Среда, 18.10.2017, 19:51
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Ноябрь » 3 » Мирас Көкебаев,Шығыс Қазақстан облысы «Зырян аудандық мешітінің» бас имамы: Білімге құштарлық
Мирас Көкебаев,Шығыс Қазақстан облысы «Зырян аудандық мешітінің» бас имамы: Білімге құштарлық
22:55

Білім адамзат баласына ауадай қажет екендігі белгілі. Әрбір ұлт жетістікке тек білім арқылы жетеді.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтың ұлы ойшылы Шоқан Уәлиханов айтып өткен.
Ұлтымыздың кемеңгер көсемдері білім туралы терең толғанып өткен.
Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай атамыз:
Бір Аллаға сыйынып!
Кел балалар оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
десе, қазақтың данасы Абай атамыз:
Болмасаң да ұқсап бақ.
Бір ғалымды көрсеңіз!
Сізге ғылым кім берер?
Жанбай жатып сөнсеңіз-деп ғылым мен білімнің пайдасы туралы өрнекті өсиет қалдырған.
Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақшылдық...», - дейді.
Білімге құштарлық туралы исламда тамаша тағылымдар бар.
Құран Кәрімнің алғашқы аяты да «Оқы, Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың сенің ардақты! Ол қаламмен үйреткен» (Алақ сүресі) делінген.
Тағы да:
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Ғылым әрбір ер мен әйелге парыз Ғылым мұсылманның жоғалтқан дүниесі. Оны қай жерде тапса алады Ең абзал садақа – мұсылманның ғылым үйреніп, сосын оны мұсылман бауырына үйрету, Кімде кім ғылым жолына түссе Алла оның жұмаққа барар жолын жеңілдетеді» деген.
Яғни білім үйренген адамға Ұлы Жаратушының шексіз мейрімімен рахметі болатындығын айтқан. Сонымен қатар исламда білімді үйрткен адамға да зор сауап берілетіндігін айтылған және ұстазға құрмет туралы да хадистер бар
Деректерде Бәдір соғысы кезінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланы салауаты мен сәлемі болсын) қарсылас жақтан тұтқынға түскендердің оқу-жазу білетіндеріне, мәдиналық он мұсылманның сауатын ашқан жағдайда босату шартын қойғаны ислам тарихында жазылған. Ұстазға құрмет жайлы Құранда: «Алла сендерден сондай иман келтіргендердің және ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді» делінген.
Ислам тағылымдарында «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген.
Сапалы білім игеру ұлтымыздың болашағының кепілі болумен қатар, мәңгілік ел болудағы ең басты қадамдардың бірі болмақ.

 

Мирас Көкебаев
Шығыс Қазақстан облысы
«Зырян аудандық мешітінің» бас имамы

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 174 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [270]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz