Четверг, 08.12.2016, 13:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Декабрь » 29 » Марат ӘЗІЛХАНОВ: Конфессияаралық келісім – ел дамуы кепілдіктерінің бірі
Марат ӘЗІЛХАНОВ: Конфессияаралық келісім – ел дамуы кепілдіктерінің бірі
20:38
«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті. Конфессияаралық келісім – ел дамуы кепілдіктерінің бірі





Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протес¬тантизм,

буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен
бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер.
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.


Көпғасырлық тарихи кезеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған.

Қазақстан халқының конфессияаралық келісім формуласы бүкіл прогресшіл адамзат тарапынан танылды және де бұл модель әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі болып қана қоймай, сарапшылар, ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.

Қазақстандықтардың жетістігінің феномені, әсіресе, біздің Отанымыздың және оның халқының тарихынан орын алған. Ал конфессияаралық келісімнің дамуы Ұлы Еуразияның орта бөлігіндегі түрлі өркениеттердің өзара сіңісуі үдерісімен тікелей байланыс тапқан. Мемлекетті құраушы этносқа тән дәстүрлі толеранттылық, оның басқа мәдениеттер мен конфессиялардың өкілдеріне деген ізгі құрметі мен қарым-қатынасы өз кезегінде жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің сындарлы дамуы мен алдағы кезеңдегі өркендеуі үшін мықты әрі сенімді негіз бола алды.

Тарих жылнамасына енген жылдарда өзара түсіністік, толеранттылық пен келісім не-гізінде Қазақстан халқы тұтастығының тұрақты негізі қалыптасты. Оның түп тамыры рухани тұтастықта жатқандығы да еш күмән туғызбайды. Бұл жетістіктердің ауқымдылығы мен тереңдігінің шынайы көрінісі Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтылған сөздерімен нақтыланады: «Қазақ-стандық жол ұлттық жетістіктің үлгілік моделіне айналды. Барша қазақстандықтардың ең-бексүйгіштік және тұтастығының нәтижесі, бұл ұлттың нағыз пассионарлық оянуы, бұл тек қана қуатты халықтардың ұлы мүмкіндігі».

Бұл анықтама жаһандану үдерісі, болашақтағы әлемнің құрылысы туралы түрлі радикалды тұжырымдардың пайда болуы мен халықаралық құқық негізінің әлсіреуі жағдайында ерекше маңызға ие болып отыр. 2013 жылдың сәуір айында өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясында Елбасы: «Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз! Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. ...Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын тұрып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет», деген еді.

Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті 30 ел қатарына қосуға бағытталған нақты мақсаттар мен міндеттер белгіленген «Қазақстан-2050» Стратегиясының қабылданғанына бір жыл толды. Соңғы жылдары біз қазіргі жаһандану әлемінде мемлекеттер, қоғам, адамдар ара-сындағы жаңа шиеленістердің қайнарына айналған көптеген бағыттарға, атап айтсақ, өңірлік және конфессиялық, әлеуметтік және мәдени, тілдік және этностық бөлінулерге куә болудамыз. Қазақстан халқы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысындағы осы жаңа әрі күрделі жағдайларда, біз еуразиялықтың танымал зерттеушісі Лев Гумилевтің «ұлттық алуандылық – адамзат баласының өмір сүруінің тиімді түрі», деп айтқан сөзін еске ала отырып, Қазақстан қоғамының конфессиялық көптүрлілігін қоғам пайдасына айналдыруымыз қажет.

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын тұжырымдай отырып, зайырлы мемлекет ел халқының тарихи таңдауы болғанын ерекше ескертті және қоғам назарын мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара тиімді әрекеттестігінің үлгісін іздеуге бағыттады. Қазақстан кез келген экстремизмге түбегейлі қарсы бола отырып, дәстүрлі діндерді қолдайды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа-зақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп ерекше атап өтіледі. Сол себепті де, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту идея-сын жүзеге асыру секілді маңызды әрі жауапты міндеттер тұр.

Мемлекет басшысының: «...Біз зайырлы қоғам дәстүріне ие екендігімізді және Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін ұмытпауымыз қажет», деген сөздерінің астарында «зайырлылық» категориясын барша Қазақстан халқының көп қырлы әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі терең әрі мәнді константа етіп көрсетуге ұмтылушылық жатқаны анық. Мұндай саяси, мәдени және рухани басымдылықтар мен қоғам дамуының құндылықтарын айқын-дайтын қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында жазыл-ғандығы баршамызға белгілі. Ал осы негізгі құжаттың сәйкес тараулары адамның өз діни сенімін ұстануға еркіндігі мен құқығын бекітетін ережелерден тұрады.

Қазақстанның зайырлы сипаты «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның нормаларындағы сенім бостандығы, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуы, мемлекеттік немесе жалпыға міндеттелген арнайы діннің болмауы, діни ұйымдардың заң алдындағы теңдігі, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара әрекеттестігі секілді мәселелер олардың нақты белгілері арқылы айқындалады.

Осы орайда, бүгінгі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін біздің республикамыз үшін тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндет ретінде белгіленген. Осындай қадамның арқасында бүгінде Қазақстан барша әлемге толеранттылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Тәуелсіздік жылдарында дәстүрлі рухани және діни құндылықтар қайта жаңғырып, ескі ғибадат орындары: мешіттер, шіркеулер, құлшылық үйлері мен синагогалар қайта қалпына келтірілсе, кейбіреулері жаңадан бой көтерді. Құрбан айт және Рождество діни мерекелері Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланды. Осылайша, Қазақстанда діннің этностық және саяси қауымдастыққа қарсы тұратын бәсекелестік бағыттағы сәйкестенуге емес, керісінше, қоғамға қайталанбас әралуандылық сипат пен өзіндік ерекшелік беріп, қазақстандықтардың рухани мәдениетін байытушы элемент ретінде көрініс табуына алғышарттар жасалды.

Қазақстанның жалпы тарихи өткені мен этностардың этномәдени дәстүрлері діни дәстүрдің қалыптасуында айтарлықтай ықпалға ие болды. Зерттеушілер, олардың маңызды айқын сипаты ретінде діндердің бір-біріне жақындасуға деген ұмтылыстарын көрсетеді. Бұл үдерістер елімізде жүргізіліп отырған зайырлылық ұстанымдары, мемлекет пен оның институттарының конфессиялық бейтараптық сипаттары, адам мен азаматтардың діни сенімдеріне немесе діни және зайырлы ұйымдарға мүше болуына қарамастан құқықтарының теңдігі мен еркіндігі, қазақстандық тұрғындардың этномәдени дәстүрлерін, әртүрлі топтардың қауымдық менталитеттік ерекшеліктерін құрметтеу, мем-лекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейінде ар-ұждан және діни сенім бостандығы саласындағы саясаттың ашық түрде жүзеге асырылуы секілді негізгі біріктіруші қағидаттарға құрылған мақсатты әрі сындарлы саясаттың заңды және қисынды жалғасы екендігі сөзсіз.

Қазақстанда бүгінгі күнде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы дінді ұстанушылардың еркіндігі мен құқығын құрметтеу қағидаттарына, қоғамдық және діни ынтаға, серіктес болу қарым-қатынасы мен өзара түсінушілікке деген ұмтылысқа негізделген. Әрине, жоғарыда айтылғандардың барлығы Мемлекет басшысының мақсатты түрде жүзеге асырған саясатының нәтижесі екендігі даусыз. Бұл ретте, мемлекеттің ықпалды саясаты мен конфессия көшбасшыларының жеке жауапкершіліктерінің арқасында елімізде этносаралық шиеленістер мен діни қайшылықтарға жол берілген жоқ. Ал осы жайт туралы сөз қозғағанда, діни бірлестіктер зайырлы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі, азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі екендігін басты назарға алу қажет. Осы орайда, бүгінде өзара түсіністік, толеранттылық пен ынтымақтастық, конфессияаралық тосқауылдарды бірлесе отырып жеңу мен мультимәдениетті әлемнің қатерлеріне қарсы тұру аса маңызды мәселе болып табылады.

Сәйкесінше, мемлекет дін ұстанушылар мен діни бірлестіктердің қоғамға қызметі мен адамдар игілігі үшін атқарылатын әлеуметтік жұмыстарына қолдау көрсетіп отырады. Ал әлеуметтік мәселелерді шешуде, жекелей алғанда, маскүнемдікпен және нашақорлықпен күрес, қылмыстың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын нығайту және қоғамда рухани-өнегелік ахуал қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Мемлекет діни бірлестіктерге мәдени және тарихи құндылықтарға ие культтік ғимараттар мен ғибадат үйлерін жөндеу мен қайта жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Өз кезегінде, діни бірлестіктер аз қамтылған, науқас, мүгедек жандарға, зейнеткерлерге және балалар үйлеріне арнап, қайырымдылық шараларын өткізеді.

Қазақстан Президенті мемлекет Конституцияны, заңнамаларды сақтау мен ел бірлігін нығайтуға қатысты мәселелерде ешқандай бөлінушіліктерге жол бермейтіндігін ерекше атап өтеді. Сол себепті, мемлекет еліміздегі барлық конфессиялардың қызмет етуі үшін қажетті құқықтық кеңістікті дамыта отырып, өзі де мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастарда заңдық тұрғыдан бекітілген нормаларды қатаң сақтайды.

Алдағы жылдарда да дін саласындағы мемлекеттік органның қызметі қоғамдық санада мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының жасампаз міндеттерін жүзеге асыруға тұрғындардың кейбір топтарының қатыспай қалуын болдырмау үшін қоғамдық және діни мүдделер арасындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ, радикалды діни идеологияларды жою бағытында шоғырланатын болады. Бұл міндеттерді қоғамда жүзеге асыруда екі онжылдықтан бері Отанымыздың сенімді тірегі ретінде қызмет атқарып келе жатқан келесідей негізгі идеялар басшылыққа алынатын болады:
- бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз;
- Қазақстан – толерантты қоғамды зайырлы мемлекет;
- отансүйгіштік, ұлттық дәстүр және мәдениет – ұлттың рухани негізі.

Рухани-діни құндылықтар қоғамда толеранттылық пен түрлі конфессия өкілдері арасында өзара сыйластықты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму мақсаттарының негізін қалыптастыруы тиіс.

Марат ӘЗІЛХАНОВ,
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің төрағасы.

www.din.gov.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 442 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz