Суббота, 03.12.2016, 00:48
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июль » 9 » Облыс әкімі ауызашар берді
Облыс әкімі ауызашар берді
03:25

"Дастархандарыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Ізгі кісілер астарыңыздан жеп, періштелер сіздерге дұға етсін." (Хадис)

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев жылда қасиетті Рамазан айында мұсылман жамағаты үшін ауызашар беруді жақсы үрдіске айналдырып келеді. Облыстық орталық мешіттің жеті жүз кісілік асханасында қасиетті жұма күні облыс әкімінің ақ дастарханы кезекті рет жайылып, жамағатқа ауызашар берілді.
Әкімнің ауызашарына облыс орталығындағы ауызы дуалы, сөзі уәлі қариялар, зиялы қауым өкілдері, ел тізгінін ұстап жүрген білікті азаматтар, әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалаған жандар, барлық аудан бас имамдары, ауыл молдалары және дінге бет қойған қарапайым халықпен жас буын өкілдері арнайы шақырылып, кең де мол дастархан басында бас қосты. Дастархан басына жиналған жамағатты облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, әр шаңыраққа амандық-саулық тіледі. Жалындаған жастарымыздың бойынан Отан анаға, қасиетті атамекенге, қастерлі туған елге, өскен ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерді оятатын лебізін жеткізді. Ауызашар барысында жамағаттар арасында бас имамның ұйытқы болуымен діни сұрақтар төңірегінде викториналық ойын ұйымдастырылды. Жеңімпазға облыс әкімінің атынан «Ноутбук» сыйға тартылды. Ал көпшіліктің алдына шығып Құран оқыған бес жасар балаға бас имам Нұрлан қажы Байжігітұлы батасын беріп, мешіт атынан ұялы телефон сыйға тартты.
Кеш соңында облыстық орталық мешіттің бас имамы Асанов Нұрлан қажы Байжігітұлы жамағат атынан облыс әкіміне рахмет айта отырып, Бердібек Мәшбекұлының мұрындық болуымен ораза басталғалы көпшілік жамағатқа күн құрғатпай кезекпен ауызашар берген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Беделбайұлы Көшербаевқа, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әбіл Бекетұлы Донбаевқа, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төлеуғалиұлы Төленбергеновке, ШҚО бойынша салық департаментінің басшысы Бауыржан Қазбекұлы Айнабековке және «Бір мұсылман» деген атпен тіркелген бауырымызға ел игілігі үшін атқарып жатқан істеріне Алла тағаланың ризашылығын тіледі.

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 243 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz