әуендер асқақтап, тәлімдік термелер айтылды. «Бескөл» фольклорлық ансамбльі күмбірлі күй төкті. Облыстық «Жастар театрының» өмірден алынған қойылымдарына көрермендер аса тебіреніп, көздеріне жас ала отырып көрді.
Сонымен қатар, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен бейнебаян көрсетілді.
Көрермендер рухани кештің әсерімен бөлісіп, Мәуліт мерекесінің жоғарғы деңгейде өткендігін айтып, өкілдікке ризашылықтарын білдіріп жатты.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 150 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Январь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz