Четверг, 08.12.2016, 12:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Январь » 7 » Мәуліт мерекесінің маңызы мен мәні
Мәуліт мерекесінің маңызы мен мәні
18:06

(А. Сәдиевтің мақаласы қысқартылып беріліп отыр)
Мәуліт-бүкіл әлем ынтыға күткен Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан күні. Мәуліт-ел боп, көпшілікпен аталып өтілетін мұсылмандар үшін елеулі де ерекше мереке. Қазіргі таңда бұл мейрам көптеген мұсылман елдерінде бар. Мысалы, Египетте, Түркияда, Пәкістанда, Үндістанда және көптеген араб елдерінде осы айда ғылыми жиындар өткізіледі. Өйткені, бұл Алла Тағала барша адамзатты ширктен (Аллаға серік қосудан), қараңғылық пен надандықтан құтқару үшін екі дүниенің сәруәрі, барша пайғамбарлардың абзалы болған Мұхаммедті (с.ғ.с.) әлемдерге рахмет етіп жіберген қасиетті ай.
Хақтың да, халықтың да ыстық ықыласына бөленген сүйікті елші Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен кезде ел-жұрт оны қанша күн сарыла жолын тосқаны мәлім. Сағыныштарын әнге қосып: «Бізге толықсыған ай туды, бұған қалай шүкір етпессің?»,-деп тебіренді. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.)   көру үлкен думанды мерекеге ұласты. Сүйікті елшінің Мәдина қаласына келуінің өзі үлкен мереке болса, Оның әлемге келуі қалайша қуаныш-мереке болмасын десеңізші!
Дегенмен, қазіргі күні осы раббиуләууәл айында аталып өтетін Мәуліт мерекесіне қарсы шығып  жүргендер бар, сондықтан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітін атап өтуге байланысты мұсылмандар арасында қарама-қайшылықтар туындап жүргені рас. Кейбіреулер оны адасушылыққа апаратын бидғат санап, мәулітті атап өтетін жұртшылықты адасқандар қатарына жатқызады. Бұлай кесіп үкім жасау әсте дұрыс емес. Мұндай көзқарастар мен пікірлердің туындауына діни шала сауаттылықпен білімсіздік себепші боп отыр.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 144 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Январь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz