Понедельник, 05.12.2016, 13:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Республикалық «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы» конференция болып өтті
Республикалық «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы» конференция болып өтті
02:05

Маусым айының 18-і күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Дін істері агенттігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
 Конференцияның мақсаты – дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара қатынас, діни радикализмге қарсы тұрудағы ықпалын талдау.
Конференция жұмысына ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет, Орыс Православиелік шіркеуінің Қазақстан Республикасындағы митрополиттік округінің іс-басқарушысы Владыка Геннадий Каскеленский, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім, Египет Араб Республикасының Аль-Азһар университетінің профессоры, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы, теология ғылымдарының докторы, Мухаммад Махфуз және елімізбен өңіріміздің бірқатар танымал ғалымдары қатысып, «Дін мен дәстүр радикализмге қарсы», деген негізгі бағытта сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Конференцияны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар құттықтау сөзімен ашып, алыстан-жақыннан келген меймандардың ынтымақтастық қадамдарына сәттілік тіледі.
Алғашқы болып сөз алған ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов конференцияның маңызы мен мақсаты төңірегінде баяндама жасады.
Келесі кезекте мінберге көтерілген еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазрет «Ислам және жергілікті халық дәстүрі мен мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады. «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның», – деп бастаған Ержан қажы Малғажыұлы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, бүгінгі таңдағы діннің қоғамда алатын орны мен атқаратын рөліне кеңінен тоқталып өтіп, бүгінгі ұйымдастырылып отырған коференция жұмысына оң бағасын берді.
Одан кейін сөз алған конференция қонақтары көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін тілге тиек ете отырып, алдағы уақытта да мұндай басқосулар жиі болып тұрса деген ниет білдірісті.  

ҚМДБ-ның Өскемен өңірі
бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 227 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz