Четверг, 08.12.2016, 13:02
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Октябрь » 4 » Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
09:59

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.  
Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.
Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.
Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.
Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!

akorda.kz
 

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 203 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz