Суббота, 03.12.2016, 00:45
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Май » 7 » Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадқа қатысты
Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадқа қатысты
16:59

 Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушыларды және барша қазақстандықтарды патриотизм, ерлік, жауынгерлік даңқ мерекесімен құттықтады.
– Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз кәсіби армия қалыптастырды, ел мүддесіне толық сай келетін әскери доктрина қабылдады. Біздің қасиетті топырағымыз әуеде де, жерде де және суда да қорғаныс аясында. Біз барлық көршілес елдермен достық қарым-қатынастамыз. Қазіргі уақытта армия әрдайым сақадай сай болуға тиіс. Бұл – әскери қызметшілер алдына мемлекет қойып отырған міндет, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша еліміз қарышты дамып келе жатқанын атап өтті.    
– Біздің тұрақты экономикамыз, біртұтас қоғамымыз, дайындықтан өткен қуатты армиямыз бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс және жасампаз болашақ қалыптастыру рухына адалмыз. Бұл – елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көруді армандайтын барша қазақстандықтардың мақсаты. Бүкіл өңірлеріміз, қалаларымыз, аудандарымыз бен ауылдарымыз бір қарқынмен дамып келеді. Біздің басты байлығымыз – татулық пен келісім. Елдің әрбір азаматының борышы – халқымыздың бірлігін сақтап, оны қорғау, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әскери қызметшілер үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын айтты.    
– Армия заманауи қару-жарақпен жабдықталуда, жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады, сарбаздар мен офицерлерді әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етіп келеміз. Барлық жерде әскери қалашықтар абаттандырылып, жаңа баспана, спорт кешендері салынып жатыр. Бұл – елдің армиямызға деген қамқорлығы. Қазақстанның Қарулы Күштері, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бәрі алдарына қойылған міндеттерін лайықты орындауда, – деді Мемлекет басшысы.
 Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын кеңінен атап өтетінін еске салды.
– Әрбір ардагерге көңіл бөліп, қолдау көрсету керек. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен ерлер рухын біз әрдайым қастер тұтамыз. Біз ХХІ ғасырда бейбітшілікке бағытталған жаһандық ауқымдағы бастамалар көтеріп, жүзеге асырудамыз. Қазақстан – ядролық қаруға қарсы жалпыға ортақ дүниежүзілік қозғалыстың локомотиві, бұны бүкіл әлем жоғары бағалап отыр, – деді Қазақстан Президенті.  
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сөзін Отан қорғаушыларға арнады.
– Өз қастерлі борыштарыңызды абыроймен атқарыңыздар. Сіздердің басты міндеттеріңіз – туған жердің тыныштығын күзету, тәуелсіздігімізді аянбай қорғау. Сіздер қазақстандықтардың барлық буыны үшін ар-намыстың, жауапкершіліктің, патриотизмнің үлгісі болуға тиіссіздер. Бүгінгі парад – армиямыздың қуатын, биік жауынгерлік рухын және дайындығын көрсетудің тағы бір мүмкіндігі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
***
«Қазақ елі» монументі жанында өткен шараға қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің парадтық есеп топтары, сондай-ақ әскери техника мен авиация қатысты.
Әскери парадта салтанатты маршпен 2500-ден астам әскери қызметшілердің жаяу легі шеру тартып өтті. Механикаландырылған лекке 200-ден аса әскери техника тартылған. Әуедегі шеру сапының жалпы құрамында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация топтары болды. Алаң үстінен қазақстандық әскери әуе күштерінің 70-тен астам авиациялық техникасы ұшып өтті.
Шеруге қатысу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарынан әскери қызметшілер тартылды. Парадқа қатыстырылған әскери техниканың бір бөлігі отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарынан шығарылған немесе қайта жаңғыртылып, жетілдіруден өткен.

akorda.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 205 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz